7


  • Учителю
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Жыл құстары

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Жыл құстары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы



Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу,Шығармашылық

Сабақтың тақырыбы « Жыл құстары», «Жыл құстары»

Мақсаты: 1. Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

3. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстар.



Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Үнтаспадан құстардың сайраған дауыстарын тыңдату.

Құстарды дауыстарынан танып айтады..

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Слайд немесе плакаттан құстарды көрсету.Құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.

2. Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелеу:

-Күннің суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылыды. Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен-көлдерде су қатып қалады. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жыл құстарына жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш, қараторғай, т.б. жатады.

Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады.Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Отырықшы құстарға : қарға, көгершін, торғай, көкшымшық, тоқылдақ, т.б. жатады.

1. Дәптермен жұмыс:

Суреттен өзіне таныс құстарды атату.(Үкі, бүркіт, үйрек, аққу, тырна). Осы құстар туралы мағлұмат беру.

Үкі-түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш, отырықшы құс.

Бүркіт-таулы, далалы жерлерді мекендейтін имек тұмсық жыртқыш, отырықшы құс.

Тырна-мойны ұзын, аяқтары сыриған, ірілеу жыл құсы.

Үйрек-тұмсығы жалпақ су құсы.

Жабайы үйректер жылы жаққа ұшып кетеді.

Тоқылдақ-орман құсы. Қыстап қалатын құстар тобына жатады.

Тоқылдақты «орман дәрігері» деп атайды, өйткені ол ағаш қуысына тығылып, ағаштың діңін жеп жатқан зиянкес құрттармен қоектенеді.

Сөйтіп, орман ағаштарын емдейді.

Балалар тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.















Сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қарап, құстардың аттарын атайды. Өз өлкелерінде тіршілік ететін құстар туралы әңгімелейді.



































Тоқылдақтың суретін сәйкес түспен бояйды.











Рефлексивті-

түзетушілік

3. Қорытындылау.

Сабақта алған білімдерін пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Өзің білетін жыл құстарын ата?

2. Құстар немен қоректенеді?

3. Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

4. Құстар, табиғатқа, адамға қандай пайдасын тигізеді?

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.



Күтілетін нәтиже: жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы білімдерінің болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жанар жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашалаған түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал