- Учителю
- Мектепалды даярлық топтарының сауат ашу оқу іс-әрекеттеріне арналған дидиктикалық ойындар картотекасы
Мектепалды даярлық топтарының сауат ашу оқу іс-әрекеттеріне арналған дидиктикалық ойындар картотекасы
Сауат ашу мен
тіл дамыту оқу іс-әрекеттеріне арналған дидактикалық ойындар картотекасы
-
Зообақта не көрдің?
Мақсаты: Жануарлар туралы түсініктерін бекіту. Сөйлем құрастыруға машықтандыру.
Көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларға жануарлардың суреттерін көрсете отырып, зообақта не көргендерін сұрайды. Балалар суретке қарап, сөйлемдер құрауы тиіс. Мысалы: Зообақта аю /қасқыр, жолбарыс, арыстан / бар.
-
Бұл қай мезгілде болады?
Мақсаты: Жыл мезгілдерін білу.
Көрнекі құралдар: көктем, жаз, қыс, күз мезгілінің суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген жыл мезгілін суреттей бастайды, балалар көмекші сөздерді тыңдап, қай жыл мезгілі екенін табу керек.
Мысалы: Қар жауды. Балалар аққала жасады. Күн аяз.
-
Ойна да, ойлан!
Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстарыныңқалай дыбыстайтынын білу.
Көрнекі құралдар: үй құстары мен үй жанарларының суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген үй жануары немесе үй құсының қалай дыбыстайтынын сұрайды. Балалар мұқият тыңдап, табу керек.
Не
Мияулайды? Арсылдайды?
Қыт-қыттайды? Маңырайды?
Мөңірейді? Боздайды?
Кісінейді? Қаңқылдайды?
-
Бір сөзбен ата
Мақсыты: Заттарды топтастыра білу.
Көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер.
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген тақырыпта сөздер айтады. Балалар оларды топтастырып, бір сөзбен атау керек. Мысалы:
Кітап, дәптер, қалам, сызғыш-оқу құралдары.
Нан, май, жұмыртқа, бауырсақ-азық-түліктер.
-
Үш тілде сөйлейміз!
Мақсаты: Балаларға сөздердің орысша және ағылшынша баламаларын дұрыс және тез таба білуге машықтандыру.
Ойынның шарты: Тәрбиеші қазақша ұйқас сөздер айтып, баладан орысша, ағылшынша тілінде аудармасын сұрайды. Мысалы: Город-стрит-қала
-
Сөзді айт
Мақсаты: Балаға сөздердің бастапқы әріпін таба білуге үйрету. Сөздің бірінші дыбысын айтуға машықтандыру.
Көрнекі құралдар: әріптер
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айту керек. Мысалы: «Ә» әрпі.
Ә-әже, әке, әпке, әткеншек.
Қ-қыс, қыс, қалам, қарындаш.
Ұ-ұя, ұшқыш, ұн, ұста.
-
Көп-аз
Мақсаты: Сөздерді көптік жалғауын қойып, айта білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер.
Ойынның шарты:Тәрбиеші бір заттың жеке суретін көрсетеді. Оларды көпше түрде қалай айтылатын сұрайды. Мысалы:
Алма-алмалар, құс-құстар, ана-аналар, дәптер-дәптерлер.
-
Күн мен Түн
Мақсаты: Балалардың зейінін, тапқырлығы мен есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар: суреттер немесе заттар.
Ойынның шарты: Үстел үстіне заттар немесе суреттер қойылады. «Түн» дегенде балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші үстелден кез келген затты немесе суретті тығып қояды. «Күн» дегенде балалар көздерін ашып, не жоқ екенін айту керек.
-
Аналогия
Мақсаты: Заттардың аналогиясын таба білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: заттардың суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші қарама-қарсы аналогиялық сөйлемдер айтып, балаларға заттардың сипатын дұрыс жауабын беруді сұрайды. Мысалы:
Лимон қышықыл, ал қант ...,
Түнде қараңғы, ал күндіз ....,
Қыста суық, ал жазда ....
-
Анасы мен төлін тап.
Мақсаты: Үй жануарлар мен төлдерді білу.
Көрнекі құралдар: Үй жануарлары мен төлдердің суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші үй жануарларын көрсетеді, балалар олардың төлін қазақ тілінде айтады. Мысалы:
Жылқы-құлын ешкі-лақ
Сиыр-бұзау қой-қозы
-
Ұйқасын тап
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, шешендікке дағдыландыру.
Ойынның шарты: Тәрбиеші ұйқасы бар, жұмбақтар жасырады. Қай бала сөздің ұйқасы мен жұмбақтың жауабын дұрыс әрі тез тапса сол жеңіске жетеді. Мысалы:
Өзінше ноян, Бата алмас түлкі,
Қорқақ кім? ... /қоян/ Үсті тікен .... /кірпі/
Алмастан тыным Уылжыған албырт,
Шабады ... /құлын/ Дәмі ғажап ... /алмұрт/
-
Ойын: "Қане - қане, міне - міне"
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеу дағыдаларын қалыптастыру. Дене мүшелері туралы білімдерін бекіту.
Қане - қане басың? - Міне-міне басым.
Қане-қане шашың? - Міне-міне шашым.
Қане-қане құлағың? - Міне-міне құлағым.
Қане-қане көзің? - Міне-міне көзім.
Қане-қане мұрының? - Міне-міне мұрыным.
Қане-қане аузың? - Міне-міне аузым.
Қане-қане қолың? - Міне-міне қолым.
Қане-қане саусағың? - Міне-міне саусағым.
Қане-қане аяғың? - Міне-міне аяғым.
Қане-қане денең? - Міне-міне денем.
-
Жалғастыр.
Мақсаты: Кез келген санды атауға, есте сақтауға,
Белсенділікке үйрету.
Көренкі құралдар: сандар.
Ойынның шарты: Жүргізуші санды атайды. Мысалы: 7 саны, келесі ойыншы 7-ден бастап санайды.
-
Ең жақсы төрттік.
Мақсаты: Тез ойлауға, басқаларды тыңдай білуге, тез жауап беруге, белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар.
</ Ойынның шарты: Тәрбиеші төрт ойыншыға кез келген тақырыпты айтады. Мысалы: үй жануарлары. Төрт ойыншының бірі-жылқы, екіншісі-жылқы, түйе, үшіншісі-жылқы, түйе, қой, төртіншісі-жылқы, түйе,қой, сиыр.