7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үрдісінде ата – аналармен жұмыстың ұйымдастыру жолдары.

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үрдісінде ата – аналармен жұмыстың ұйымдастыру жолдары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебі



















Баяндама

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үрдісінде ата - аналармен жұмыстың ұйымдастыру жолдары.





























Тәрбиеші: Айтимбетова Ж.Қ





















Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үрдісінде ата - аналармен жұмыстың ұйымдастыру жолдары.



Жоспар

І . Кіріспе бөлім

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

ІІ. Негізгі бөлім

1. Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігі

2. Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасау

3. Білім беру үдерісіне ата - аналармен жұмыстың түрлері

ІІІ. Қорытынды

КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы - балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Жанұя... Бала үшін отбасы - бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам - шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты - отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи моделдері» атты әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі танымал моделдер ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.

















Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы - балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Бала үшін отбасы - бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты - отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;

- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:

  • біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;

  • екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.

Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық - педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.

Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.

Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.

Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.

Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.

Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

Ата-аналармен біріккен зерттеулерде қызметтің нақты түрлері жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.

Республикамызда ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың төмендегі түрлері енгізіледі:

  • нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар);

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік (ойындық және имитациялық ойындар, сабақтар);

  • психологиялық - медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер);

  • практикалық дағдыларды жетілдіру (практикалық сабақтар, тәжірибе алмасу, үйірмелер, клубтар).

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:

  • білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;

  • әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;

  • жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.

Ата-аналармен жұмыс формалары:

Форма - (латын сөзі forma) - құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.

Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:

- көрнекі насихаттау;

- оn-line бақылау;

- отбасына қатынау;

- консультациялық пункттер;

- ата-аналар жиналысы;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ата-аналар конференциялары;

- ауызша журналдар;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

- дөңгелек үстелдер;

- клубтар ұйымдастыру;

-біріккен бос уақыттар;

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.

Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:

- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.

- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.

Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.

Бүгінгі күні зерттеу - жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар сияқты ата-аналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді шешім қабылдауға тырысады.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі - ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады.

Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.

Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі - әртүрлі конкурстарды - сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Ата-аналармен жұмыста олардың қажеттілігі бойынша жұмыстанатын әртүрлі кафедралары бар «Ата-аналар университеті» сияқты форманы да қолдануға болады:

- «Жас аналар кафедрасы» (Ана болу - менің жаңа мамандығым).

- «Тәлімгерлер кафедрасы» (Әке мен ана-алғашқы және басты ұстаздар).

- «Отбасылық дәстүрлер кафедрасы» (Аталар мен әжелер - отбасылық дәстүрлер қорғаушысы).

«Ата-аналар университетінің» жұмысы өнімді болуы үшін мектепке дейінгі ұйым ата-аналармен қызметін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруына болады: жалпы балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.

Ата-аналармен жұмыстың маңызды сәті - үй педкеңестері, лекциялар, ауызша журналдар, ашық есік күндері, әкелер, әжелер, аталар клубы, практикумдар және т.б. болуы қажет.

Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат (әрқайсысымен жеке-жеке), ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде.

Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты - педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет:

- нақты және мазмұнды болуы;

- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру;

- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;

- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.

Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі - отбасына қатынау. Басты мақсат - баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет. Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз.

Ата-аналармен дифференциалдық жұмыстың бір формасы консультациялар болып табылады. Консультациялар сұхбатқа ұқсайды. Айырмашылығы, әңгімелесу - бұл тәрбиеші мен ата-ана диалогы, ал консультация жүргізе және ата-ана сұрағына жауап бере отырып, педагог кәсіптік көмек беруге тырысады.

Ата-анамен жұмыста жеке блокноттарды да қолдануға болады. Мұнда тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді.

Педагогтың ата-анамен жұмыста көрнекілік насихаты да маңызды рөл атқарады. Мақсатқа бағытталған және жүйелі қолданылған көрнекі құралдар балабақшадағы тәрбиелеу әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен ата-аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді. Педагогикалық практикада көрнекіліктің әртүрлі түрлері қолданылады: натуралық, бейнелеушілік, сөздік-бейнелік, ақпараттық.

Ақпараттық насихаттаудың мысалы - ата-аналар бұрышы. Ата-аналар бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі:

- Ақпараттық сипаттағы материалдар (ата-аналарға арналған ереже, күн тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар)

- Балабақша мен отбасында бала тәрбиесі сұрақтарын жариялайтын материалдар.

Онда баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша ағымдағы жұмыс көрінеді. Ата-аналар балаларының бөлмесін немесе бұрышын қалай жабдықтауды көрнекі түрде көре алады, сұрақтарына жауап алып, жақын арада қандай консультациялар болатындығы туралы біле алады.

Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін

Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады.

Балабақшада бейне бақылаулар жүйесін орнату ақпараттық технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі - қазіргі уақыттың шындығы. Баспа жолдарында балалармен өрескел қарым-қатынастар, қызметкерлердің жағымсыз қылықтары жиі жарық көреді және олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық...

Мұндай жағдайда ата-аналар балаларын толық күнге педагогтарға қалдыруға сенімсіздік танытады. Қазақстандабалабақшаларға бейне бақылау камераларын орнатудың инициаторлары білім беру басқармалары болып табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш негізгі мәселе шешіледі:

• Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету - балабақшаның ішкі және сыртқы территорияларын бақылауға болады.

• Педагогтармен даулы жағдайларды шешу. Камерада сақталған жазбалар даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді.

• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті. Ата-аналар не үшін ақы төлейтіндігін білуге тиіс!

Ақпараттық параққа ата-аналарға арналған жаднамалар, ата-аналардың өздері көрнекілейтін қабырға газеті де жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала өмірінен қызықты оқиғаларды белгілейді, бала тәрбиесі туралы тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам», «Менің әкем», «Мен үйдемін» және т.б.

Ақпараттық жылжымалы - мұқаба тақырыптық қағида бойынша формаланған: «Біздің балалар ауырмасын», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» және т.б. Мұқаба ата-анаға уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналар жылжымалы-мұқаба мазмұнымен танысады, олармен әңгіме жүргізу, сұрақтарына жауап беру, ұсыныстарын тыңдауы қажет.

Бала тұлғасының дамуы мен тәрбиесінде ата-аналармен жұмыстың тиімділігін қалай анықтауға болады?

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі төмендегілер куәлік етеді:

- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;

- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар;

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;

- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;

- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы, тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың ойлануы;

- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.























ҚОРЫТЫНДЫ



Бұл ата-ана және мектепке дейінгі ұйым немесе ата-ана мен мемлекет арасындағы экономикалық мәселенің шешілуі, немесе мекемеде баланың болу ұзақтығының шешімі болуы мүмкін. Ұлттық өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы). Біздің жасаған қорытындымыз бойынша, қазақстандық балалардың ата-аналары мен еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді.

Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.

Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар модельдерін қысқаша талдау әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады. Сонымен қатар, жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін шетелдік тәжірибе тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады.





















































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. ҚР «Білім туралы»Заңы (27 шілде 2007 жыл)

  2. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 20.08.2013

  3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен

жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. - 144 б. - («МДҰ басқару» журналына қосымша).

4. Зверева О.Л. МДҰ ата-аналар жиналысы: әдістемелік құрал /О.Л. Зверева, Т.В. Кротова. - М.: Айрис - пресс, 2006. - 128 б. - (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту)

5. Балабақша және отбасы/ Т.А. Маркова, М.В. Загик, В.М. Иванова және т.б. 1981 ж.

6. Агавелян М.Г., Данилова Е.Ю., Чечулина О.Г. МДҰ педагогтардың ата-аналармен өзара қарым - қатынасы - М.: ТЦ Сфера, 2009.

7. Скоролупова О.А. МДҰ тәрбие - білім беру үрдісін тақырыптық жоспарлау. I бөлім - М.: ООО «Скрипторий 2003» баспасы, 2008.

8. Скоролупова О.А. МДҰ тәрбие - білім беру үрдісін тақырыптық жоспарлау. II бөлім - М.: ООО Издательство «Скрипторий 2003», 2008.

9. Отбасы мен балабақша жағдайында балаларды ерте жастан тәрбиелеу. Мақала мен құжаттар жинағы / Т.И. Оверчук ред. Құрастырғандар: Р.А. Горб, И.М. Исаченкова. - СПб.: «БАЛАЛЫҚ-ПРЕСС», 2004.

10. Доронова, Т.Н. Мектепке дейінгі мекеме және отбасы - бірыңғай дамыту кеңістігі: мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулық / Т.Н. Доронова, Е.В. Соловьева, А.Е. Жичкина, С.И. Мусиенко. - М.: ЛИНКА - ПРЕСС, 2001



































12





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал