7


  • Учителю
  • Кеңес Балаларға ағылшын тілін үйретуде деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын қолдану

Кеңес Балаларға ағылшын тілін үйретуде деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын қолдану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік

тіл мемлекет құрушы ұлттық тіл, қазақ тілі барлық Қазақстандықты біріктіріп,

жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді, ал орыс тілін

білуі ұлы байлық. ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі

болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз». Н.Ә.Назарбаев



Балаларға ағылшын тілін үйретуде

деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын қолдану;

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бала тәрбиесіне, оларды ғаламдық өзгерістерге дайын етіп өсірудің қаншалықты маңызды екеніне біздің назарымызды үнемі аударып келеді.

Бүгінгі күні үштұғырлы тіл саясаты - еліміздің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей, әрі жаза білетін адам өз елінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Бүгін біз мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жетілдіру, көптілді ортаны құру үшін балалардың сөйлеу тілін дамытуда мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновациялық технологиялар мен жаңа әдістемелерді енгізудеміз.

Қай заманда да бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өздерінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Сол себепті біз баланы өзге мемлекеттің өкілдерімен тең дәрежеде қарым - қатынас жасауға дайын етіп тәрбиелеуді алдымызға мақсат етіп қоюдамыз. Ол үшін балалардың қабілеттерін дамытып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін білуге үйретуіміз керек.

Арнайы зерттеулердің қорытындысы мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең және шет тілін үйрету балалар дамуын ынталандыратынын дәлелдеп отыр, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. Қай заманда, қандай реформа болсын білім беру мекемелерінің басты тұлғасы - педагог. Мемлекеттік білім саясаты да осы педагог арқылы жүзеге аспақ. Ал, бүгінгі таңда балабақшаның, мектептің, педагогтың қасиетті міндеті - рухани бай, жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Бойымызда бар білімді балаға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді. Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - бала. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс - әрекетті жоспарлап, әрі қарай баланың таным белсенділігін арттыруды мақсат етуіміз қажет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткішіне интеллектуалдық, эмоционалдық, әрекетке баланың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін оқу іс - әрекеті мазмұнының түрлерін, оқытудың тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап оқу үрдісін жандандыруға өз үлесін қосып келеді. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының ең басты мақсаты - балаларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Оқыту мен тәрбиелеу де ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, педагогтардың біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу. Еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді. Осыған орай білім берудегі бірізділіктен бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда балалардың топтық ерекшелігімен қоса, жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру - бүгінде өзекті мәселе.

Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол әр педагогтың жетекшілігімен жүзеге асады. Саралап оқытудың жүйелік негізін А.Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубейнштейн т.б. ғалымдар жасаған. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы дегеніміз баланың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке даму жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту берілетін білімнің азаюы арқылы емес, балаларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту әр балаға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Саралап оқытудың ең басты шарты - балаларды үш топқа бөлу. Балаларды топқа бөлгенде олардың қабілеті ескеріліп, қабілеті жоғары, орташа, төмен деп бөлуге болады. Топта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан, сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы. Бірінші топқа қабілетті, өз бетімен ойлай алатын белсенділігі жоғары балаларды топтастыру. Орташа қабілетті балалар екінші топты құрайды. Білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз, өз - өзіне көп сене бермейтін, педагогтың белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін балалар. Мұнда алдыға қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу. Үшінші топқа қабылдауы төмен балалар жатқызылады. Олар тұрақты назарда ұстауды, білім, білік дағдыларын қалыптастыруда педагогтың көп күш жігерін жұмсауын қажет ететін балалар. Мұндай әр түрлі деңгейдегі балалар туралы ешқандай тізім жасалмауы тиіс. Тек сондай топтардың ұйымдастырылған оқй іс әрекетін жоспарлағанда, тапсырма бергенде деңгейлері ескерілуі керек. Бағалау бөлімі де үш деңгейлі психлологиялық заңдылыққа сүйенеді, түсіну, меңгеру, қолдану деңгейі деп бағаланады.

Ж. Қараевтың оқытудың «Үш өлшемдік әдісі» деген еңбегінде үш өлшемдік әдіс деген деңгейлеп, саралап оқыту. Балаларды бір бағдарлама, бір оқулық бойынша оқыта отырып, материалды әр түрлі деңгейде игере алуы деңгейдік саралау деп аталады. Деңгейлік тапсырма дегеніміз, балаға шамадан тыс көп тапсырма емес, керісінше бала біліміне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған тапсырмалар арқылы дамыту. Нәтижесінде, бала іс - әрекетті түсінеді, ойлайды, алған білімді қолданып, жаңа білім алуға әрекеттенеді. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы нәтижелі болуы үшін:

- жеке тұлға ерекшеліктеріне;

- психологиялық даму ерекшеліктеріне;

- пән бойынша білімді игеру ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан - жақты дамуына бағытталған. Бұл технологияда баланың жан - жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырға қарай деген қағиданы қолданып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуна ықпал етіледі. Осы әдістің элементтерін даярлық топтары мен ересек топтарға біртін - біртін қолданудамын. Топтағы балалардың деңгейлері әр түрлі болғандықтан, тапсырмаларды іріктеп беру арқылы тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады. Дайындық топтарындағы қабылдау деңгейі төмен балаларға тақырыпқа сәйкес ересек және ортаңғы жастағыларға арналған тапсырмаларды беріп, алға қарай ұмтылысқа ынталандырып отыру керек. Сонымен, қорыта айтқанда, деңгейлеп - саралап оқытудың ерекшеліктері: таланттылар өз қабілеттері мен икемділігін одан әрі бекіте түседі. Баланы ынталандыруға үйретеді. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

Шетел тілін оқытудың ұтымды әдістерін қолдану нақ бір ғана технологияны бастан аяқ қолдану деп түсінген дұрыс емес. Әр технологияны немесе сол технологияның элементтерін қолдану нәтижеге жеткізеді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал