7


  • Учителю
  • Урок Балауса тобы Жемістер жыры

Урок Балауса тобы Жемістер жыры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Жемістер жыры (өлең).

Мақсаты: Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Жемістер туралы түсініктерін дамыту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын «түсіндіру»

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жемістердің суреттері, муляж, хрестоматия.

Әдіс тәсілі. түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.



Балалардың

әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Қайырлы күн!

Қайырлы тан!.

Балалар,осындай жақсы көңіл- күйімізбен орнымызға отырайық.

Қане, балалар есімізге түсірейікші қазір жылдың қай мезгілі? Жыл мезгілі жайлы балаларға сурет бойынша әңгіме құру.

Балалар, қазір жылдың күз

мезгілі күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі. Күзде жаңбыр көп жауады. Балалардың назарын тақтадағы көрнекі суреттерге аударып, оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырады. Балалар бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз көркем әдебиет. Балалар бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналап тұрамыз.

«Күз жомарт» әнін орындайық:

Тоңазып атырап.

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ.

Саудырап түседі.

«Күз-жомарт»-дейміз біз.

Жемісін жейміз біз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бірігіп айтады. .







Балалар жауабы.

Күз.





























Балалар бірігіп қайталап айтады.

















Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістер білесіңдер?

-Ал енді, балалар, мына өлең шумағын тыңдайық.

Алма:

Қарттай қызыл алма бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр»-деймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен баубаққа көрікпін.

Қара өрік:

Қара өрік деген атым бар,

Меннен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге

Кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп,

Шаймен ішкен сусындар «Па, шіркін-ай!» деп тұрып.

Оқылған өлен шумақтарын, балаларға толығымен түсіндіріп,. Әңгімелеп беру.

Сергіту сәті:

Алма, алма, көп алма.

Қызыл жасыл көк алма.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Күз, күз мезгілі.







Алма, шие

өрік.



















































Сергіту сөзіне қимыл-қозғалыс жасайды.

Қортындылау

Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетімізден алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрап оқу іс-әрекетін аяқтайды

Балалар жауабы.



Күтілетін нәтиже: жемістер мен көкөністерді ажырата біледі.

Нені білді: Үлкендердің еңбегін бағалай білуді. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал