7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ' 1-4 класс

Тәрбие сағаты: 'Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ' 1-4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»


Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу. өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.

Сайыстың барысы:

І.Кіріспе бөлім

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер. Оқушыларға мақал-мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттерге адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал -мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер.

-Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырайын. Ортаға үш топ шығады, «Тұлпар», «Сұңқар», «Қыран». Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.

І тур. "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу

ІІ тур. «Кім жүйрік ?»тапсырмаларды орындау

ІІІ-тур."Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.

ІҮтур. «Намыс-Дода» бөлімі топ басшылар жарысы

Ү тур. Көрермендер көрімдігі.

Әділқазы алқалары:


1.Тәрбие ісі меңгерушісі Төлемісов Берік Қаршығаұлы

2. «Мұрагер» ОҒҚ мүшесі 11 кл. оқушысы Сарина Айжанат

3.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байжанова Айгүл Жайлыбайқызы

ІІ.Негізгі бөлім

1 тур

"Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу

1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)

4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Көп жасаған білмейді....../көп көрген біледі/

6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)

7. Жері байдың... (елі бай)

8. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/

9.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/

10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/


1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала - арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)

4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)

7. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)

8.Саналы адам сағыңды сындырмас... /жаман адам жағыңды тындырмас/

9.Бейнетің қатты болса.... /Татқаның тәтті болады/

10. Еңбек етпесең, елге өкпелеме...../Егін екпесең жерге өкпелеме/

1. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
2. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
3. Мың малын болғанша,... (бір балаң ғалым болсын /

4. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)

5. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)

6. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)

7. Ердің атын... (еңбек шығарады)

8. Малы жоқ деп ерден түңілме...../Шөбі жоқ деп жерден түңілме/

9. Ер жігіт ел үшін туады,...../елі үшін өледі/

10. Білім қымбат......../Білу қиын/


ІІ тур

«Кім жүйрік ?» 10,20,30,40 сандарына қарай әр тақырыпқа 5-10 мақал айту,


10 ұпай Ұстаз туралы мақал айту:

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Шәкіртсіз-ұстаз тұл.


20 ұпай. Тіл туралы мақал айту:

«Өнер алды - қызыл тіл!

«Бас кеспек болсаң да, тіл кеспек жоқ»

«Басқа пәле тілден»

«Бал тамған тілден - у тамар»

Тіл жоқ жерде, ұлт та жоқ.

30 ұпай Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:

«Жақсы бала - сүйеніш, жаман бала - күйініш»

«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Жақсылық пен жамандық егіз

Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

40 ұпай Мал туралы мақал айту:

Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.

Нар жолында жүк қалмас

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір

Ер қанаты - ат

Сиырдың сүті - тілінде

10 ұпай:Табиғат туралы мақал айту:

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

Не ексең, соны орасың.

Бір тал кессең, он тал ек.

20ұпай Оқу-білім, өнер туралы мақал айту:

Оқу-инемен құдық қазғандай.

Оқусыз- білім жоқ, білімсіз - күнің жоқ.

Ел іші-өнер кеніші.

Өнерлі өрге жүзер.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

30 ұпай Ерлік, батырлық туралы мақал айту:

Батыр майданда шынығады.

Жаңбыр жауса жер ырысы, батыр туса ел ырысы.

40ұпай Ата-ана, отбасы туралы мақал айту:

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап ұл өсер.

Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.


ІІІ тур "Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.

І топқа сұрақ

Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)

. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)

Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді /Ұстаз-учитель-teacher /

Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр / тіс - зубы - tooth /

ІІ топқа сұрақ
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/
Жұмбақтың шешуін орыс, ағылшын тіліне аудару:

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады / алма - яблоки - apple /

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді / су - вода - water /

ІІІ топқа сұрақ

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. /автобус/
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/

Сақалы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/

«Ұйқасын тап !»
1. Өзінше ноян, қорқақ ( қоян )
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жаңа (қаңбақты )

4.Алмастан тыным, шабады (құлын)

ІҮтур «Намыс-Дода»бөлімі топпен мақал айту

/асық алу алу арқылы, тақырып таңдап, сол тақырыпқа білгенінше мақал айтуы тиіс/

а/Отан, туған жер туралы ә/ Ас, тамақ туралы б/ Дос туралы мақал айту


Ү тур Көрермендер көрімдігі.

Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады,

1. Отан туралы:

«Отан үшін отқа түс, күймейсің»

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»

2. Ашу, ыза туралы:

«Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды»

«Ашу дұшпан ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос»

3. Ар - ұят намыс туралы:

«Мал үшін таласпа, ар үшін талас»

«Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дер»

4. Бала туралы:

«Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар»

«Бала тілі - бал»

5. Денсаулық туралы:

«Денсаулық - зор байлық»

«Дені саудың - жаны сау»


Жұмбақ шешу:
1. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)

2. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен жылатады (Пияз)
3. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
4. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
5. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)

Берілген тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу:

Иығынан су кетті / жолы болмау /

Тонның ішкі бауындай / тату-тәтті, дос /

Ат шаптырым жер / алыс жер /

Екі көзі төрт болды / күтіп қалу /

Тайға таңба басқандай / анық /

Таяқ тастам жер / жақын жер /

ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Тұз астың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің мәнін келтіреді»

«Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, мақал-мәтелдермен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал - мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.

Марапаттау.

Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды мараппаттайды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал