7


  • Учителю
  • На казакском языке Тәуелсіздікке тарту

На казакском языке Тәуелсіздікке тарту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тәуелсіздікке тарту



Топтың іші мерекеге арнап безендірілген. Ту, елтаңба ілінеді. Балалар қолдарына ту ұстап кіреді. «Жаса Қазақстан» әнімен кіріп, жартылай шенберде тұрады.

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, балалар! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Еліміздің көк туы желбірей берсін, еліміз аман болсын!

Жүргізуші: Балалар, біз бүгін қандай мерекені тойлайын деп отырмыз?

Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Біздің елбасымыз кім?

Біз егемен ел, тәуелсіздік мемлекет болған соң, өз рәміздеріміз бар. Рәміздеріміздің бірі-әнұран. Мерекемізді әнұраннан бастайық.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші:Балалар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы атқандай болашақ біздердің қолымызда, егер сендер білімді , ақылды болсаңдар мемлекетіміз жайнап өркендей бермек . Үш тілді жетік меңгерсек , болашақта елу елдің қатарына қосылатынымыз анық. Біздің балалар тек ана тілінде ғана емес, ағылшын тілінде орыс тілінде де тақпақтар айта алады, ендігі кезекті балалардың мерекеге арнап дайындаған тақпақтарына берейік.

Тақпақтар.



Елтаңбамыз айбарлым

Ән-ұраным жайдарлы үн.

Елжірейді ет жүрек,

Желбірейді байрағым.



Мой Казахстан любимый,

Где я родился, где я учусь

Ты Небо! Ты Земля! Ты Солнце!

Ты Звезда! Ты Родина моя!



Год бллес Казахстан

Лэнд зет ай лав

Олл дэй энд, олл найт

Год бллес Казахстан

Май хом, май суит хом



Жүргізуші: Қазір біздің балаларымыздың орындауында Отанымызға арналған «Қазақстаным Отаным » әнін тамашалаңыздар.

Балалар орындарына барып отырады.

Көрініс. Балаланың іңгәлаған дауысы естіліп, сахнаға қуанышыты жүзбен немересін қолына алып, атасы мен әжесі шығады.

Ата: О,бәйбіше немерелі болдық, құттықтаймын, кіндігі берік болсын!

Әже: Немереміз еліміздің үлкен азаматы болып өссін!

Ата: Дұрыс айтасың бәйбіше, немереміз арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, егеменді елімізге Азат деген атымен танылсын.!

Жүргізуші: Азат күн сайын емес, сағат сайын батыл, ержүрек болып өседі. Ол кең жайлауды, еркіндікті, атқа мінгенді және достарымен асық ойнағанды ұнатады. (Сахнаға атпен шауып Азат бала шығады).

Азат: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Азатпын, сендермен ойнауға келдім.

Жүргізуші: Кәне балалар, Азатпен бірге ойын ойнайық.

Ойын:

Жүргізуші: Азат жирма бес жасқа толғанда, атасы немересіне той жасамақ болды.

Ата: Азатжан, сенің туған күніне арнап, үлкен той жасаймыз. Барлық достарыңды, қонақтарынды шақыр.(Азат қоштасып, жолға шығады)

Азат: Алақай, алақай, той болады.

Қатты соққан дауылдың сыбдыры естіледі.

Ата: Мынау неткен қатты дауыл? Бұл бір суық хабардың белгісі ғой, әлдебір сұмдықтың боларын ішім сезетін сияқты.

(Қатты жел соғады, құйындатып Азатты алып, Дауыл кіреді).

Дауыл: Балаларыңды сендерге бермемін, өзіммен бірге алып кетемін, деп жел соғады.

Әжемен ата: Жібер біздің Азатымызды, ол әлі кішкентай бала ғой.

Жүргізуші: Енді не істейміз балалар, Азатты кім құтқарады? Кімнен көмек сұрасақ екен? (Музыка әуенімен Батыр кіреді).

Батыр: Сәлем бердім халқыма........

Батыр Дауылмен шайқасып, Азатты құтқарады.

Батыр: Азат, мен сені құтқардым дауылдан, енді сен барып достарына қосыл. (Батыр , Азат, Ата мен әже топтан шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, жаңа біз көрген көріністе ата мен әже немересінің атын кім деп қойды? Азат деген нені білдіреді?

Балалар: Бостандықты, еркіндікті,Тәуелсіздікті.

Жүргізуші: Онда біздің еліміздің тәуелсіздігі өркендей берсін.

Жүргізуші: Батыр, сіз біздің Азатымызды Дауылдан құтқардыңыз, сіз біздің мерекеміздің қонағы болып, балалардың өнерін тамашалаңыз. Қыздардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін тыңдайық.



Жүргізуші: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен..

Барлық бала: Нұрсұлтандай атамыз

Қазақ елін басқарған

Атамыздай боламыз,

Ел тағдырын ойлаған.



Талай жылдар аңсаған,

Еркіндікті әперді

«Туған елді, жерді сүй»-

Деп аманат етеді.



Жүргізуші: Осымен біздің тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті . Барлығыңызға бақыт тілейміз. Отанымыз гүлденіп, еліміз көркейіп өсе берсін!

Қазақстан, туған өлкем,

Жер көп пе, сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Көк туымды желбіретем.

Ән: «Қазақстаным отаным» (балалал қолдарына ту ұстап айтады)

Туымызды желбіретер болашақ ұрпағымыз аман болсын!





Назарларыңызға коп РАХМЕТ!!!

























































Б.БАЙҒОЖИНА АТЫНДАҒЫ ЯСЛИ-БАҚШАСЫ











Тәуелсіздікке тарту





</ На казакском языке Тәуелсіздікке тарту







Дайындаған: Дюсембекова А.А.





2016-2017 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал