7


  • Учителю
  • Туған күнің құтты болсын Маша!

Туған күнің құтты болсын Маша!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Туған күнің құтты болсын, Маша!

Ойын-сауық кеші

Мақсаты: Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнде көтеріңкі көңіл күй сыйлай білуге, жақсы тілектер тілеп, оларды айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту. Ойлау, қабылдау, қиялдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, дидактикалық ойын, билеу, ән айту, тақпақтар, ойын.

Керекті құралдар: үнтаспа, шарлар, жемістер мен көкөністер макеттері, себеттер, тәтті кәмпиттер.Балалармен амандасу.



Ойын-сауық кешіне дайындау.

-Балалар сіздер туған күн мерекесін білесіздер ме?

-Ендеше біз бүгін туған күн мерекесін тойлаймыз. Туған күн кешіне ойын-сауық өткіземіз.



Шаттық шеңберіне тұрғызамыз.



Балалар тәрбиешілермен амандасады.









Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.



Шеңберге тұрып барлығы бірге:

Туған күн бұл тамаша,

Би билейміз жараса.

Туған күнде ән салып,

Көңілденеміз шаттана.



Іздену-ұйымдастырушылық

-Балалар біз «Аю мен Маша» мультфильмін білеміз бе?

-Мультфильм кейіпкерлері кімдер?

Ендеше, балалар, бүгін Машаның туған күні екен. Маша таң атпастан біздер келеді деп күтіп отыр екен. Машаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, туған күнімен құттықтауға үйіне барайық.

Сапқа тұрып Маша отырған ормандағы ағаш күркеге барамыз.



Маша балаларды күтіп алып қонақ қылады.





Туған күнге арнап Дәулет бізге өз тақпағын айтады.

Дәулет: Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін достардың

Бірге қарсы аламыз.



Маша: Балалар мен сендердің келгендеріңе қуанып қалдым. Менің туған күніме қандай тілек тілейсіздер?!



Балалардың тілегінен соң Данияр өз тақпағын оқиды.

Данияр: Туған күнге достардың

Зор қуаныш көреміз.

Ортаға алып би билеп,

Ән де салып береміз.



Ортаға туған күн иесін шақырып, әр түрлі әуенге би билейді.

Би билеп болған соң ойын-сауық кешіне аю келеді.

Аю: Маша туған күнің құтты болсын!

Маша: Рахмет!

Аю: Мен сенің туған күніңе жемістер мен көкөністер алып келдім. Сен жемістерді жақсы көруші едің ғой. Бірақ менің жемістері мен көкөністерім араласып кетіп, жемістерді ажырата алмадым.

-Балалар Машаға сыйлық ретінде алып келген аюдың жемістерін көкөністерден ажыратып береміз бе?



Дидактикалық ойын: Жемістер мен көкөністерді екі себетке ажыратып салады.



Дидактикалық ойыннан соң Алуа өз тақпағын оқиды.

Алуа: Туған күнді тойлаймыз

Қызықты ойын ойнаймыз.

Қолдан жасап ойыншық

Досымызға сыйлаймыз.

Ойын. «Мысық пен тышқан»





Ән: «Туған күніңмен»



Маша өз қонақтарына риза болып, балаларға базарлық таратады.





Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.















Тәрбиешімен бірге Машаның үйіне қонаққа аттанады.



Балалар Машаны құттықтайды: -Маша туған күніңмен!



Дәулет тақпақ айтады.













Балалар кезекпе кезек Машаның туған күніне арнап тілектерін айтады.





Данияр тақпақ айтады.













Балалар тәрбиешімен бірге, Машаны ортаға алып би билейді.





























-Ия





Балалар ойын ойнайды.











Алуа тақпақ айтады.







Балалар Маша мен аюды шақырып ойын ойнайды.



Ән айтады





Рефлексивті коррекциялаушы

Балаларға ойын-сауық кеші бойынша сұрақтар қойылады.

-Балалар сізге Машаның туған күнін тойлаған ұнады ма?

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Менің қолымда әр түрлі эмоцияда бейнеленген суреттер

/балаларға көрсетіп, қандай көңіл-күй бейнеленгенін сұрау және бет қимылмен көрсетуін сұрау/ бар.

-Әрдайым балалар күліп жүрейік. Күліп жүрсек әдемі көрінеміз екен.

Балалар сұрақтарға жауап береді.







Әр түрлі эмоцияны айтып, көрсетіп береді.









Балалар күледі.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Туған күн мерекесі туралы білуі керек.

Болуы керек: Ойын-сауық кешіне қызығушылығы болуы керек.

Қолынан келуі керек: Балалар тілек тілеп, жақсы ойлар ойлауы керек.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал