7


  • Учителю
  • «Балабақша қызметкерлерімен психологиялық портреті» (тренинг)

«Балабақша қызметкерлерімен психологиялық портреті» (тренинг)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Балабақша қызметкерлерімен психологиялық портреті» (тренинг)



Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру.

Қажетті құралдар: суреттер, магнитофон, нақыл сөздер, тренинг ережесі, шар, маркер, ақ парақ.

Тренинг барысы:

Психологиялық бағыт беру ( жайлы әуен ойнап тұрады)

-Сәлеметсіздер ме, құрметті балабақша қызметкерлер.

Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?!

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білу-үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.

Адамның қарым -қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.

І бөлім.

Осы мақсатқа жету үшін, мен мынандай 5 қадам жасар едім:

  1. Көзқарас. Қалай ойлайсыздар, көзқарас қарым-қатынас үшін қажет пе? Әрине қажет, адам біреумен танысу үшін, тілдесу үшін -алғашқы қадам көзқарастан басталады, махаббаттың өзі алғашқы көзқарастан тұрады. (Мысалдар келтіру)

  2. Сөз. Адам тілдескенше дегендей , сөз қатынас құралы, сөз арқылы адаммен тілдесіп, жаңа дос тауып, қарым-қатынас жасаймыз.Ол адамға кішкене көңіл білдіріп, комплимент айтсаң, көңілі жадырап, танымаса да сізбен тілдесіп кетеді. (мысалдар келтіру)

  3. Тақырып. Екі адам тілдескенде тақырып ортақ болса, қарым-қатынас жасауға жеңіл бодады. Ой бөлісу, бір-бірімен тіл табысу осы тақырып арқылы өрбиді

  4. Іс-әрекет. Досыңның іс-әрекетіне, қарым-қатынасына, сенде ілесіп, сондай қимылдар жасауға тырысуың керек.Сонда ғана қарым-қатынас жүзеге асады.

  5. Ары қарай қарым-қатынасты жалғастыру, ол адаммен тілдесіп, сөйлесіп, кездесіп тұру қажет. ( педагогтар пікірін тыңдау)

ІІ бөлім.

Құрметті әріптестер қазір мен Сіздермен кішкене жұмыс жасап жіберейін Тапсырма: Зейінді болыңыз. Бір қаладан екінші қалаға автобус айдап келе жатырсыз. Автобуста ешкім жоқ. Бірінші аялдамада автобусқа 5 адам отырды,келесі аялдамада тағы да 6 адам отырып, 3-уі түсіп қалды. Сосын автобусқа 9 адам отырып, 2-уі түсіп қалды, тағы да 3-уі отырып, 8-і түсті. Соңғы аялдаманың алдындағы аялдамада автобусқа 6 адам отырып, 1-уі түсіп қалды.

Сұрақ: Автобуста қанша адам келе жатыр, жолда неше аялдама болды, жүргізуші қанша жасты, оның аты кім?

( Педагогтар жауабы)

ІІІ бөлім.

Соңғы бөлімде мен сіздерге Сьюзен Делинггер әдісі : «Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны пішіндер арқылы зерттеу жұмысын жүргіземін.

Мақсаты: Психогеометрия - жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі. Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.

Жүргізілу барысы: Мына төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл - мен!»- деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз , онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны таңдап белгілеуге болады.

Ол үшін дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, зигзаг пішіндері қолданылады.





















Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері.

Төртбұрыш - ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты т.б

Үшбұрыш -көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш т.б.

Шеңбер - қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоциональды, сезімтал, сенгіш т.б.

Қорытынды: Қатысушылар тренинг барысында өздерінің алған әсерлері туралы айтады.

Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз

«Балабақша қызметкерлерімен психологиялық портреті» (тренинг)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал