- Учителю
- Ашық сабақ: Қоршаған ортамен танысу Жол тәртібін білейік!
Ашық сабақ: Қоршаған ортамен танысу Жол тәртібін білейік!
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: « Жол тәртібін білейік!»
Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті, тамақтанатын орын, демалыс орны, аялдама белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтары: Мазмұнды суреттер, бағдаршам, жол белгілері, слайд.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сюжеттік- қимыл ойындар, сергіту сәті, қортындылау.
Көрнекіліктері: Бағдаршам, тротуар, телефон, дәрігерлік көмек көрсету пункті, аялдама белгілері, үйлердін макеті.
Пән аралық байланысы: Математика, құрастыру, тіл дамыту.Іс-әрекет
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Психологиялық дайындық .
-Балалар, бүгін ерекше күн! Біздің сабағымызға қатысу үшін арнайы қонақтар келіп отыр.
Олай болса амандасайық.
Өзін-өзі тану. Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты таңымыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Балалар қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру шылық- ізденістік
-Балалар қарандаршы бүгінгі күн кешегі күннен ерекше шуағын төгіп тұрған сияқты. Өйткені жер бетіндегі тіршіліктің барлығы осы күннен нәр алады. Бізде осы күннен нәр алайық, жылу алайық, сол жылуды бір-бірімізге таратайық.
-Өте тамаша, бойымыз жылынып қалған сияқты.
Миға шабуыл.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің неше айы бар?
Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Балалар бүгін бізде айналамен таныстыру сабағы болады. Алдынғы сабақта біз немен танысып едік? Ал бүгін біздің ұйымастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «жол тәртібін білейік» деп аталады.
-Балалар сендер көлік дегеннің не екенін білесіңдер ма?
Қандай көлік түрлерін білесіндер?
Көліктер біздің өмірімізді жеңілдетеді, уақытымызды үнемдеуге көмектеседі.
Сендерді әкелерін, ағаларын балабақшаға көлікпен әкеледі ғой, егер де көлік болмаса жаяу жүрер едіндер.
Балалар көліктердін сонымен қатар зияны да бар екен.Олар ауаны ластайды, сақтанбасан өміріне қауіп төндіреді. Ал, қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер сол жұмбақты шешіп көріндер.
Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түсті нұр шашады. Балалар ,бәріміз тақтаға қарайықшы, сендер тақтадан не көріп тұрсындар? Олай болса осы дөңгелектерден бағдаршам құрастырайық. Балалар қараңдаршы бұл бағдаршам деп аталады. Оның өздерін айтқандай үш көзі болады. Қазір мен сендерге бағдаршамның не үшін қажет екенін айтып беремін. Сендер мұқият тыңдап алындар.
-Балалар бағдаршам бізді көлік жүретін жолдан аман -есен өту үшін, және көліктердін жолда бір-бірімен соқтығыспай жүруі үшін жол қиылысында орналастырылған. Егер бағдаршамның қызыл түсі жанатын болса « Абай бол, тоқта!» дегені, ол кезде жол жиегінде тұру керек. Ал, сары түсі жанған кезде «Қамдана бер, асықпа!» дегені. Жасыл түсі жанғанда, «Өте бер, саспа!» дегені. Ол кезде машиналар саған жол береді, жолдан өте беруіне болады деген сөз. Балалар бағдаршамға байланысты жаттап келген өлең жолдарын айтады.
Қимыл-қозғалыс ойыны. «Бағдаршам» Ойын шарты
Балаларға жасыл деп айтқанда бір қадам алға жылжиды. Қызыл дегенде бір қадам артқа жылжиды, ал сары дегенде орнында қозғалмай тұрады. Ойын 3-рет ойналады. Балалар біздің өмірімізді сақтау үшін, жаяу жүргіншілерге арналған жол ережелері бар. Егерде өмірімізді, денсаулығымызды сақтағыларын келсе, әрқашан жол жүру ережелерін жақсы білу керек. Демек жаяу жүргіншілерге қойылатын талаптарды бұлжытпай орындау керек. Жаяу жүргіншілер жолдын оң қол қанатымен, тротуармен ғана жүруі керек. Тротуар дегеніміз машина жүретін үлкен жолдың жиегіндегі адамдар жүретін кішкене жол. Жолдын арғы бетіне өту үшін жолақ жолмен яғни «зебрамен» бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өту керек. «Жолақ жол» мен «тротуардын» суреттерін көрсету. Жолдан өткенде аса сабырлықпен, аспай-саспай жүріп тұру керек. Ұшқалақ-ұрыншақ болмауы керек. Машинаның алдынан жүгіріп кесіп өтуге болмайды. Жол белгілермен таныстыру. «Аурухана», «Тамақтану орны», «Демалыс орны», «Телефон», «Жаяу жүргіншілер жолы», «Велосипед айдауға болмайды», «Аялдама». Балалар біз жолда жүру ережесімен толығырақ танысу үшін автобусқа отырып қалаға барайық. Өйткені қалада көліктер өте көп, бағдаршамда бар. Балалар міне мынау аялдама деген белгі, осы белгі тұрған жерден біз автобусқа мінеміз. Бәріміз бірге автобусқа отырып қалаға барамыз. Онда біз үлкен жолдан бағдаршамның көмегімен қалай өтуге болатынын, тротуар арқылы жүріп, жолақ жолдан қалай өту керектігін, жол белгілерімен толығырақ танысатын боламыз. Ал, енді балалар біздер автобусқа отырып, өз ауылымызға, балабақшамызға кері оралайық.
Балалар мұқият тыңдайды.
-Көктем.
-3 айы.
-Сәуір айы.
-Жауын-шашынды, жылы болады, ағаштар гүлдейді.
-Ғарыш әлемімен.
-Машина.
-Камаз, джип, автобус т.б
-Бағдаршам.
-Қызыл, сары, жасыл дөңгелектер.
-Балалар мұқият тындайды.
-Балалар ойынды қызығып ойнайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік
</<font face="Times New Roman, serif">Балалар, бүгін біз немен таныстық? не үйрендік соны есімізге түсірейікші? Балаларға жол ережесі бойынша сұрақтар қойып, плакаттағы суреттерді толықтыру. Балаларға теледидардан «Бағдаршам» мультфильмін көрсету. Мультфильм желісі бойынша сұрақтар қою. Балалар жолда жүру ережесіне байланысты дайындап келген өлең жолдарын айтады. Барлығы бірге: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік».
-Жолда жүру
ережесімен, бағдаршаммен, тротуар, жолақ жолмен.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол, жол қиылысы, медициналық көмек пункті, демалыс орны, тамақтану орны, аялдама.
Игереді: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін, жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол, жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін, автобуста, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.
меңгереді: жол белгілері, олардың мағынасын, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.