7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы 8 саны (мектепалды даярлық тобы)

Сабақтың тақырыбы 8 саны (мектепалды даярлық тобы)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: Қарапайым математика

Тақырыбы: 8 саны.

Мақсаты:

1)8 санының пайда болуы, құрамы, 8 цифрымен таныстыру. 8 цифрын жаза білуге үйрету. 0 - ден 8 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.

2) Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

3)Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ)

Сабақтың көрнекілігі суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, түгендеу.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы гой.

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем делік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме!

II Мақсат қою кезңі

8 санының пайда болуы, құрамы, 8 цифрымен таныстыру.

III Жаңа сабақ

1- ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санайды.

-Бір жылда неше мезгіл бар ?

- Қазір жылдың қандай мезгілі?

- Кандай ай?

- Бүгін аптаның нешінші күні?

Жұмбақ жасыру

Бұл санға да ол үлгі

Қар адамы кәдімгі,

Қыс түссе болды аулада

Келтіріп тұрар сәніңді

Бір ғана саған тапсырма

Үшінші басты жапсырма.

Бұл қандай сан?

8 cанымен, оның цифрымен таныстыру.

Көрнекіліктерді пайдаланып, ауызша есептер құрастыру



«Кім жылдам» ойыны:

Балалар сендер маған 8- ге дейінгі сандарды тура және кері санап беріңдерші. 0,1,2,3,4,5,6,7,8 8,7,6,5,4,3,2,1,0

Суретпен жұмыс:

Әр суретте қанша зат бар екенін санату және оларды сәйкес цифрмен байланыстырту. Әр суретте артық тұрған не бар? Сызықпен қоршату.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Иіліп солға бір,

Иіліп оңға бір.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс:

8 санының жазылуын дәптерге жаздыру.

Балаларға санағыш таратып беремін. Балалар қолдарыңдағы санағышты санаңдаршы.

Cегіз деген сөз неше дыбыстан тұрады?

Қанша буын бар?

Ендеше, қолдарыңдағы санағыштан 8 санын кім құрастырып береді?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

IV Түсінгендерін тексеру кезеңі

8 саны деп айтады.

8 cанымен, оның цифрымен танысады.

Тура және кері санайды.

Суретпен жұмыс жасайды.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Дәптерлеріне жазады.

Балалар 8 деп жауап береді.

Бес дыбыстан, екі буыннан тұрады.

8 санының құрамын тапқызу.

V Бекіту кезені

Сары алмадан нешеу, қызыл алмадан нешеу?

5+3=8

2+6=8

4+4=8

Сабаққа өте жақсы белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Осылайша 8санының құрамын тауып, тапсырмаларды орындайды.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал