7


  • Учителю
  • Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік Мерекеңмен, анашым!

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік Мерекеңмен, анашым!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МЕРЕКЕҢМЕН, АНАШЫМ!



Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет-сыйын арттыру.

Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар! Бүгін біз көктем мезгілінің алғашқы мерекесі - 8 наурыз халықаралық аналар, қыздар күнімен құттықтаймыз.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

Қуаныштарыңыз құтты болсын! Түнде ұйқыларыңыз, күндіз күлкілеріңіз ұрланбасын. Тек шаттыққа кенеле беріңіздер!

1 бала:

Сырнай тартып би билер,

Тойларыңа балалар.

Бағалаймыз еңбегін,

Аман болсын аналар!

2бала:

Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін,

Ән салайық бәріміз.

3 бала:

Мерекеңмен өзіңді,

Құттықтайды балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл алшы, анашым.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты би бастаңдар.

Аналардың көңілін,

Бір көтеріп тастаңдар.

Енді әдемі қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Би: «Қарлығаш»

Жүргізуші:

Кірлен толы кір ме екен?

Оны жаяр кім екен?

Арамызда әлде бір

Жалқаулар да жүр ме екен?

Ойын: Екі бала шығып 2 кірленге салынған кірді керулі жіптің екі шетінен

қыстырғышпен жаяды. Балалар өз топтарының баласын қошеметтеп айғайлап

дем беріп отырады.

Ән: «Мама»

Ойын: «Кім жылдам?»

Екі ата -ана баласымен шығады. Екі ана шар үрлеуден, балалар шарды байлаудан жарысады.

Жүргізуші:

Бала, бала, бала деп.

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

Балалар: Ана, Ана, Ана.

Жүргізуші: Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана есімін аузына алмайтын адам

баласы жоққа тән. Аналардың қоғам өмірінде алатын орыны бөлек. Ана

перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған

бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

1 бала:

Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін анама,

Ешкім де жетпейді.

2 бала:

Жүрегінде - махаббат,

Тілегінде - мархабат.

Еркелеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс!

3 бала:

Еркелеймін, шаттанам,

Жарқын күлкің - бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.

4 бала:

Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

5 бала:

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам!

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

6 бала:

Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды.

Әбір қыз,әр балақан,

Анасына ұқсайды.

7 бала:

Ардақтап, аялап,

Мәпелеп өсірген.

Анамдай жан бар ма,

Қатемді кешірген.

8 бала:



Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

9 бала:

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

10 бала:

Ана, әже, апалар

Құтты болсын мереке.

Осы келген ортаға,

Тілейміз біз береке.

11 бала:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен!

12 бала:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.

Ән: «Жақсы көрем»

Жүргізуші:

Аналардың жарысы,

Дәл осылай басталсын.

Ойын ойнап бір сәтке,

Жастық шағын еске алсын.

Ойын: «Кім епті?»

</ Екі ана шығып дайын үрленген шарға өз баласының суретін салады.

Жүргізуші:

Мен өзіңсіз бұл дүниеде, еш қызық көре алман,

Жан болса егер ең жақының кім болады деп сұраған,

Айтар едім бір минут та ойланбастан сол мезет

«Ана» деген асыл сөзді үш әріптен құралған,- деп ақын ағаларымыз

жырлағандай, келесі әнімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік, енді қазір ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,

Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?

Ержетсем де еркелегім келіп тұр,

Балалық кез қай жерлерде қалды екен.

Ән: «Тұлпарым»

Осы айтылғандай, біз аналарға мәңгілік борыштармыз. Қанша сый-сияпат

көрсетсек те, ананың берген жылуына жетпейді. Құрметті аналар, ұстаздар,

сіздерге осы көктемдей күлімдеген күн, денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Ешқашан қартаймаңыздар. Алдарыңызда тұрған бүлдіршіндеріңіз қуанта

берсін.

Сіздерді тағы да 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Осымен біздің мерекелік бағдарламамыз аяқталды.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал