- Учителю
- Бала тәрбиесі маңызды міндет.
Бала тәрбиесі маңызды міндет.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Круглоозерный ЖОББМ
Қадыргожина Айгул Жетпискалиевна
</<font face="Times New Roman, serif">Мектепалды даярлық тәрбиешісі І санатты
Телефон: 8705 -590-28-02
Бала тәрбиесі маңызды міндет.
Тәрбие берудің негізгі мәйегі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен сүйіспеншілігіненажырапқалмауүшіноныңайтқандарынорындауғатырысады. Өзіжақсыкөргенкісігееліктегішкеледі. Ендеше, сүйіспеншілік - бала тәрбиесіндегінегізгіқағида.
Сауатты, жақсы ата - ана болуға тырысып жүрген, тәрбиенің
үйлесімділік стилін қалаушы ата - аналар үшін бала тәрбиесі маңызды
екені рас.
Баламен өткізген уақыттың санына емес, сапасына көңіл аударыңыз.
Қазіргі өмір бәрімізді уақытымызды еріксіз әңгімелесу, балалармен
байланысудан үнемдеуге үйретті, сондықтан баланың іле - шала
қызықты айтып жатқан әңгімесін тыңдай отыра, біз өзіміздің
проблемамызды ойлап, терең ойға шомылып отырамыз. Қарым - қатынас
жасай алмайтын ата - аналардың балалары өздерін жаман ұстайтындығы
және адасқандай сезімде болатындығы ғылыми түрде дәлелденген. Аз
сөйлеп, көп істеңіз.
Статистика бекіткен: бір күнде баламызға 2000 (!) жуық ақыл - кеңес
пен ескертулер береді екенбіз! Сондықтан, балаларымыздың
«естімейтіндігі» де ғажап емес.
Егер сіздің өтінішіңізге қарамастан балаңыз шұлығын теріс аударған
күйі лақтыра салса, бір күні сіз де сол қалпында жуып бере салыңыз.
Өзі оны жуып, кептірудің өзі мүмкін емес екендігін сезінсін. Іспен
көрсеткен сөзден гөрі дәлірек болады. Балаларға олардың күшті
екендігін жариялы түрде сезіндіре біліңіз; әйтпесе олар өздері
астыртын тәсілдерін тауып алады;
Ол үшін балалармен үнемі кеңесу керек, оларға таңдау, сатып алу,
ақша санау, қиын емес тағамдарды дайындау құқығын беру керек; Екі
жастағы балаға пластикалық ыдысты жууға, жемістер мен асханалық
қасықтарды сөрелерге жинастыруға әдбен болады. Әрине, сіз мұны
тезірек істейсіз. Бірақ, бар мәселеде осында ма? Егер балалардың
көмегінсіз істі тындырсаңыз, сіз олардың қажеттілік пен күштілік
сезімдерін жоясыз. Сіздің сөздеріңіз бен істеріңіз неге әкеліп
соғатынын ұмытпаңыз. Өзіңізден сұрап отырыңыз:- Мен кіріспесем не
болар еді? Егер қажет болмаған жағдайда біз кірісіп кетсек,
балаларды өзінің әрекетінің салдарын көру мен қателіктері негізінде
үйренуден шеттетеміз. Сөйтіп өмірді ұрысып ақыл үйретумен және
қорқытумен айырбастаймыз. Егер балаңыз өзімен бірге таңғы асын
алуды ұмытып кетсе, оны күнделікті сөмкесіне салып отыруды қойыңыз.
Оған оны ұмыттырып, қарны ашқан кезде таңертеңгі асын өзі салып
отыруға үйретіңіз. Сіздің барлық ережелеріңіз бен талаптарыңыз
қисынды және балаға түсінікті болу керек.Егер балаңыз сізді
айқайлаумен, ренжумен, ашушаңдықпен тексерсе немесе сізбен дұрыс
сөйлеспесе, кетіп қалып, көрші бөлмеде тосатыныңызды айтқаныңыз
абзал. Егер сіз ренжіп, ашулансаңыз - жеңілгендігіңіз. Кінә мен
кіналыны бір жерге тоғыстырмаңыз. Бала бір жаман нәрсе істесе, ол
жамандығы емес, ол не істесе де оны жақсы көретінін сезіну керек.
Өзіңіздің талаптарыңыздың дұрыстығына күмәндансаңыз, Бұдан балаңыз
өзіне - өзі сенімдірек бола ма?» деген өзіңізге тура сұрақ қойыңыз.
Бір мезгілде мейірімді және қатал да бола біліңіз. Мысалы, сыз
қызыңызға бес минутта киіну қажеттілігін айттыңыз, әйтпесе машинаға
түнгі көйлегімен отырғызатындығын ескертесіз. Белгіленген уақыт
өткен соң оны машинаға ақырын апарып отырғызуға әбден құқыңыз бар.
Тіпті сендірейін: келесі жолы таңертең киіндіру проблемасы
болмайды. Бірақ бұл кезде сіз әділетті және мейірімді бола білуіңіз
керек. Мәңгілік туралы және сөзіңіздің қазір ғана емес, балаларыңыз
өз баласын тәрбиелеген кезде қайта айналып келетінін ұмытпаңыз. Осы
тұрғыда қиын және ауыр проблемаларға кезек беріп, проблемаларды тез
және қарапайым шешуден бас тартамыз. Егер біз баланы ұра алатын
болсақ, онда бір минут ішінде проблеманы шешуге тырысып, басқа
адамнан бір нәрсені талап ету кезіндегі агрессивті әрекеттерге
үйретеміз. Бірізді болыңыз.
Егер дүкеннен кәмпиттер алмаймын десеңіз, еркелігіне, қорқытуына,
көз жасына қарамастан, балаға қанша жаныңыз ашып, аяушылық
танытсаңыз да, сөзіңізде тұрыңыз. Бала сіздің өз сөзіңізде тұра
алатыныңызды көріп, тіпті де сыйлайтын болады. Кез - келген адамның
қызметін бағалауда әдетте кейбір идеал бен нормалар негіз
болады.Әрбір адамға осы маңызды істе шеберлік пен кәсіпкерліктің
құпияларын қалайша үйрену керектігі жолында жақсы күйеу мен әйел
болуды үйренген сияқты жақсы ата - ана болып үйренуі қажет.
Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың Сізбен қарым -
қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым - қатынасын
үзесіз деген сөз!
Сіздің ата - аналық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!