- Учителю
- Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі «қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы да
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі «қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы да
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлім: Сурет салу.
Тақырыбы : Қазақтың ою-өрнектері.Қызғалдақ .
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі
«қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын
меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру.
Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы
дайындалған шынылы жарықтандырылған стөлдер,күй
табақтар,қортындылауға арналған ұсақ суреттер. Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:
- тыныштық сақтау, ақырын сөйлеу,
- жұмыс орнын таза ұстау;
- суретті таза, ұқыпты салу;
- шыныға салу технологиясын түсіндіру.
Балалардан қандай ою-өрнек түрлерін білетіндерін сұрайды.
Дидактикалық ойын:«Ойлан тап!»
-Ұшып бара жатқан құсқа байланысты ою қандай?
-Түйенің төліне байланысты ою қандай?
-Ағынды суға байланысты ою түрі?
Бұл ою-өрнек жайылымдар мен су көздерінен
тапшылық көрген елде пайда болған.
Өрнек судың бір тамшысын тұспалдайтын ою түрі қандай?
Қошқарға байланысты ою -өрнекті атайықшы?
Ою түрлерін атайды.
Құсқанаты.
Ботагөз.
Ирек су.
Қайнар.
Қошқармүйіз.
Оюларды салыңдар,
Ою мәнін табыңдар.
Ою-өрнек тоқыңдар.
Ою жайлы оқыңдар.
Жұмыс барысы:
Суретші ағайдың
Бояулардың әлемі,
Кемпірқосақ әдемі
әлеміне қош келіпсіңдер.
- Түстерді қайталайық.
- Түстер нешеге бөлінеді?
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып саламын,
Туып, өскен даламды.
Қызыл бояу-қызғалдақ,
Сары бояу-сарғалдақ.
Жасыл бояу-жайлауым,
Іздеп барар арманым.
- Ауылға әндетіп, саяхаттап барайық.
- Сусымалы нені көріп тұрмыз.
Қане ,балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақ.
Адамдардың бәрі қызығады,
ұстай берсең сәні бұзылады.
Ою-өрнектердің бір түрі қызғалдақпен
таныстырып,ерекшелігіне,суретті салу жолдарына тоқталады.
Балалардың өз бетінше
жұмыстарын бақылау.
Ойын: «Не жоқ?»дидактикалық ойыны.
Көзге арналған бейне көріністі тамашалап,көздерін сергітеді.
Түстерді қайталайды.
Жылы,суық түстер болып екіге бөлінеді.
Суретті салып, бояйды.
Рефлексивтік-түзетушілік
Балалар жұмысын талдау.
Істеген жұмысы жайында әңгімелейді.Суреттерді атын атай отырып,қай
ою-өрнекті білетінін айтып қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қызғалдақ ою-өрнегін сала білуге үйрету
Қалыптасқан әдет:Түр-түстер,ою-өрнек жайлы түсінігі қалыптасқан.
Істей біледі: қызғалдақ ою-өрнегінің суретін сала білді.