7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы 9-мамыр Жеңіс күні

Сабақтың тақырыбы 9-мамыр Жеңіс күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: « 9- мамыр Жеңіс күні!»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер батырлармен таныстыру. 9 - мамыр Жеңіс күні туралы түсінік қалыптастыру. Отан сүйгіштікке, ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ардагерлердің суреттері, ерлік туралы нақыл сөздер.

(музыка ойналады)

Шаттық шеңбері :

Күлімде,күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгін де,

Канат қақсын көгершін.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Қазір қайсы ай?

  • Мамыр айында қандай мерекелер бар?

  • 9- мамыр қандай мереке?

Балалар 9- мамыр Жеңіс күні! биыл бұл мерекені 71- ші рет тойлағалы отырмыз. 1941 жылы сұрапыл соғысқа миллиондаған адам аттанды. Сол сұрапыл соғыста ерліктерін көрсете біліп, мәңгілік ел есінде қалған ата - апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Қасым Қасенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бегелдинов.

Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Балалар сол майданда қаза тапқан ардагер ата - апаларымызды еске алып 1 минут үнсіздік жариялайық.

Балалар сендер Отан туралы, соғыс туралы қандай өлең тақпақтар білесіңдер?

Балалардың тақпақтары:

Отан үшін оққа төсеп,

Өр кеудесін жап- жас ғұмыр.

Қан майданды қылған төсек,

Майдангерлер бір-бір тұғыр.





Отан отқа оранғанда,

Отырама ер азамат.

Жауды жеңген күнмен келді,

Жеңіс деген ең ғажап ат.





Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.





Жаумен жалғыз алысты,

Түбінде Мәншүк Невелдің.

Бермеді қолдан намысты,

Жүректі қызы қазақтың.

Мақал - мәтелдер:

Ер есімі, ел есінде

Отан үшін отқа түс, күймейсің

Отан оттан да ыстық





Көрініс:

«Соғыстан қайтқан майдангер»

(Жеңіс музыкасы ойналады)

Қыздар биі:

«Катюша»

Балалардың орындауында:

«Ақ көгершін әні»

1) Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.





Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.





Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.





2) Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.





Тыныш, бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ

Әлемге ортақ көңілің

Қайтшы мынау қонақтан.





Ал, енді балалар өз тілектерімізді айтып ақ көгершіндерді ұшырайық.

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппарты» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны













«Бекітемін»

«Бәйтерек» балалар

бақшасының меңгерушісі:

Жунусова Қ. А.









Ұйымдастырылғын оқу іс - әрекетінің тақырыбы:

9 - мамаыр Жеңіс күні!













М.а.д «Балауса» тобы

Тәрбиешілер: Саукатова Л.М.

Жунусова А.Н.

















2015 - 2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал