7


  • Учителю
  • Балалар күніне арналған іс-шара тақырыбы Бақытты балалық шақ

Балалар күніне арналған іс-шара тақырыбы Бақытты балалық шақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар

Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!

Жүргізуші:

Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата- ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Бүгінгі 1- маусым Балалар күніне арналған» мерекелік ертеңгілігімізді бастайық.

Жүргізуші: Ән айтайық қосылып

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі

Жүргізуші : Балалар, бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма?

-Күнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп сиқырлы сөздерді айтайық.

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр құйсын!

(Бұлттар екі жақа қарай ашылады, күн ортаға шығады)

Күн:

Сәлем, гүлім!

Сәлем , жерім!

Сәлем,саған- туған елім!

Бір шаңырақ астында

Сен тұрасың,

Ол тұрады,

Мен тұрамын,

Біз тұрамыз!

Жүрек жылуын,Берем саған,

Берем сіәзге,

Берем мен бәріңізге!

Ал, балалар келген күнге өз өнерін көрсетуге сәбилер тобын ортаға шақырайық. Балалар тақпақтар айтады.

Күлімде, күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

Күлімде, күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Жаз келді деп қуанып,

Шаттанады бүлдіршін!





Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрнбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

Балалардың орындауында ән: «Балапан»





Жүргізуші:Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері

Құстар биін билейді томпаң қағып

«Айгөлектің» шуақты сәбилері

Балалар құстар биін билейді

Жүргізуші:Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Ойын ойнап, кезектесіп бір- бірлеп

Ұлттық ойынға берейік біз кезекті

Ойын «Ат жарыс»

Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып

«Жастар» биі

Жүргізуші: Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние көрікті де көңілді

Ән шашу: « Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

Бақшаға біз гүл ексек ,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Жігіт болар, күні ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең! -деп, мерекелік ертеңгілігімізді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз.

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.























«Ақсу қаласының №2 МКҚК балабақшасы»























«1- маусым балаларды қорғау»



күніне арналған мерекелік ертеңгілік

























































2016-2017 оқу жылы

Балалар күніне арналған іс-шара тақырыбы Бақытты балалық шақ

































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал