7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары, Сауат ашу және жазу. Ж ж дыбысы мен әрпі. Даярлық тобы

Сабақ жоспары, Сауат ашу және жазу. Ж ж дыбысы мен әрпі. Даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сауат ашу және жазу



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу, т.б.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:



I. Ұйымдастыру кезеңі./Шаттық шеңбері/

  • Балалар, бүгін ауа райы қандай?

  • Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

  • Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?

  • Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік?

  • Көңіл күйіміз қалай?

  • Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық.

  • Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Қандай болып екіге бөлінеді?

  • Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін, оларды айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріңдер.

  • Ал, бүгін оқу іс-әрекетін «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Текшелерін көтеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

</ II. Негізгі бөлім.

«Алма жинау» дидактикалық ойыны./Алма ағашының макетімен жұмыс/

  • Мына алма ағашында алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерді буынға бөлу.

Сергіту сәті:

Бала,бала,балақан,

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай,былай ойнат.

Топ-топ,топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса,жаса, Жарқын күн,

Жаса,жаса, Алтын күн!



Тіл ұстарту жаттығуы: Жа- жа-жа Менің атым - Қожа.

Дәптермен жұмыс.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ж дыбысының орнына

қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.





Жұмбақ: «Кім тапқыр?»

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)

  1. Ж. Смақовтың «Жау, жау, жаңбыр» деген өлеңін оқу,түсіндіру. Өлеңнен ж дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Мысалы: жау, жаңбыр, т.б. Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту.

  • Жүзім, жүзік, жылан, т.б.

«Менің көжегім» тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. «Көжек сәбізді жақсы (көреді) жейді».

III. Қорытындылау.Ж дыбысы бар сөздерді атату.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды марапаттап, жұлдызшалар тарату.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал