- Учителю
- Қарапайым математика пəні бойынша ашық сабақ Аквариумдағы балыктар
Қарапайым математика пəні бойынша ашық сабақ Аквариумдағы балыктар
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы:Аквариумдағы балықтар
Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін жетілдіру. Танграмм ойынымен таныстыру.
Міндеті: Заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын атауға іскерліктерін бекіту. «Қандай?» "Қанша, қандай?" деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) және денелер (куб, шар) туралы білімдерін кеңейту. Айналадағы заттардан оларды көре алу қабілеттерін дамыту.
Қажетті-құрал жабдықтар: Санауға арналған таратпа суреттер. Аквариумлған макеті, балықтар, Танграм ойынына арналған суреттер мен заттар; түрлі - түсті пішіндердің кескіндері.
Мотивациялық кезең
Ұйымдастырушы
кезең
Сергіту сәті
Әуен ойнайды.
Ненің әуені?
Дұрыс судың шуы,
ал ендеше суда не тіршілік етеді?
Дұрыс,балықтар.
Балалар менің мысығым аквариумда 4 балық бар еді, соның 3ін жеп қойыпты, енді нешеуі қалды?
Балық жалғыз болмас үшін ,оған достар табайық балалар.
Ендеше балалар менің қолымда 2 түрлі сурет бар қылқалам және бұрыш. Қылқаламды таңдағандар өнер орталығына барып балықты жапсырады. Бұрышты таңдағандар тапсырмаларды орындап аквариумдағы балыққа достар табу үшін математика орталығына барады.
Бірақта достар табу үшін тапсырмаларды орындау керек.
Балалар мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсындар ?
-Дұрыс балықтар.
Балықтар аквариумда ғана емес өзен көлдерде де болады.
Ендеше осы суреттегі балықтарды санайықшы. .... 1,2,3,4
осы тапсырманы дұрыс орындаған үшін бір балық аквариумға барады.
Ал балалар орнымыздан тұрып 2ші тапсырманы орындау үшін үстелге жақындайық.
Танграм ойыны.(Балалардың алдына пішіндердің кескіндерін таратады. 2- 3 балықтың суреті беріледі тақтада, балалардың алдында бірнеше геометриялық бір түсті картоннан қиылған пішіндер)
Балалар, мына балықтардың пішінін алдарыңда жатқан геометриялық пішіндерден құрастырып көріңдер.(Өнер орталығындағы балалардың жұмысын көреді)
Дьенеш блоктарымен балық құрастыру
М:Пішіндерден балық құрастыру
Балалар, табиғатта су қайда кезігеді?
Ендеше барлық тіршілік иелеріне жаңбыр жаудырайық.
Жаңбыр жауады
Күн күркірейді (алақандарымен столдың бетін соққылайды)
Жаңбыр сіркірейді (саусақтарын ақырын -ақырын стол үстіне ұрғылайды)
Найзағай ойнайды ( алақандарын шапалақтайды)
Жаңбыр қоймайды (саусақтарын қатты-қатты стол бетіне соққылайды)
Судың шуы
Балықтар
Тыңдайды, 1еу екенің айтады
Келіседі
2 орталыққа бөлінеді
Тыңдайды
Балықтар екенің айтады
Тыңдайды
Санайды, санын 4 екенін айтады
Үстелге келеді
Рефлексивті-түзетуші
-Бүгін біз не істедік?
-Қандай балықтарды көрдік?
-Олар қандай пішіндерге ұқсайды?
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
+
-
Күтілетін нәтиже:Айналадағы заттардан геометриялық пішіндерді көре алу дағдылары қалыптасады.
Нені игереді:
Заттар санын салыстыра алуды игереді.
Нені біледі:
Геометриялық пішіндердің, түстердің атауын білуі қажет.