- Учителю
- Конспекты по казахскому языку на тему Ұстаздар күні
Конспекты по казахскому языку на тему Ұстаздар күні
Ұстазым-ақылшым!
Залдың іші құттықтау сөзімен,гүлдермен безендірілген.
Жүргізуші:
Балапанды қарлығаш қып ұшырып ,
Сәбилерді тұлға қылып жараттың.
Сен бір бақсың әр жыл жеміс беретін,
Сен данасың ,сен ойшылсың,ғалымсың,
Еңбекпенен білім нәрін себетін,- иа,ұстаз білім берушімен қатар,пәк сәбилерге мейірім мен шапағатын шашып,тәрбиелеуші қарапайым тәрбиеші.
Осындай мол еңбек сіңіруші апайларымызды бүгінгі ұлық мерекелеріңізбен,құттықтаймыз!құттықтаймыз!құттықтаймыз!
Тәрбиеші ең бакытты жан.Себебі, ол таң нұрымен ілесе келген әр сәбидің мөлдіреген көздерін көрумен бақытты.Сол балақайлардың періште тілінде сөйлеген бал тілін естумен ,бүлдіршіндердің шынайы да сыңғырлаған күлкісін естумен,бір -біріне ұқсамайтын балалардың тәтті де ,ерке қылығын сезінумен бақытты.Тәрбиеші- икемсіз саусақтарға жан бітіріп,түрлі дағдыларға үйретуімен,қиялын самғатып,алғашқы білім берумен,балапандардың тәтті ұйқыға енген сәтін көрумен бақытты.
Олай болса,сіздерге осынша бақыт сыйлаған тәтті бүлдіршіндерді ортаға шақырамын.
Ән: «Қошақаным»
Орындайтын:Ақсымбат,Іңкәр,Айдын,Ақжан,Ұлықбек
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, осындай балаларды «өмір гүлі»,ал сіздерді «бағбандар» десек,артық болмас еді.Себебі бізге жер бетіндегі ең қымбат қазына - балаларға ақыл,білім,мейірім,адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
Білім мен тәрбиеге қоса өнерге баулушымыз,мұның дәлелі келесі орындаудан көрінбек.
Вальс: «Алғашқы ұстазым»
Орындаушы:Рамазан-Айзере,Бекжан-Ақжан,Темір-Жанел
Бәрі ,бәрі ,сенің ғана арқаңда,
Самайыңа ақ шаш түссе таңданба
Ол шәкірттің адам болар белгісі
Ұстаз ол да сенің ғана арқаңда - дей келе,осында отырған барлық бала өзіміз бала болғандай,өзіміз еліктегендей ,әрбір адамға еліктеп осындай болсам ғой деп алға қарай ұмтылып өседі.Олай болса,сондай балапандарымызды ортаға шақырсам.
Ойын: «Менің сүйікті апайым»
Шарты: Балалар ортаға шығып,музыка әуенімен апайларға пародия жасайды,ал ол апайды отырған балалар немесе қонақтар қай апай екенін табуы керек.Тапқаннан кейін сол апайға арнаған тақпағын,үлгі тұтатын қасиетін айтады.
Ақжан:Ең жақсы апай Ақтілекте,
Инжу апай білемін
Ибалы жақсы мінезін
Үлгі тұтып жүремін.
Балнұр:Бақшамызда бар біздің
Гаухар апай ақылшы
Ақ жол сілтеп баршаға
Түзетеді бұрысын.
Рамазан:Білуге біз құмармыз
Маза да алған шығармыз
Таза сәби жүректен Гүлнұр апай
Қабылдаңыз мың алғыс!
Мерей: Бізге тұңғыш тақпақты,
Жалықпастан жаттатқан
Жылауық та, тентек те,
Гүлнұр апай,
Тек өзіңізге бағынған.
Айзере:Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен
Тамақты тауысып ішкізіп,
Айнұр апай
Жақсы көріп, бетімізді тістеген.
Іңкәр:Доспен тату ойнауды,
Қызыққа бір тоймауды,
Бойымызға сіңірген
Жазира апай
Таза жүріп,ойлауды.
Бекжан:Айжан апай, «ПЫСЫҚ»,- деп
Елдің бәрі мақтайды.
Таңертең бізді қабылдап
Кешке қоштасып тұрады.
Ұлықбек:Бірге ойнап, бірге куліп,
Бетімізден сүйеді.
Дәмді асты әзірлеген
Света апай өзіңізге мың алғыс.
Хормен:Талай, талай баспалдақтан аттармыз
Ата ананың үмітін де ақтармыз
Сізден алған білімді
Есімізде өмір бақи сақтармыз!
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер,әрбіріңіздің бала жүрегіндегі орындарыңыз ерекше,олай болса «Көгершін »тобының Джентелмендерін сіздерді құттықтау үшін ортаға шақырамыз!
Би: «Джентелмендер»
Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,сіздер данасыздар,сіздер тәрбиелеушісіздер,сіздер ақылшысыздар,сіздер сырлассыздар,сіздер бүлдіршіндердің екінші анасысыздар,сіздер ақ параққа өң берушісіздер,тас түнекке жарық сыйлаушысыздар,ұйықтап жатқан жүректі оятушысыздар,еліміздің болашағын болжаушысыздар,сіздер өмір гүлін өсіріп баптаушысыздар!-дей келе ашық оқу іс-әрекетімізді «Біз өмірдің гүліміз» әнімен қорытындыласақ.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
Тәрбиеші:Апайлар, келіп тамашалағандарыңызға рахмет,мерекені жақсы көңіл күймен өткізіңіздер,отбасыларыңызға амандық,еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
ЖШС «Ақтілек Бала бақшасы»
Күні:
Бекітемін:
Балабақша меңгерушісі: И.А.Адырбекова
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
«Ұстазым- ақылшым»
Тобы: «Көгершін»
Тәрбиеші: Г.А.Аяпова
2015 - 2016 оқу жылы