7


Ашық ҰОӘ Ғажайып математика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білімдік сала: «Таным»

Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Ғажайып математика

Мақсаты:

Білімділік: 5 көлеміндегі сандық есептеу дағдыларын дамыту, сандарды тура және кері санауға, кеңістікті бағдарлау, оң, сол, алдында, артында, ортасында ұғымдарын дамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту, жұмыстарын жалғастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.

Дамытушылық: балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

(Зал қараңғы, шамдар ғана жанып тұрады) Әсем безендірілген залға балалар келеді. Сиқырлы музыка ойнайды, осы кезде сиқырлы перде ашылады да, перденің ар жағынан қолдарында бенгаль шамдары жарқыраған періште 2 қыз пердені ашады.





Балалар таң қалды.

Ұйымдастырушы -

лық - ізденістік

- Ой, балалар, біз қайда келдік? Бұл не деген керемет жер? Мынау жоғарыда ілулі тұрған нелер?

- Балалар, бұл бір таңғажайып әлем секілді... Сендер қалай ойлайсыңдар?

- Балалар, бұл жер сендерге ұнады ма?

Неге тып-тыныш? Бұл тыныштық маған ұнап тұрған жоқ... Математика ханшайымыда көрінбейді. Не болды екен?

(Ханшайымның орындығында Жалмауыз кемпір отырады)

- Ой, әже, амансыз ба?

- Аман-аман.

- «Бұл -Ғажайып математика елі ме екен?»

- Иә, дәл өзі.

- Ендеше, Математика ханшайымы қайда?

- Мен не ханшайымға ұқсамаймын

ба?

- Жарайды-жарайды, не болды, не болды деп қоймадыңдар ғой. Мен

де бір сәт өзімді ханшайым

сезінгім келді, оның несі айып?

( Айнаға қарап қояды)

- Ал, сендердің ханшайымдарың бір сәтке менің орнымда.... сыпырғышқа мініп, тю-тю...

- Ой, әже оның дұрыс болмаған екен... Балалар енді не істейміз,

қалай ханшайымға көмектесеміз?

- Ал, оны мен білем... Сендер менің тапсырмаларымды орындай алсаңдар ғана, ханшайымды көрулерің мүмкін. Әй, қайдам, бірақ...

- Балалар, тапсырманы орындап, ханшайымға көмектесеміз бе?

1-тапсырма:

«Калейдоскоп» аталған санды көрсету.

2-тапсырма: Д/о: «Қандай пішінге ұқсас?» (теледидардан)

3-тапсырма: 4-топ

1. Резинкамен (пішін 5)



2. «Сиқырлы текше» ( 5 сан)

3. 1-ден 5-ке дейін тура және кері орналастыру (асықпен 6)



4. «Ғажайып кілемше» (пішін 6)

(Әр топтан 1 не 2 бала өз жасаған тапсырмаларын қорғады, тәрбиеші қорытындылайды)



4-тапсырма: Санамақтар айтыңдар.

(Киелі сандар туралы мағлұмат)

Сергіту сәті:

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін - еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қолыңды соз алға,

Дөңгелек сыз ауада.

5-тапсырма:«Сиқырлы пішіндер» (ою-өрнектер)





6-тапсырма: «Кім зерек?»

- Мына мұнараның қайсысы ең биік, ал қайсысы ең аласа?

- Ал, мына суреттегі мойыны ұзыны қайсысы? Құйрығы ең ұзын және ең қысқасы қайсы?

6-тапсырма: - Балалар, енді пиктограмма арқылы логикалық ойын есеп орындауға қалай қарайсыңдар?

Логикалық ойын есеп:

5 кәмпитім бар еді,

Сараңдығым жоқ еді.

1 кәмпитім атаға,

1 кәмпитім әжеге,

1 кәмпитім анама,

1 кәмпитім әкеме.

Өзімеде жете ме?



4 қонжық орманда,

Келе жатты қорбаңдап.

Біреуі шаршады,

Әрмен қарай бармады.

Жалмауыз кемпір: «Балалар, кешіріңдер! Мен сендердің соншалықты көп білетіндеріңді білмеппін, ой, масқара!» деп айналып-айналып шығып кетеді.

Ортаға Ханшайым кіреді, амандасады, балаларға

алғысын айтады.

- Балалардың жауаптары.

- Сандар, пішіндер.



Балалар өз ойларын білдіреді.



- Иә, әрине ұнады.





Жан-жақтарына қарап, ханшайымды іздейді.





Әжемен амандасады.













Әжеге таңдана қарайды.

(Балалар бастарын шайқап, аң-таң болады)

















Тәрбиешімен бірге ойланады.













-Иә, әрине көмектесеміз.



Калейдоскоп арқылы 5-ке дейінгі санды көрсетеді.

Суреттегі заттардың қандай пішінге ұқсас екенін табады.

1.Резинкамен пішіндер жасады.

2. Кубикпен сан құрады.

3. 1-ден 5-ке дейін асықты

тура және кері орналастырды.

4.Кілемшеде жапсырмалар арқылы пішіндер жапсырды.

Өз жұмыстарын қорытындылады.

Өздері білетін санамақтарын айтты.









Өлең сөздеріне қарай қимыл жасады.







Оюлар олардың түрлерін атады, олардың қайда кездесетінін айтты.

Ең биік және ең аласа мұнараны тапты.

Мойыны ұзын - керік, құйрығы ең ұзын - түлкі, ең қысқа қоянның құйрығы.



Пиктограмма арқылы логикалық есепті шығарады.

































Балалар мен тәрбиеші қуанады.



Ханшайыммен амандасады.

Рефлексивті-түзетушілік

- Балалар, бүгінгі саяхат ұнады ма? Несімен ұнады?

- Кімді кездестірдік?

- Тапсырмалар қиын болды ма?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

- Енді мына жерде 3 түрлі дөңгелектер бар.

Егер ҰОӘ сендерге ұнаса жасыл түстіні аласыңдар, ал өте қатты ұнамаса сарыны, ал тіпті ұнамаса қызыл түсті шеңберді алуларыңды сұраймын.

Ханшайым: - Жарайсыңдар, балалар, сендерге өте қатты риза болып тұрмын.

«Кішкентай ғалымдар» деген атқа лайық екенін айтып, бас киім тарту етеді, қоштасады.



Тәрбиешінің сұрақтарына толық, нақты жауап берді.











Тәрбиешінің айтқанын тыңдай келе, қалаулары бойынша

3 түрлі дөңгелектерді таңдап алды.





Балалар Ханшайыммен қоштасып топқа оралды.

Күтілетін нәтиже:

жаңғыртады: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды, пішіндерді, киелі сандарды, салыстырып, айырмашылығын таба біледі.

түсінеді: тура және кері санайды, логикалық тапсырмаларды, ауызша есептерді түсініп, шешімін айта алады.

қолданады: Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке,тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал