- Учителю
- Ас дәмді болсын! тақырыбына арналған сабақ жоспары ( мектепалды орыс сыныбы)
Ас дәмді болсын! тақырыбына арналған сабақ жоспары ( мектепалды орыс сыныбы)
Сабақ жоспары .
Пән: қазақ тілі мерзімі:05. 04.2016ж
Сынып: 0 «в»
Сабақтың тақырыбы: Ас дәмді болсын!
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Балаларға жаңа тақырып бойынша өткен сөздерді қайталау арқылы білімін пысықтау, жаңа бейтаныс сөздермен таныстыру.
Ә) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне жол ашу. Суреттер, қимыл-әрекеттер арқылы сөздерді баланың есінде қалуын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Дұрыс тамақтануға шақыру, тамақтану ережелерін түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, әліппе-дәптер, ыдыстар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) ҚР Әнұранын орындау.
в) Барлық балалар орнынан тұрып жаттығуларды жасайды: басыңды оңға бұр, солға бұр, қолыңды көтер, соз, түсір, т.б
Қызығушылықты ояту. -Балалар, біз несіз өмір сүре алмаймыз? (ауа, ата-ана, тамақ). Ал ендеше сендер қандай тамақ түрлерін білесіңдер, айтыңдаршы! (нан, бал, су, айран, сүт, май, қуырдақ, т.б.)-Жарайсыңдар, әлі ұмытпапсыңдар. Ал енді осыны толық бір сөйлем етіп айтып беріңдерші.
-Мен нан жеймін. -Жарайсың, Настя. Енді Алихан маған Я ем мед дегенді көрсетіп қазақшалап айтып берші. - Мен бал жеймін. -Жарайсң, өте керемет.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыптағы сөздерге тоқталу. Әліппе-дәптерде берілген алғашқы суретке оқушылардың назарын аудару арқылы ұсынылады. Осы суреттер бойынша тақырып туралы түсінік береді.
Тыңда қайтала (балаларға ыдыстарды көрсетемін.Олар қайталайды).
Мынау-нан. Мынау-бауырсақ. Мынау-балмұздақ. Мынау-ет. Мынау-балық.
Сергіту сәті. әНаурыз жыры» Әнін бірге қимылдармен флэшмоб түрінде айту, билеу. (Мен билеймін, оқушылар соны қайталайды, қимылдармен бірге)
Тапсырма. 18-беттегі «І» дыбысы бар сөздерді қайталау. «І» дыбысын бояу.
</
ІV. Сабақты қорытындылау. Балаларға өтілген сөздерді қайталап, бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.
V. Бағалау. Белсенділік танытып, қол көтеріп отырған оқушыларға «жұлдызша» қоямын. Ал қалған балаларға ескерту жасап, ертең дайындалып келуін айтамын.