7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!»

Тәрбие сағаты: «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!»

1-жүргізуші:Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

2-жүргізуші

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мерекелік құттықтау сөзді мектеп меңгерушісі Баймурунова Ұмсын Хасанқызына береміз.

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

2жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше «Анашым» деген әсем әнді тыңдаңыздар.

Енді тәрбиеленушілердің концерттің тамашалаймыз.

Тақпақтар

Ән: Анаға сәлем.

Ән: Анамның тілі -аяулы үні.

Тақпақтар

Ән: «Анашыма»



1-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің бишілерге береміз. Әдия

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымызға биді қабыл алыңыздар. Әдия мен Ангелина

Енді ата-аналармен сайысымызды бастаймыз.

Ата - аналарды топқа бөлеміз. 2 ата-анадан

1 тапсырма

Мозайка құрастыру.

2 тапсырма

Сурет салу. 8 наурызға арнап сурет салу.

3 тапсырма

Шардағы сұраққа жауап беру.

4 тапсырма

Қағаздан жасау.

  1. гүл

  2. сурет салу





5 тапсырма

Шашылған әріптерден сөз құрау.

2-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға «Ана туралы жыр » атты әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.































































Кубан бастауыш мектебі















Тәрбие сағаты: «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!»

















































2014ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал