7


  • Учителю
  • Алтын күз мерекесіне арналған Күз ханшайымы атты аналар мен қыздар сайысы

Алтын күз мерекесіне арналған Күз ханшайымы атты аналар мен қыздар сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Бекітемін» «Тексерілді»

Мектеп директоры: _______ Абеев С. Е. Оқу ісінің меңгерушісі:_______

Байжуманова А.С.





Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің

«Ботақан» шағын орталығы











Күз мерекесіне арналған «Күз ханшайымы» атты

бүлдіршіндер сайысы

«Қарлығаш» ортаңғы топ

«Балапан» сәбилер тобы









Тәрбиеші: Егинбаева З.А.

















Қорғалжын ауданы, Сабынды аулы - 2015 жыл

Тақырыбы: Күз мерекесіне арналған «Күз ханшайымы» атты

бүлдіршіндер сайысы





Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, күз мезгілінің ерекшеліктері туралы мәлімет беру, балалардың ойлау, киялдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын дамыту. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

(Безендірілген залға балалар кіреді, қолдарында сары, қызғылт - түрлі түсті жапырақтар.)

Тәрбиеші:

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой!

Құрметті ата -аналар, бүлдіршіндер, тәрбиешілер Күз мерекесіне арналған «Күз ханшайымы» атты бүлдіршіндер сайысына қош келдіңіздер!



Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын күз.

Сайрандаған күліп ойнап,

Келді міне - Атын күз! - бүгінгі сайыс тапсырмалары мынандай:

(үлкендің көмегімен)

  1. Таныстыру және тақырыпқа сай дайындалған киім үлгісі (м.: көйлек)(үлкендердің көмегімен)

  2. Өз өнерін көрсету ( қалауы бойынша)

  3. Жеке тапсырма (отбасын таныстыру)

  4. Үй тапсырмасы (тақырыпқа сай дайындау, ат қою, үлкендердің көмегімен таныстыру)

  5. «Дода» сұрақтар тізбегі (анасы мен қызы)

Тапсырма түсінікті болса, Әділқазылар алқасымен таныс болайық:

- Байжуманова А.С.

-Ашикова Ж.С

-Ата-ана

-ата-ана

Бағалау ең жоғарғы балл - 5.

Тәрбиеші:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз. Арман

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын күз.

Сайрандаған күліп ойнап,

Келді міне - Атын күз! Алихан



Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ақ жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.Арнұр



Қарашы, күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неткен күз еді.Ж.Ж.



Жетті желмен жапырақ

Жеміс жинау салтымыз

Жиып, теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.Асылмұрат



Сайрайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтіп. Абдрахман





1. Таныстыру және тақырыпқа сай дайындалған киім үлгісі (м.: көйлек)(үлкендердің көмегімен)

Бірінші тапсырманы орындамас бұрын, қыздарымызбен таныстырып өтейік:

  • Өнерлі де, таланты - Оралбай Сания анасымен;

  • Білікті де, білімді - Тулеутай Дария анасымен;

  • Ашықта, ақ көңіл - Бақытбек Ақниет

  • Биші де, тапқыр - Досымбекова Нұрай

  • Салмақты да, байсалды - Күзенбай Меруерт

  • Тәрбиелі де, сыпайы - Амантаева Алина

  • Өнерлі - Еркінбай Айару

  • Талантты - Төлеген Айару

  • Әдепті - Бастами Райхан

  • Көрікті - Аяпбек Іңкәр

  • Дарынды - Қартай Айсұлу

1-ші тапсырма бойынша қыздарымыз өлең жолдарымен таныстыру.

Тақпақтар балапан тобы

Ән:

Ойын:

«Көкеністерді себетке жинау»



  1. Өз өнерін көрсету ( қалауы бойынша)

Дәнге толы қызыл қырман,

Қырман басы қызыл думан.

Мөлдіретіп жүздерімді,

Келдім алтын күз болып,

Молшылық боп - береке боп.Арман

Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.К.Ж.

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.Ибраһим



Берекесін сыйлауға,

Арамызға күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.Қайсар



Күз келді мінекей

Сарғайды жапырақ

Күн нұры солғындау

Көңілсіз атырап. Б.Ансар

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан - алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады атырап.



Кыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар біледі.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей,

Жапырақтар жамырап,

Саяға барып бекінді,

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.Дәулет

Ойын : Жапырақтар жинау

  1. Жеке тапсырма (отбасын таныстыру)



Тәрбиеші:

Жемістер жүр қадамы аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып,

Бөбектерін, Бөбектеген халқым менің,

Көңілді қошеметпен қол соғайық.



Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.Ерасыл

Тал шыбығып бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.Оразхан

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар. Алихан



Көктеп ерте шырмалып,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атанып.Ж.Ансар





Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім. Мақсат

Тіл үйірген шырыным

Жемістердің бірімін

Мен маржандай шиемін

Ұнатамын күн нұрын. Ж.Ж



Мен алмұртпын, алмұртпын,

Ауызындамын бар жұрттың. К.Ж.



Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім. Ибраһим



Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін. Арман







  1. Үй тапсырмасы (тақырыпқа сай дайындау, ат қою, үлкендердің көмегімен таныстыру)



Ұлдар биі: «Күзгі еңбек»

«Шалқан» ертегісін сахналау







  1. «Дода» сұрақтар тізбегі (анасы мен қызы)

Қыздарға:

  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Қандай жыл мезгілдері бар? (Күз, қыс, көктем, жаз)

  • Қазір қай жыл мезгілі? (Күз)

  • Күз айында неше ай бар?Қандай? (3 ай: Құркүйек,Қазан,Қараша)

  • Қазір күз мезілінің қай айы? (Қараша)

  • Күз екенін қайдан білесіңдер? ( Күзде жапырақтар сары болады, күн суық, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жауын -шашын көбейіп, күзде жеміс - жидектер, көкеністер, бақша дақылдары өседі. Астық, яғни нан піседі.)

  • Күзде нелер піседі? (көкеністер мен жемістер)

  • Көкеністерге нелер жатады? (қызанақ, қияр, қызылшы т.б.)

  • Жемістерге нелер жатады? (алма, алмұрт т.б.)

  • Күзде ауа-райы қандай болады? (суық, жаңбыр жауады)

  • Неліктен «Жомарт Күз» деп атайды?

Аналарға:

  • Жүннен қандай бұйымдар жасалады?

  • Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіз?

  • Қандай ұлттық тағамдарды білесіз?

  • Бесік жырын айтып беріңіз?

  • Көкеністерден қандай тағам жасауға болады?

  • Көкеністерден қызыңызға қандай тағам жасап бересіз?

  • Күз мезгілінде байланысты қандай әшекей бұйымдарды атап айтар едіңіз?

  • Күз мезгілінің киім үлгісін қалай ажыратамыз?











Би «Жапырақтар» биі



Тәрбиеші:

Әділ-қазы береді

Өздеріңе билікті

Өнерде кім жеңеді

Алады сол сыйлықты - дегендей сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.



Тәрбиеші: күз бері кел де, мерекелі - ай. Күзде дастарханымыз жеміс - жидектер мен асқа толы. Күз еңбек айы күздің бізге берері мол.

Құрметті қонақтар, Күз мерекесіне арналған «Күз ханшайымы» атты сайсымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал