7


  • Учителю
  • Психологиялық ойындар Доппен ойнайтын ойындар «Алма»

Психологиялық ойындар Доппен ойнайтын ойындар «Алма»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Психологиялық ойындар

Доппен ойнайтын ойындар

«Алма»

Ойын 3,5-4 жастағы балаларға арналады. 3 жастағы балаларға бұл ойын әлі түсінікті емес, ал 4-5 жасар балалар доптың орналасқан жерін құпия ретінде сақтап , өздерінің кезектерін күтугешамалары бар. Ересек отырып, балаларға да солай отыруын сұрайды. Барлығы жерде немесе орындықта шеңбер құрып отырады. Ойын жүргізуші алақандарымен көзін жауып, басын тізесіне салады. Доп - алманы қолдан - қолға алдарынан, ал 6 жасар балалар артарынан әндетіп береді:

Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол ойынаң шығады!

Осы сәтте доп біреуінің алақанына келіп тоқтайды. Барлығы қолдарын артына тығады. Доп кімнің қолында екенін балалар әндетіп ойын жүргізушісінен сұрайды: Тұр да қара,

Алманы ойынға қайтар

Ойын жүргізуші шеңбер ішінде жүріп, кез келген балаға қолын көрсетуге сұрайды. Ол екі қолын да көрсетеді. Қолында алма бар бала ойын жүргізуші болады. Егер ойын жүргізуші рөлін кішкене бала атқарса, оған допты табу сәттері шектелмейді, ал 6 жасар бала допты 3 реттен табуға тиіс, ал таба алмаса, онда тағы ойын жүргізуші ролін атқарады.





« Допты тордан лақтырады»

6 жастағы балаға допты іліп қойған тордан бір- біріне лақтыруға болатынын көрсетеді. Егер ілінген тор биік болса, бала өзі тордың бір жағынан допты лақтырып, келесі жағынан ұстауға барады. Ұстап алған доп үшін ұпай санауға болады. Балалар арасында осылай сайыс та өткізуге болады. Бұл ойынды жаттықтырғасын, балаларға келесі тәсілдерді де үйретугеболады: мысалы біреуі рәзенкеге допты қолымен не ракеткамен лақтырса, келесі ұстап алады. Сосын оларды рөлдерімен ауыстыруға болады.





































«Көпір»



Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып,қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

Ойын ережесі: Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын сонында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады. Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылыры көпірдің астынан кезектесіп өтілуі тиіс.























«Шырмауық»

Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.

Ойын ережесі:

Ойын басқарушы: Аш қасқырмын, ап,деп айналдыру бағытын өзгертеді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал