7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді сабақ жоспары 'Төрт ана'

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 'Төрт ана'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Каюпов Сламбек бастауыш сынып мұғалімі

№44 орта мектеп Сырдария ауданы Қызылорда облысы




Сыныбы

4

Сабақтың тақырыбы

Төрт ана

Сабақтың мақсаты

М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңінің мазмұнымен таныса отырып, өлеңнің негізгі идеясын түсіну арқылы оқушылардың таным әрекетін белсендіру.Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды таба алу арқылы төрт анаға талдау жасай алады;

Негізгі ой төңірегінде еркін пікір алмаса отырып, өздерінің ойлау өрісін кеңейте алады;

Оқушылар өлеңге өз сезімдері арқылы баға бере алады;

Оқушылар сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс формасы, диалогтік оқыту, суреттеу , болжау стратегиясы

Уақыты

Сабақ кезең-

дері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

2 мин

2 мин


5 мин


Кіріспе

«Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушыларды бүгінгі сабақтағы негізгі ұғымдар бойынша 4 топқа бөлемін.

Ой қозғау

Топтардың аттарының мағынасын ашу

«Шаттық шеңберінде» оқушылардың тілектері тыңдалады.

Оқушылар 4-топқа бөлінеді:

1 топ:«Қазақ тарихы»

2 топ: «Туған жер»

3 топ: «Салт-дәстүрлер»

4топ. «Ана тілі»


Топ аттарына байланысты сөздер туралы не айтуға болады? Топта талқылаңдар

Ұғымдарды талқылау арқылы оқушылар диалогтық қарым-қатынасқа түседі.

Пікірлермен алмасады, ойларын ортаға салады. Бірін- бірі үйретеді.


Топ аттары жазылған

қағаздар


Слайдтар


5 мин

мин


5

Мин

4 мин мин


5 мин


5 мин

5 мин

5 мин

2 мин


Негізгі бөлім


Білу деңгейі

Түсіну


Қолдану


Талдау

Жинақ-тау

Бағалау


Рефлексия

Жаңа сабақ

Мұхтар Шахановтың слайд арқылы суретін көрсетіп -Суреттегі кім? Ол туралы не білесіңдер?

Қандай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылардың жаңа сабақ туралы бастапқы білім деңгейін анықтау

Дарынды балаларды анықтау


Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Слайд арқылы оқушыларға Мұхтар Шаханов туралы мәліметтер беремін


Топтарға тапсырмалар беру


Тарих, Ана тілі, Әдет-ғұрыптар, Туған жер туралы ұғымдарға теңеу беріп көріңдер немесе осы ұғымдар туралы мақал-мәтелдер айтыңдар


М.Шахановтың өлеңіндегі ерекше сендерге ұнаған ,ой салған шумақтарды оқыңдар





Өздеріңнің алғашқы тапсырмадағы осы ұғымдар туралы ойларыңды салыстырыңдар.Қандай ортақ ойлар бар?

Оқушылардың соңғы білім деңгейі мен бастапқы білім деңгейін салыстыру

Тәуелсіздік монументі слайд арқылы көрсетіліп сипаттама беріледі.

  • Тәуелсіз еліміз тұғырлы болу үшін бізге не қажет?

  • Нені қастерлеуіміз керек?


«Даналық ағашына»

Қазақ жері кеше ...

Қазақ жері бүгін ...

Қазақ жері ертең ...

Оқушылардың стикер арқылы ой-пікірлері жазылады

Ертең

Бүгін

Кеше



Сурет бойынша топтық талқылау жүреді.

Оқушылардыі М.Шаханов туралы білетіндері тыңдалады


«Төрт ана» өлеңі оқылады.


Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгi астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдiреттi төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРI - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТIЛI - мәңгi өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРI - тiрегi,
Қадамына шуақ шашар үнемi,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да.
Құдiрет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсiнбеген пенделер.
Төрт анадан сенiм таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиеттi бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес - күрестердiң ұлысы!


1 топ тапсырмасы:

Мәтіндегі Тарих, Ана тілі, Әдет-ғұрыптар, Туған жер туралы өлеңдегі шумақтарды қалай түсінесіңдер?


Оқушылар топта мақал-мәтелдер айтады, теңеулер келтіреді

Негізгі ұғымдар туралы ойларын кеңейтеді


Оқушылар талдау арқылы сыни ойлайды.

Бәйтерекпен тең келетін Қазақстанның Тәуелсіздік монументі Алматы қаласының орталық алаңында бой көтерген қазіргі Қазақстанның символы болып табылады. Оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағында жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.Екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: заманынан бастап , қазақ хандығыБның құрылуы, , , пен халқы арасындағы байланыстар, қозғалыстары, , мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.

Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі.

Оқушылар негізгі ойларды бағалайды, өздерінің осы ұғымдар төңірегіндегі өз пікірлерін білдіре отырып, сыни ойлау әрекеттерін білдіреді

Оқулық, Плакат, маркер, стикерлер


Сурет

Өлеңнің мәтіні







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал