7


  • Учителю
  • Алтын күз “Балбөбек” шағын орталығы

Алтын күз “Балбөбек” шағын орталығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші:

Шартараптың бәрі алтын.

Алып келді мереке,

Астық,жеміс береке.

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша

Ән салды өзен, тал- құрақ,

Шашу болды жапырақ.

Қайырлы күн! Армысыздар құрметті қонақтар мен балалар.Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді.

Көңіл күйді көтеріп тамашалайық

Жүргізуші: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы

жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

Жүргізуші: Балалар күз мезгілінің айларын атап беріңдерші?

-Қыркүйек,қазан, қараша.

Қәнеки балалар енді үлкен қошеметпен алтын күз мезгілінің айыларын ортаға шақырайык.

Қыркүйек

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады Алтын күз

Сайраңдап күліп ойнап

Келіп кетті қыркүйек

Қазан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады

Заңғар көкке қол созып

Құстар ұшып барады

Қараша

Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды

Жүргізуші:Балалар,адамдар күзде қандай киімдер киеді?

Балалар: Күзгі жылы киімдерін киеді.

Жүргізуші: Ұнатам күзді мен!-дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз.Ендеше қошеметпен қол соғып «Күз» ханшайымын ортаға шақырайық.

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Ортаға «Күз» ханшайымы келеді.

«Күз» ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым,сендерге көп рахмет.

Балалар , мен сендерге көкөністерімді,жемістерімді ала келдім.Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндерінді тексереміз.көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністерді қолдарымен ұстап,дәмін татып анықтауларың қажет.



«Күз» ханшайымы: Жарайсыңдар балалар,өте дәм сезгіш екенсіндер.

Жүргізуші:Құрметті «Күз» ханшайымы,балалар және қонақтар келесі кезекте қызымыздың сіздерге арнаған «шығыс» биін тамашалаңыз.

«Күз» ханшайым ендігі кезекте көрекмендерді сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі көрермен ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс,жемісі дәмді ме екен?

Балалар : Иә,өте дәмді.

Жүргізуші : Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі,жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал бізге кім жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтып береді.Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық

Сабіз. Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Өрік : Мен өрікпін, өрікпен,

Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма.

Шие: Мен Шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін

Алмұрт: Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргенде тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.

«Күз» ханшайымы: Ал,балалар менің алтын жапырақтарымдың жұмбақтарын шешік.

1.Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан

(сәбіз)

2.Ұзын мұртты сарылар

Қойнында дәні бар

(бидай)

3.Бақшадан келген ала доп

(қарбыз)

4.Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады(пияз)

«Күз» ханшайымы: Балалар,ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, жұмбақты

да шештілерін ,мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.

Күз , балаларға алма таратады.«Күз» ханшайымы: жаттаған әсем тақпақтарыңды, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім.Рахмет сендерге, келесі кездескенше.

Жүргізуші:Балалар,барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп,шығарып шығарып салайық.

Балалар:Рахмет сізге «Күз» ханшайымы, сау болыңыз!

«Күз» ханшайымы: Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші : Осы мен Алтын күз атты мерекеміз өз мәресіне жетті,келіп қатықандарыңызға үлкен рахмет.Келесі күзде кездескенше сау болыңдар.

Солтүстік Қазақстан обылысы

Ақжар ауданы

Бестерек орта мектебі

«Балбөбек» шағын орталығы

















Алтын күз “Балбөбек” шағын орталығы





Өткізген: Тәрбиешілер

2016 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал