- Учителю
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру ,зат есіммен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару,үйрету.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру ,зат есіммен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару,үйрету.
ЛАДА» балабақшасы» ЖШС «Балдәурен» тобы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы:Әңгіме құрастырамыз
Мақсаты :
А)білімділік Сурет бойынша әңгіме құрастыру ,зат есіммен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару,үйрету.
Ә)дамытушылық Сұрақ -жауап арқылы тілінін,зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Б)тәрбиелік Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: доп-мячь.
Қолданылатын көрнекі кұралдар: тіл дамыту дәптері, қуыршақ және машина.Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
«Бөлмеге саяхат» ойынымен бас- тап, топ бөлмесіндегі заттарга олардың ішінде ойыншықтарға назар аударту.
Ьалалар бәрін аралап, мұқият қарап шығады.
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар өз орындарына келіп отырады.
Ойын: «Ойыншық қандай фигурага ұқсайды?» ойынымен жалгастырылып, қарапайым математикалық түсініктерімен байланыстырыла келе, ойыншықтардың көлемі, түр- түсі, пішінін анықтап талдау жүмыстары жүргізіледі. (Мәселен, Мен допты көрдім. Оның пішіні геометриялық фи- гура - дөңгелекке ұқсайды. Доп тек біреу гана болған жоқ, олар көп болды. Түстері әртүрлі. Допты жерге соқсаң, ыршиды).
«Д» дыбысын буын ішінде айыруға берілетін жаттығуы.
Да-да-да - дала.
До-до-до - доп.
Ду-ду-ду - думан.
Дә-дә-дә - дәптер.
Ди-ди-ди - диван.
«Д-т» дыбыстарын сөз ішіндекелтіріп айтқызу.
дүбір-түбір
доп-топ
дүрыс-тұрыс
дара-тара
дос-тос
«Д» дыбысының да, «т» дыбысының да балаларға дауыссыз дыбысқа жататындығын және оның кедергіге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Сергіту жаттығуы.
Домала, доп, домала,
Балшыққа тек жолама.
Жек көремін оныңды,
Бүлдіресің қолымды.
Секіріп өт ордан да,
Секіріп өт жолдан да,
Қуса күшік жетпесін,
Машина басып кетпесін.
(Ө. Ақыпбеков) Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
«Менің сүйікті
ойыншықтарым» тақырыбында әңгіме құрастыру.
Шарты: қуыршақ және ма- шина ойыншықтарын алу және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын айта келе, әңгімелеу.
(Мысалы, Әкем менің туылған күнімде қуыршақ сатып әперді. Ал ініме машина сатып әперді. Әкем маған қуыршақты көрсеткен уақытта мен «Алақай!» - деп қатты қуандым. Менің қуыршағымның көйлегі қызыл түсті, басында әдемі қалпағы, сүйкімді сөмкесі барі. т.б.)
«Қомағай» саусақ жаттығуы.
Әр қатысушы беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.
Қарным менің қомағай
Бәрін- бәрін жұтады.
Қомағайдың қарны енді
Сусиырдай болып кетті.
Жаттығуекіншіқолға да жасалады. Содансоңекіқолбіргеқатарласажасайды.
Балалар өз көрген ойыншықтарын белгілі бір геометриялық фигураға ұқсатып, оның түр-түсіне, үлкенді-кішілігіне тоқталып өтеді.
Жаттығуды орындау.
Дәптердегі тапсырманы орындау.
Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.
Сәл ойланып, әңгіме құрауға тырысады.
Балалар қайталайды
Рефлексиялық-
түзетушілік
Ойыншықтармен ойнау ережелерін еске түсіріп, үнемі қолдануды ұсыну.
Балалар ұсынысты қабылдайды.
</<font face="Times New Roman, serif">Күтілетін нәтиже:
біледі: үлгі бойынша шағын әңгімелерді бейнелеп айтуды;
игереді: «Д» және «т» дыбыстарын анық айтуды;
меңгереді: өз ойын жеткізіп, эңгіме қүрауды біледі.