7


  • Учителю
  • Другие методич .Материалы до школьного образования

Другие методич .Материалы до школьного образования

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:............................ Айы:.................................

Ұсақ -қол моторикасы

Сабақтың тақырыбы: Кірқыстырғыштар.

Сабақтың мақсаты: 1) Кірқыстырғыштардың көмегімен көмегімен түрлі бейнелер жасау ( күн, кірпі, шырша, көбелек). Түстерді ажыратып, дұрыс пайдалануға үйрету.Барлық бала бірге орындауға баулу (қол- саусақ жаттығуларын) Белсенді және енжар сөздік қорын молайту. ) Бастаған істі аяғына дейін жеткізу.

2) Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Қимыл-қозғалысын дамыту.

3) Ұжымда жұмыс істеу қасиетіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1-ші апта

І Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топтағы ұлдар,

Тату -тәтті ойнаймыз.

Жаңа сабақ:

Сендердің алдарыңда партаның үстінде не тұр ? -Кірқыстырғыш.

Дұрыс бұл затты не үшін пайдаланады ? - Кір қыстырады. Далаға киімдерді жайғанда қыстырады.

Ал қазір біз сабақта осы кірқыстырғыштардың көмегімен түрлі бейнелер жасаймыз.

-Балалар менің қолымда не бар қараңдаршы, қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

- Дөңгелек, доп, күн.

-Ендеше осы кірқыстырғыштардың көмегімен күн жасайық. Күннің шуағын жасау үшін бізге қандай түсті кірқыстырғыш керек ?

-сары.

Барлығымыз бірге мұғалімнің көмегімен дөңгелектің жиегіне сары қыстырғыштады қыстырып шығамыз.

Балалардың жұмыстарын бір -бірлеп тақтаға іліп, мадақтаймын.

2-ші апта

Көпқырлы қаламдарды бір қолдың саусақтарынан екінші қол саусақтарының әр қайсысына береді.

Қаламды мен ұстайын

Саусаққа қонақ болайын.

«Әткеншек» тақырыбындағы үгу.

Саусақтар арасында қаламдарды тербетеді.

Демалмайды қаламым

Саусақтарға қыдырып.

«От шығару» тақырыбындағы үгу.

Қаламды алақан арасында домалату.

Қаламды домалатамын

Отты мүмкін шығарармын.

  • Балалар, енді кірпіні қандай түсті қыстырғышпен жасаймыз?

  • Қоңыр.

Кірпінің бейнесі қиылған картонның арқасына қыстырғышты қыстырып, кірпі бейнесін жасап көрсетемін.

Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.

Балалардың жұмыстарын өздеріне көрсетіп, мадақтап, бағалаймын.

3-ші апта.

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топтағы ұлдар,

Тату -тәтті ойнаймыз.

-Ал, балалар, қазір қыстырғыштармен шырша жасаймыз. Шырша жасау үшін бізге қандай түсті қыстырғыш тар қажет?

-Жасыл.

Балалар жұмысы.

Балаларды мадақтап, бағалаймын.

«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.

Екі қырықаяқ Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі.

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті Екі алақанды қосады.

Құшақтасқандары соншалық Сұқсаусақтарды айқастырады.

Құшақтасқандары соншалық Ортаңғы саусақтарды айқастырады.

Алақандарды айқастырады.

Екеуін күштеп ажыраттық. Қолдарды жібереді.

4-ші апта.

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топтағы ұлдар,

Тату -тәтті ойнаймыз.

  1. Алдағыдай әдіспен қоян, аю, көбелек жасаймыз.

  2. Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Допты алып қолыма,

Қойдым оның жолына.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады,

Тау екен деп қалады.

Қорытынды: сұрақ-жауап барысында бір ай бойы жасаған балалардың жұмыстарын өздеріне көрсетіп, мадақтап, жетістіктерін айтып, мадақтаймын.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал