- Учителю
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: Сәндік қазақ өрнегі қайнар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: Сәндік қазақ өрнегі қайнар
Білім беру саласы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі. Сурет
Тақырыбы: Сәндік қазақ өрнегі «Қайнар»
Мақсаты:Белгілі бір тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. «Қайнар» өрнегімен таныстыру.Балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру,ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге ,әсемдік қабылдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,
Қолданатын көрнекілік:қазақтың сәндік-қолданбалы өнері бұйымдары, қылқалам,бояулар,су,тұғырлар,сүлгі.
Билингвистикалық компонент:
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Ұйымдастырушы
-лық
ізденімпаздық
Рефлексивті коорекциялаушы
Балаларды жарты шеңбер бойымен отырғызып.Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,орындарыңа орналаса қойыңдар.Балалар біз алдындағы оқу іс-әрекеттерімізде қазақтың түрлі ою-өрнектерімен танысқан едік.
Естеріңде болса атап айтайық.Ою-өрнектерді түрлі тұрмыстық заттарға,киімдерге,қыздардың сәндік әшекей бұйымдарына салады.Сонымен қатар оның түрлері көп.Қошқармүйіз,құстұмсық,құсқанаты т.с.с Ал енді бүгін тағы бір өрнектің түрімен танысамыз. Бұл өрнек «Қайнар» деп аталады.
-Балалар сендер қайнар деген сөздің қалай түсінесіңдер?
Балалар бұл өрнек аты айтып тұрғандай судың тамшысына ұқсайды екен.Оны атыда айтып тұр.Қайнар деген сөздің мағынасы да судың басталатын көзі,қайнар бұлағы деген мағынаны білдіреді.Балалар алдарыңда дайын нүктелермен белгіленген өрнек тұр,сол нүктелерді бір-біріне қосу арқылы оюды саламыз.Салып болғаннан кейін өзімізге ұнаған түстермен бояймыз.
Балалардың өз беттерінше жұмыстары.
Сергіту сәті.
Балаларға сұрақтар қою арқылы,оқу іс-әрекетті қортындылау.
-Балалар бүгін біз қандай өрнекпен таныстық?
-Неліктен қайнар деп аталады?
-Өрнек деген сөз қай тілден аударған?
-Қандай түрлерін білесіңдер?
-Ою-өрнек бізге не үшін қажет?
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс- әрекетке жақсы қатыстыңдар,сендерге көп-көп рахмет.
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қошқармүйіз,
балдақ,құстұмсық
Қайнаған су,бұлақ
.
Қайнар деп аталады.
Судың тамшысына ұқсайды.Латын тілінен аударылған.
Әдемілік үшін керек.
Күтілетін нәтиже:
, мен ырғақты сезінуді үйренді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: ою-өрнектегі түс үйлесімділігін
Нені игерді: балалардың көркемдік талғамын қалыптастырып,оюды салуды игерді
Нені үйренді:қайнар өрнегінің жасалу жолдарымен танысып,бейнелеуді үйренді