7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Қазақстанда өсетін өсімдіктер

Ашық сабақ Қазақстанда өсетін өсімдіктер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

«Ертөре» ересектер тобы

Білімдік сала: «Таным»

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Қазақстанда өсетін өсімдіктер.

Мақсаты: Өсімдіктердің әр алуан жерде (дала, шалғын,орман, тау, бау-бақша т.б) өсетіні туралы түсінік қалыптастыру; Қазақстанда өсетін өсімдік- тердің кейбір түрімен таныстыру. Аймақтық табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдік әлеміне ұқыпты қарауға тәрбиелеу; өсімдіктерсіз тіршілік атаулы өмір сүре алмайтыны туралы ұғым беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: өсімдіктердің әртүрлі жерде өсіп тұрғанын бейнелейтін табиғат көрінісі, жантақ, сексеуіл, селеу, жусан, бетеге өсімдіктерінің суреті.

Сөздік жұмыс: жантақ, боз, жусан, бетеге.

Билингвалдық компоненттер: жантақ - верблюжья колючка, боз - ковыль, жусан - полынь, бетеге - типчак.Мотивациялық - қозғаушылық



















«Өсімдікті жина»ойыны.

Шалғын бейнеленген үлкен сурет ( шөп, өсімдіктері жоқ)

және бөліктерге бөлінген өсімдік мүшелері (тамыры, жапырағы, гүлі, жемісі).

Педагог:

- Балалар, мына шалғында бір кездерде түрлі өсімдіктер мен гүлдер өсіп тұратын. Бірде қатты дауыл тұрды. Дауылдан кейін шалғында түк қалған жоқ (көк аспан астындағы сары қоңыр жерді көрсетеді). Сендерге бұл жер ұнай ма?

Бұл жерді шалғын деп айтуға бола ма? Оны қалай әдемі көрсетуімізге болады?

- Дұрыс айтасыңдар. Шалғынға жан бітірейік. Гүлдер өсірейік, бұл жерге көбелектер, аралар, түрлі жәндіктер ұшып келетін болады.

Балаларға бөліктерге бөлінген түрлі өсімдіктер жинағы ұсынылады.

Сондай -ақ қажетсіз заттар бөліктері де берілді.

Жұмыс соңында шалғынның әдемі көрінісі пайда болады. Оған түрлі жәндіктерді де орналастырады.

- Егер өсімдіктер болмаса, бұл жерге жәндіктер ұшып келер ме еді?

- Өсімдіктер тағы кімдерге және нелерге қажет?



Балалар ойынға кіріседі.











- Жер беті өсімдікте болмаса, әдемі көрінбейді. Шалғын деп атау үшін, ол жерде түрлі өсімдіктер, гүлдер өсуі тиіс.Бұл жер әдемі болу үшін өсімдіктер өсіруіміз керек.











Балалар өздеріне қажетті бөліктерді таңдап алып, өсімдікті құрастырып, атауын айтып, шалғынға орналастырады.



















- Жәндіктер өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды?



- Өсімдіктер адамдарға да, жан - жануарларға да қажет.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.















Қазақстан өсімдіктерінің алуан түрлілігін көрсететін суреттер көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі.

Билингвалдық компоненттер: жантақ - верблюжья колючка, боз - ковыль, жусан - полынь, бетеге - типчак.

- Балалар, біз осы алуан түрлі өсімдіктердің тек кейбір жиі кездесетін түрімен танысамыз. Педагог өсімдіктер суреттерін көрсете отырып, түсіндіреді.

Жантақ. Қазақстанның шөл далаларында өседі. Оның биіктігі - 30 - 100 см. Тамырының ұзындығы 10 м-ге дейін жетеді. Сабағы тікенді болады. Мамыр, маусым айында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жантақ - дәрілік өсімдік. Оны түйе сүйсініп жейді.

Сексеуіл - ағаш тұқымдас өсімдік. Біздің жерімізде ақ және қара сексеуіл өседі. Ол құмдауыт жерде өседі. Оның тамыры 10 - 11 м тереңдікке дейін жетеді. Ол суды өте тереңнен тартады.

Оның жас бұтақтарын түйе жақсы көреді. Ұсақ малдар оның жердегі сынық бұтақтары мен қураған жапырақтарын жейді.Сексеуіл жақсы жанады, қызуы жоғары.Сондықтан оны отын ретінде кесушілер көбейіп кетті. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшіп, аңдары басқа жаққа ауып кетті. Сондықтан ол Қызыл кітапқа енгізілген.

Селеу - көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе оңтүстік аймақта жиі кездеседі. Мамыр, маусым айында гүлдейді. Ол құнарлы мал азығы ретінде пайдаланылады. Биіктігі -

30-40см. Тамыры шашақталып өседі.

Жусан - құнарлы мал азығы. Бір, екі жыл тіршілік етеді. Мысыр - елін билеген Бейбарыс сұлтан сан жылдар бойы жусан иісін аңсағаны белгілі. Ол - дәрілік өсімдік. Ата - бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген.

Бетеге - далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерінде өседі. Сабағында жапырағы сирек орналасқан. Қазақстанда оның 20 түрі бар. Мал үшін құнды азық. Биіктігі 30-60см. Жапырақтары жіңішке болады. Оны жылқы, қой, ешкі сүйсініп жейді. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді.

Балалар әңгіме барысында

Қазақстан жерінде өсімдіктердің түрі өте көп өсетінін түсінеді.









Балалар әңгімеге кіріседі.

Рефлексиялық-

түзетушілік.

- Бүгін, балалар, біз өз жерімізде өсетін өсімдіктермен таныстық. Енді сендер осы өсімдіктерді көретін болсаңдар, ол туралы айтатын боласыңдар және олармен амандасып, қамқорлықтарыңа алып жүретін боласыңдар.





Өздеріңе таныс өсімдіктерді атайды, естеріне түсіреді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: өсімдік әлеміне ұқыпты қарауды;

түсінеді: әр аймақтың ерекшелігіне қарай өзіне тән өсімдіктері

болатынын; өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын;

қолданады: Қазақстанда өсетін өсімдіктердің кейбір түрлері, оның атауы; қайда өсетіні, ерекшеліктері туралы білімді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал