7


  • Учителю
  • Тақырыптық сабақ Құстар – біздің досымыз!

Тақырыптық сабақ Құстар – біздің досымыз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты. Балаларға құстар туралы, оның адамға пайдасы туралы түсінік беру. Құстардың сыртқы түрі және немен қоректенеді жөніндегі білімдерін нақтылау. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету, байқағыштық, танымдық, қабілеттерін. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Ізденпаздыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Құстарға қамқорлық жасауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: ұжымдық, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын ашық айту.

Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті,

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезені.

Шаттық шеңбері.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымызбен, жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз. Осы шеңберде бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлайық.

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен тілейік.

Күлкі-көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!

-жарайсындар балалар!

-топты үшке бөлу.

І-топ. Бұлбұл

ІІ-топ. Аққу

ІІІ-топ. Торғай

Сабақтың бағдарламасы:

1.Өздерің таныстыру

2. Ой ашар

3. Жұмбақ шеш

4. Бой сергіту

5. Ойлан тап.

Жаңа сабақ:

Қазақстан жерінде құстарды 489-дай түрі мекендейді. Олар далалы, шөлді, орманды, таулы алқаптарды мекендейді. Ең ғажабы, осы құстардың 150 астам түрінің тіршілік әрекеті орман мен ағашты алқаппен тікелей байланысты. Олар жеміс ағаштарынның зиянкестерін жойып орман шаруашылығына пайда келтіреді. Біздің бүгінгі сабағымыз осы адамзаттын досы құстар жәйлі болмақ. Ал олай болса балалар үш топ өздерін таныстырады.

1.Өздерің таныстыру.

І-топ. Бұлбұл

Бір топта оқимыз

Достық сөзі әрқашан жақын бізге

Біз дайынбыз сайысуға достарым.

ІІ-топ. Аққу

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп

Ойламандар қорқып біздер қашар деп.

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

ІІІ-топ. Торғай

Мен торғаймын, торғаймын

Көк аспанды торлаймын

Жерде бар қызықты

Көкте тұрып барлаймын.

2. «Ой ашар»

І-топ. Бұлбұл

Артық суретті белгіле

ІІ-топ. Аққу

Артық суретті белгіле

ІІІ-топ.Торғай.

Артық суретті белгіле





3.Жұмбақ шеш

І-топ.Бұлбұл

1.Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай

(Әтеш)

2.Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды

Өсекшіге ұқсап

Құйрығы ұзын, ала

Бұл қай құс?

(Сауысқан)

ІІ-топ.Аққу.

1.Ақ сарайың талқандап

Шықты біреу талтандап.

(Балапан)

2.Тұмсығымен ояды

Ұя салып қояды

Табындаршы балалар

Ол қандай құс болады.

(Тоқылдақ)

ІІІ-топ. Торғай.

1.Әрбір таңды көк орманда атырған

Өмір бойы өзін-зөі шақырған

(Көкек)

2.Өзі сондай әдемі

Сары уыз сүйкімді

Үлпілдеген жүні бар

Жүгіреді, тоқтай, дән тереді

Анасынан таса қалмай

Шық-шық ете жүреді.

(Балапан)

Сергіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ,

Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп.

4.Бой сергіту.

Әр топ балаларына сұрақтар қойылады.

І-топ. Бұлбұл

  • Киелі құстарды ата?

  • Үй құстарын ата?

  • Қыста адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды?

ІІ-топ. Аққу.

  • Құстың мамығынан не жасайды?

  • Дала құстарын ата?

  • Құстардын ұясын бұзуға бола ма?

ІІІ-топ. Торғай.

  • Құстар қалай дыбыстайды?

  • Құстардың қандай пайдасы бар?

  • Қарға, торғайды үй құстарына жатқызуға болама?

5. «Ойлан тап»

Ойын шарты: Әр топқа құстын суреттерінің қиқымдарын береді. Балалар сол қиқымдарды құрастырып құстын суретін шығарады.

6.Қорытынды:

Құстар-біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбайық.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар













































































Құстар - біздің досымыз!

Тақырыптық сабақ





Тақырыптық сабақ Құстар – біздің досымыз!













Өткізген: Тулебаева .А.Т.





















</<br>


«Балдырған» мектеп -балабақшасы

2015ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал