7


Ашық сабақ Үй құстары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ Үй құстары









«Жұлдыз-ай » Тамды бөбекжай-

балабақшасының әдіскері







Ашық сабақ.

Қатынас. Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру.

  • Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау.

  • Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

  • Есте сақтау қабілетін дамыту және өз ойларын еркін жеткізуге баулу.

Көрнекіліктер: Үй құстардың суреттері, тақпақтар, жұмбақтар,ойындар, үн таспа.

Әділ-тәсіл: көрсету, сұрақ- жауап, әңгімелеу, тосын жағдай.

Өткізілу формасы: жеке, топтық, ұжымдық.

  1. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

Шаттық шеңбері:

Терезені ашайық,

Таза ауаны жұтайық.

Тез- тез отырып,

Орнымызды табайық.

Ұйымдастыру -іздестіру.

Тәрбиеші: Біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»

Балалар үй құстарының түрлерін атап кетейік: Әтеш, балапан, қаз, күрке тауық, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).

- Балалар, кімнің үйінде құс асырайды?

Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Жем береді, ыдысқа су құйып береді,балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

Үй құстары қайда тіршілік етеді екен балалар? (Үйде)

Жұмбақ:

1. Алшаң - алшаң басады, бірін-бірі көрсе қаңқылдасады. (Қаз)

2. Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. (Әтеш)

Ал енді кім маған үй құстары туралы тақпақтар айтып береді?

Бақытжан:

Қазым, қазым қаңқылда

Суда жүзіп саңқылда.

Арпа, бидай шашайын,

Тойып алып қаңқылда.

Ақерқе:

Мен әтешпін, әтешпін,

Жалқаулармен аразбын.

Таңды бұрын қарсы алып,

Елді оятып жар салып.

С.Адина:

Шұбар тауық, ақ тауық,

Бола корме қақсауық.

Жерден азық тап,

Шөжелерді бақ.

Дана:

Сенің атың балапан,

Менің атым балақан.

Балапандар шоқуда,

Балақандар оқуда.

Тәрбиеші: Ой балалар, қандай жақсы тақпақ айттыңдар. Осы құстарды неге үй құстары дейміз? (Үй құстары - үйде өседі, аулада жайылып, адамдардың қарамағында болады.)

Балалар, бәрің жақсы тақпақ айттыңдар, енді бойымызды бір жазып алайықшы.

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қаз болып біз ұшайық.

Ұшып - ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Жақсы балалар сендер үй құстары жайлы білдіңдер.

Осы кезде есік қағып топқа «Әтеш» кіреді.

Әтеш: Саламатсыңдар балалар. Барлығын осында жиналып қалыпсындарғо. Менде бос келген жоқпын, өзіммен бірге сый қоржыныммен келдім.

Д.о: «Ұшты- ұшты».

Егер ұй құстары аталса, сендер қимылдарын көрсетіп билейсіңдер.

Мысалы: Ку-ка-ре-ку- әтеш,

Цып-цып- балапан,

Қыт-қыт-тауық, (қытқылдайды)

Қарқ-қарқ-қаз. (қаңқылдайды)

Бақ- бақ -үйрек. (барқылдайды)

Ой балалар сендер бәрін ойынды жақсы ойнадындар. Жарайсыңдар. Менің сендерге сыйлықтарым бар. Ол сыйлықты мен сендердің апайларына беріп кетем. Менде енді үйіме қайтайын. Сау болындар балалар.

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді қонаққа.

Қандай ойын ойнадық?

Үй құстарын атап өтейік?

Үй құстарының қандай пайдасы бар?

Қандай қамқор көрсетеміз?

Балалар бәрін бүгін жақсы қатыстындар. Бәріне рахмет.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал