7


  • Учителю
  • Ұшық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы Менің отбасым

Ұшық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы Менің отбасым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы:Таным

Білім беру аймағы: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру,дыбыстарды анық,таза жеткізе білуге дағдыландыру.Үлкендерді сыйлап кішіге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілік:Отбасы мүшелерінің суреттері.Шаттық шеңбері:

Бала,бала,балақан

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай,былай ойнат.





Балалар өлеңді қайталап,қимыл-қозғалыспен жасайды.





-Балалар отбасы- дегеніміз не?

-Балалар отбасы- дегеніміз бір үйде тұратын адамдарды отбасы дейміз.

-Балалар сендердің үйлеріңде кімдер тұрады?

-Дұрыс айтасыңдар балалар отбасы мүшелері дегеніміз атасы,әжесі,әкесі,анасы,ағасы,тәтесі,інісі.

Отбасының болуы үлкен бақыт.

-Балалар бәріміз бірге айтайықшы!

Отбасы-ол бақыт,

Отбасы-ол ата-ана,

Отбасы-туыстарымыз,

Отбасы-ол шаңырақ.

-Балалар әр адамның өз үйі болады.Онда оның отбасы мүшелері тұрады.

Балалар мына суретке қараңдаршы?

-Мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?



Балалар сендердің де ата-әжелерің бар ма?

-Балалар отбасы мүшелерін сыйлау керек.

-Үлкендерден бұрын сөйлемеуіміз керек.

-Үлкендерге жол беруіміз керек.

-Кішіге қамқор болуымыз керек. Сергіту сәті:

Бас бармағым атам

Балан үйрек әжем

Ортан түйрек әкем

Шылдыр шүмек анам

Кішкентай бөбек мына мен.









Балалар жауап береді.



























Атасы,әжесі,әкесі,анасы,

Ағасы,тәтесі,інісі,сіңлісі.

-Иә



Дидактикалық ойын: «Аттарын ата»

Мақсаты:балалардың ой-өрісін қалыптастыру,сөздік қорын молайту.

Жарайсыңдар балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлықтарың жақсы қатыстыңдар.

Балалар ойынға қызығушылықпен қарайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп,бір-біріне қамқор болу керек екендігін.

Игереді: Отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерін.

Меңгереді: Отбасындағы адамгершілік,әдептілік нормаларын сақтауды біледі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал