- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Туған жерімді сүйемін.
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімді сүйемін.
Пәні: Өзін-өзі тану.
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімді сүйемін.
Сабақтың мақсаты: Балалардың туған жер,отан туралы түсініктерін кеңейту,өз елін,туған жерін сүюге,патриоттық сезімге тәрбиелеу,отансүйгіштік сезімін қалыптастыру,рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Портреттер,еліміздің рәміздері,тақта,суреттер,шарлар.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер: Балалар топқа "Атамекен" әнінің әуенімен еніп, ортаға шеңбер жасап тұрады.
Бәрі бірге: Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
Тәрбиеші: Балалар,тамаша жырларыңа мың алғыс.Ал қанекей,оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық.Енді әр топқа арналған орындықтарға жайғасайық. Балалар орындарына жайғасады.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар,бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын да тапқан боласыңдар.Келістік пе?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сұрақтарды қойып отырып, "Кім шапшаң?" деген ойын ойнаймыз. Қай топ бірінші болып жауап берсе сол топ өзіне ұпай алады.
Топтарға арналған сұрақтар:
-Біздің ең жақын адамымыз кім?
-Біз мекткептен қайтқан кезде қайда барамыз?
-Біздің қаламыз қалай аталады?
-Ал, біздің президентіміздің аты кім?
-Біздің туымыздың түсі қандай?
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар! Біздің мемелекетіміздің аты-Қазақстан. Қазақстан бәріміздің туған жеріміз.Бұл елде біз тудық,өсіп жатырмыз,мектепке де барамыз.Сондықтан бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы "Туған жерімді сүйемін" деп аталады.
Сергіту сәті:
</ Тақтамен жұмыс: Суреттер бойынша.
Әнұран орындайды.
Ойын: "Кім көп біледі?"
Ойын: "Кім жылдам?"
Қорытынды