- Учителю
- Открытый урокШынықсаң шымыр боларсың
Открытый урокШынықсаң шымыр боларсың
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Балалардың денсаулығын нығайта отырып, ойын арқылы әртүрлі қимылды жаттығулар жасату. Екі топ балаларын достыққа, икемділікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да!
Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында №3 «Ер Төстік» балабақшасының 2 топ арасында спорттық жарыс өткелі тұр. Бүгінгі өтетін «Шынықсаң, шымыр боласың!» атты спорттық ойын-сайысымызды бастаймыз. Жарысқа қатысатындарды шақырамыз!
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз!
Сайысқа қатысатын «Арай», «Балақай» топтарын шақырамыз.
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)
Жүргізуші: Спорттық жарысты сараптап отыратын әділқазы алқасын сайлаймыз. (Әділқазы алқасын сайлау).
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Шынықсаң, шымыр боласың!
Сауығып айдай толасың,Спортты серік ете біл,
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
«Болмасаң да, ұқсап бақ»,
Жарысқа түсіп қалайда.
(Топтарды таныстыру)
1. Ойын: «Көңілді топ».
Ойын шарты: Үлкен допқа мініп, белгіленген жерге дейін секіріп барып, қайтып келу. Дұрыс әрі тез орындаған топ жеңіске жетеді.
Қажетті құрал: Үлкен доп.
2. Ойын: «Мергендер».
Ойын шарты: Кішкене қапты шеңберге лақтырып түсіру. Шеңберге қапты көп салған топ жеңіске жетеді.
Қажетті құралдар: Құм салынған кішкене қап, шеңбер.
3. Ойын: «Қаппен секіру»
Ойын шарты: Қаппен секіріп барып, межені айналып келу.
Қажетті құрал: Қап
4. Ойын: «Орнын алмастыру»
Ойын шарты: Кубикті алып кедергілер арасымен жүріп келіп, шеңберге кубикті салып, шеңдербен допты алып қайту.
Қажетті құралдар: Кубик, доптар, кегльдер.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса, сайыста,
Біреу - артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады,- демекші, сайысымыздың шарттары бойынша қорытындыны шығарып, жеңімпазды анықтап, марапаттайтын кезге жеттік. Сөз әділқазыларға беріледі.
(Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау)
№3 Ер Төстік балабақшасы
«Шынықсаң, шымыр боласың!»
Дайындаған: Умбетова.Ж
2016