7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Су - өмір тіршілігі

Ашық сабақ Су - өмір тіршілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Су - тіршілік көзі

Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Судың ерекшелігімен, қажеттілігімен және қасиеттерімен танысeу. Сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.

Міндеттері : 1.Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.

2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі. Байқағыштығы, қызығушылығы дамиды.

3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді.

Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, тәжірибе жасау.

Көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта.

Қажетті құралдар: стақандар, су, түсті мұздар, лимон, тұз, қант, жұмыртқа.

Мотивациялық

қызығушылық







Іздену - ұйымдастыру









Ауызша жұмыс

















Сергіту сәті



























































































Бекіту





















Қорытынды







Шаттық шеңбері.

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті боламыз,

Армысың, Алтын күнім!

Армысың , Жер-Ана!



Балалар бір - біріне күлімдеп қарап, ойыншық жүректі ұсынып, жақсы тілектер айтады























Жұмбақ шешеді









Сұрақтарға жауап береді











Тақтадағы суреттер жайлы әңгімелейді





Ғылым орталығына барып, алжапқыштар киеді





Суға байланысты зерттеулер жасайды















Суды бақылап, сұрақтарға жауап береді





Ойын ойнайды









Мұздан моншақ жасайды













Жұмырқа суға бата ма екен жоқ па екенін тексереді









Балалар тыңдайды, қарайды

















Балалардың жауабы





















Балалардың жауабы

-Балалар, мен бақшаға келе жатып, жолда тамшыны көрдім, ол сендерге жұмбақ беріп жіберді , егер шешсеңдер ,бүгінгі сабақта көп қызықтар көресіңдер дейді.

-шешіп көрейік пе?

-«Ойдым жерде жатады

Күн суытса қатады,

Аспанға да ұшады,

Жерге де сіңіп батады» (су)

-яғни біз бүгін сумен толығырақ танысамыз.

Сұрақ-жауап

-Қыста мұз үстінде сырғанақ тебесіңдер, ол мұз қайдан пайда болады?

-көктемде жылғалардан жан-жаққа су ағады. Ол су қайдан пайда болады?

-суды қайда кездестіреміз (тұман, шалшық су, көлде шомылдық, балық аулауға бардық, теңізде, көлде т.б)

-су не үшін керек? (жуынуға, ішуге, шомылуға, малдарды суару, өсімдіктерді суару)

Интербелсенді тақтаға көңіл аударамыз

-біз не үшін суды пайдаланамыз?

Суреттерді талқылау.

Ғылым орталығында жұмыс.

-мен сендерге суды зерттеумен айналысуға ұсынамын. Біз қазыр зерртеуші-ғалымдар боламыз. Алдымен орындықтарыңдағы алжапқыштарды киеміз.

1-зерттеу: су сұйық

Бір стақаннан екіншісіне суды құяды. Су ағады, ендеше сұйық.

2-зерттеу: иісі, дәмі жоқ

Стақандағы судың иісін иіскеп, дәмін татады.

Дәмсіз, иіссіз екенін түсінеді.

3-зерттеу: судың түсі жоқ

Суға әртүрлі заттар салады. Заттар көрінеді, ендеше су мөлдір.

4-зерттеу: судың пішіні жоқ

Суды түрлі ыдыстарға құяды, су ыдыстың пішінін алады. Ендеше пішіні жоқ.

Суды бақылау

-судың қандай түрлерін, яғни күйін білесіңдер?

-сұйық түрі, қатты түрі (мұз), газдалған түрі (бу)

Д/ойын «Жер, Су,Ауа»

Тәжірибе жасау

Судың қатты түрімен, яғни мұзбен тәжірибе жасаймыз

І топ «Күн»

Дайын түрлі түсті мұздардан моншақ жасаймыз.

Шарты: мұздарды қатарлап қойып, олардың үстіне ұзынынан жіпті қоямыз, үстінен шымшымдап тұз себелейміз, оның үстінен басқа мұздарды жапсырамыз. Тұз мұзды ерітеді де, олар бір-біріне жабысып қалады.

ІІ топ «Жер»

Жұмыртқа суға батады ма, жоқ па?

Шарты: 2 стақан тұрады . екеуінде де таза су бар. Олардың біріне жұмырқа салғанда ол батады. Енді екінші стақандағы суға үлкен қасықпен тұз салынады. Жұмыртқа судың бетіне шығады. Себебі, тұз судың қысымдылығын арттырады. Сондықтан да теңіздегі суларда шомылғанда адамдар судың бетінде қалқып жүреді, батпайды.

Судан әуе көпіршіктерін жасаймыз (педагог өзі көрсетеді)

Жарты стақан су мен жарты стақан ыдыс жуатын сұйықтыққа 1 үлкен қасықпен қант салып араластырамыз. Шынының бетіне сусын ішетін трубочкамен көпіршік жасаймыз. Трубочканы тағы езіндіге батырып, әлгі көпіршіктің ішіне тағы кішкентай көпіршік жасаймыз.

-Су туралы ырымдар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер білесіңдер ме?

- Суға түкірме;

-түнде судың бетін ашық қалдыруға болмайды;

-Бұлақты жер - тұрақты жер;

-Су - дүниенің басы

-Су - табиғат ажары

-Су - тазалық досы

-Сусыз өмір жоқ

-Судың да сұрауы бар.





  • Біз бүгін не өттік?

  • Су туралы қандай жаңа нәрсе білдіңдер?

  • Нені зерттедіңдер?

  • Қандай тәжірибе жасадыңдар?

  • Суды қалай қорғау керек?



Күтілетін нәтиже.

Білуі тиіс: судың адам өміріндегі маңызын біледі

Игеруі тиіс: судың қасиеттерін игереді.

Істей алады: өз ойларын іс-жүзінде дәлеледей алады.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал