7


  • Учителю
  • Елім менің - Қазақстанашық сабақ

Елім менің - Қазақстанашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүюге, көрікті жерлерді тануға , әсемділікті сезіне білуге баулу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін нышандары жайында толық мәлімет беру.

Қане, балалар , шеңберге тұрайық, бір-бірмізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.

-Күніміз шуақты болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

-Елімізде тыныштық болсын!

-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қазақстанның елордасы қай қала?

-Астана

-Елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

-Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.

-Дұрыс, балалар. Мынау Қазақстанның Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды-көк, ортасында күннің шуағы.. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені.

Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Елтаңбаның ортақ элементі - шаңырақ. Қанатты тұлпардың бейнесі. Үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекетіміздің де өз жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан » деген жазу бар.

Ендеше кім рәміздер туралы тақпақ айтады.

Дастан: Рәміздеріміз - елдігімнің белгісі

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Берекет: Әнұраным- жан ұраным

Айтар әнім- сөйлер сөзім

Хор : Әнұран.

Сергіту сәті: Көк жалау желбіре

Асқақтап аспанда

Жас ұлан, ел бірге

Сап түзе жасқанба

Балалар , естеріңізде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін , мемлекеттік тілімізді құрметтеп , өз еліңді, жеріңді қорғап, халқыңа адал еңбек ету керек.Сонда ғана адал азамат , азаматша болып өсіп жетілесіңдер. Қазақстан әрі қарай бұданда жақсы көркеюі үшін сендер мына салынған картаға өз тілектеріңді тілеп , мына жүрекшелерді жапсырамыз.

Қорытынды: Еліміз жайында толық мағлұматтар алды. Еліміздің Рәміздерін құрметтеу керек екенін түсінді. Еліміздің рәміздерін тани білді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал