- Учителю
- Ересек тобындағы алтын күз ертеңгілігі
Ересек тобындағы алтын күз ертеңгілігі
«Алтын күз» атты ертеңгіліктің сценариі
(Ересек тобы)
Музыка бөлмесі мерекеге сай әсем безендірілген. Көңілді музыка ойнайды. Залдың ортасына Жүргізуші шығады.
Жүрг:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты
алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Олай болса, кәнеки бәріміз қол шапалақтап, қошеметтеп ортаға балаларды шақырайық!
(Музыка ырғағымен залға қыздар және, ұлдар кіреді. Балалар үш қатар құрып тұрады)
Жүргізуші:
Арайлап таң аттып,
Алтын сәуле тараттып,
Бақшамыз бір тойласын,
Мерекемен жайнасын,
Әнмен бүгін бастайық,
Қол соғып бір қоштайық.
Ән: «Ұнатамын күзді мен»
Барлық балалар: Құтты болсын мереке! (Балалар орындықтарға отырады)
(Осы кезде ленталар қойылады)(Еркежан шығып кетеді)
Балалардың тақпақтары - күз туралы (5-6)
Жүргізуші:
Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Дайынсыңдар ма?
Жұмбақ:
Бозарып дала,
Тоңады бала,
Астығы піскен,
Жапырағы түскен
Балалар: Күз мезгілі!
Жүргізуші: Өте жақсы! Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
Залға билеп Алтын Күз кіреді.
Алт.Күз: Сәлеметсіздер ме, балалар? (Балалар амандасады)
Жүрг.: Сәлеметсің бе, Алтын Күз? Төрлет.
Алт.Күз: Рахмет! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
(Осы кезде желдің дыбысы естіледі.)
Жүрг.: Бұл не дыбыс, балалар? (балалардың жауабы)
Залға Жел «ұшып» келеді.
Жел (Еркежан): А-ха, Алтын күз, мерекені менсіз тойлап жүрсіңдер ме?
Жүрг.: Сіз кімсіз? Неге соншама ашуланасыз?
Жел: Мен күзгі суық Желмін.
Күз: Ренжіме, Жел. Мерекеге дайындалып, күні бойы ағаштарды алтын түске боядым, шаршадым. Сені шақыруға ұмытып кеттім.
Жел: Олай болса, мен қазір көмекке желдерді шақырып, бұлттарды жинаймын...Жел-достарым, келіңдер, бұлттарды жинайық - жаңбыр жаусын!
«Түстер биі»
- Жел кішкентай «желдермен» бірге орындайды.
Жаңбырдың жауған дыбыстары естіледі.
Жел: Ха-ха-ха! Жаңбыр қалай қатты жауып тұр.
Жүрг.: Жаңбыр бізге түк емес.
Жел: Балалар, сендер жаңбырдан қорқпайсыңдар ма?
Балалар: Иә, қорықпаймыз!
Жел: Жарайды, мен тағы бірдемені ойластырып келемін...- деп, ұшып кетеді.
Жүрг.: Иә, Желіміз қатты ренжіп кетті. Келесі келгенде, Желдің көңілін көтерейік. Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олдай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы не айтар екен.
Балалардың күз туралы тақпақтары (3-4 тақпақ)
Жүргізуші: Сегіз қырлы бір сырлы
Біздің қыздар сан қырлы
Саусақтары майысып
Мың бұралып билейді
«Самбо » биі - қыздардың орындауында.
Жүрг: Қандай тамаша би! Рахмет, бишілер!
- Жаңбыр жауды аспаннан -
Әнді айтуға шақырған!
Ән «Жаңбыр» (отырады)
Жүргізуші: Біз жаңбырдан қорықпаймыз
Ойын ойнап бастаймыз!-деп,
Ойын: «Шалшықтан өт»
Күз: Жаңбыр жауды, бақшамызда қаншама көп көкөністер өсті. Мен көкөністер туралы көп жұмбақтар білемін.
Жүрг.: Күз, біздің балаларымыз жұмбақтар шешуді жақсы көреді!
Жұмбақтар (Күз жұмбақ жасырады)
1. Қалың қиімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
2. Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп». (Картоп)
3. Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (қырыққабат)
4. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)
Жүрг.: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!
(«Жемістер» және «көкөністер» ортаға шығып, тақпақтар айтады):
Қызанақ: Абылай
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен- қызанақ
Күнге қарап ұялып
Қартоп:Қазыбек
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Сәбіз: Жанерке
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
Шабдалы: Ильяс
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Менің аты - ШАБДАЛЫ.
Жүрг.:
Ал, балалар, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық.
Көкөністер мен бірге
Ойынды біз бастайық.
Ән : « Сары жапырақ жауғанда» (отырады)
Ойын: «Жапырағынан таны»
Күз: Жарайсындар, балалар! Енді, мен барып, Желді мерекеге шақырайын! (- деп, кетеді.)
Жүрг.: Балалар, Желдің көңілін қалай көтереміз, ойланайық.
Көңілді музыка ырғағымен залға Жел кіреді.
Жел: Шақырдыңдар ма мені?
Жүрг.: Иә, шақырдық. Жел, ренжіме. Жайланып отыр, төрге шық, біздің балалардың өнерін тамашала. Қазір балалар саған арнап орысша ән орындап береді.
Ән: «Осень»
Жел: Тамаша! Маған сендердің әндерің ұнады.Тағы қандай өнерлерің бар?
« Қазіргі заман » биі
Жүргізуші: Міне, ата-аналар біздің мерекеміз де аяқталайын деді, келесі ән мына отырған сіздер үшін орындалады.
« Күз» әні
Күз (кіреді, қолында, алма толы, үлкен себет): Енді сен бізге ренжімейсің бе, Жел?
Жел: Иә, мен балаларға ризамын. Көңіл-күйім көтерінкі.
Күз: Рахмет, балалар, міне менің сендерге дайындаған күзгі сыйым - дәмді, витаминді алмалар.
Жүрг.: Рахмет саған, Алтын күз! Біз осы әдемі алмалардың дәмін топқа қайтқанда-дастарханымызда татамыз.
Күз, Жел: Кездескенше, сау болыңдар, балалар! (Балалар қоштасады)
Жүрг.: Міне ертеңгілігіміз де аяғына жетті. Құрметті ата-аналар! Күз мезгілі сіздерге, әрбір отбасына ырысы мен берекесін мол әкелсін! Мерекемізді топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
(Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады).