- Учителю
- Разработка на тему 'Біз мектепке барамыз!'
Разработка на тему 'Біз мектепке барамыз!'
Тақырыбы:Біз мектепке барамыз!
Ертеңгіліктің мақсаты:Мектеп алды даярлық сыныбының жыл бойы алынған білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын,тілін, ой-өрісін кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Көрнектілігі:әсем безендірілген сынып бөлмесі,гүлдер,шарлар,қанатты сөздер,әріптер,сандар,ребустар,жыл мезгілдерінің суреттері,үй,дала жануарларының суреттері.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:Құрметті ұстаздар,ата-аналар!Бүгінгі «Біз мектепке барамыз!»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім-тәрбие алып,өнер үйреніп,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып,1-сыныпқа қадам басқалы отыр.Балалардың қадамдары құтты болсын!
1-бала Ернар:Армысыздар,мұғалімдер қымбатты,
Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті.
Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
I-кезең. «Менің Отаным». Әнұран орындалады.
2-бала Асылым:Біздің өз Елтаңбамыз Ата Заңымыз,Әнұранымыз,Туымыз бар.Біз оларды қадірлеуге,қастерлеуге міндеттіміз.
3-бала Риза.Мемлекеттік Туымыздың түсі көгілдір.Ол бірлік пен ашық аспанды,тыныштықты көрсетеді.Ортасында сәуле шашқан алтын күн бейнесі тыныштық пен байлықтың белгісі. Астындағы қыран бүркіт қырағылықты,ой-арманның биіктеуін білдіреді.
4-бала Назира.Республикамыздың Елтаңбасы туралы түсінік беру.
-Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев).
- Біздің облысымыз қалай аталады?(Шығыс Қазақстан облысы).
-Ауданымыз ше?(Ұлан ауданы).
Ауылымыз ше?(Мамай батыр ауылы).
- Сонымен,Отан сөзін қалай түсінеміз?
- Отан деген - атамекен,
- Отан деген - туған жер.
Отан-ана,Отан-өлкең,
Қазақстан туған ел.(Хормен).
5-бала.Бекарыс
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан-қуат,нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан-мәңгі гүлденеді.
II кезең. «Біз өнерлі баламыз».
Тәрбиеші:
Айналайын,балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалар ойларың,
Құтты болсын тойларың!
1-бала:Тілек .Хор
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ән салайқ бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам,дәптер өшіргіш,
Кітаптармен достаса.
2-бала:Іңкәр
Баулып,баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз,апай,сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
3-бала.Анар
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз,сауық құрамыз.
Қашық та болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
4-бала.Нұрсұлтан
Есте Сізді сақтаймыз,
Еңбегіңізді ақтаймыз.
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Апай,Сізге мың алғыс! (Хормен).
5-бала.Нұрдәулет
Алтыға келді жасымыз,
Сәбиліктен астық біз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош,даярлық тобымыз.
6-бала:
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Өсті талап,талғамым,
Көп нәрсені үйрендім.
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сендей ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық тобым қош енді.
7-бала:Рахат
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер,білім үйреткен,
Өзіңізді қимаимыз.
Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Ән: «Ойыншықтар».
8-бала:Еркежан
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын.
Туған тілге таза мын,
Батаңды бер қазағым.
Мен мектепке барамын.
9-бала:Нұрдаулет
Тартылатын күйіміз,
Шарқ ұратын биіміз.
Шырқалатын әніміз
Бір болатын біріміз,
Даярлық тобы үйіміз.
10-бала:Ерназ
Айтсам егер ағынан,
Бармай қалсам сағынам.
Болады деп саябақ,
Әлпештеген аялап,
Даярлық тобы бағбан.
11-бала:Досжан
Биыл алты жастамын,
Қолға кітап жана алдым.
Әріп тани бастадым,
Жаза да мен аламын.
12-бала:Алина
Өсті міне бойымыз,
Өсті ақыл-ойымыз.
Жиналған бүгін бар қауым,
Құтты болсын тойымыз!
Алтыға толдым биыл мен,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам асыға.
13-бала:Асылым
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Таңыстырып ең алғаш,
Әріптермен,суретпен
Тәрбиеші тәтеміз.
Бізге тұңғыш тақпақты,
Жалықпастан жаттатқан,
Түсіндірген топ сынына,
Жақсымызды мақтатқан
Тәрбиеші тәтеміз.
14-бала:Ернар
Әліппені дұрыстап,
Түгел танып аламын.
Қыркүйекте гүл ұстап,
Мен мектепке барамын.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Оқтау тартыс» (ұлдар ойнайды).
Би: «Барбарики».
Ән« Жақсы көрем»
III-кезең. «Ертегілер елінде».
Тәрбиеші:Балалар,ертегі-ауыз әдебиетінің ең көне түрі.Онда өмірде сирек кездесетін немесе мүлдем кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Ертегінің түрлері көп:Хайуанаттар ертегісі,қиял-ғажаиып ертегілер,аңыз ертегілер,тұрмыс-салт ертегілері.
Ертегі қалай басталады?
Ендеше қазір «Шалқан» ертегісін сахыналай отырып берілген тапсырмаларды бірге орындайық.
-Ерте,ерте,ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті.Шал шалқан егіпті,су құйыпты,шалқан үлкен болып өсіпті.Шал шалқанды таратыпты,тартыпты жұла алмапты.Шал көмекке кемпірін шақырады.Кемпір келеді.
Кемпірдің тапсырмасы:Риза
1-ден 10-ға дейін тура және кері кері санай аласыңба? (Балалар санайды).Кемпір атадан,ата шалқаннан ұстап тартып еді,жұлынбады.
Апасы немере қызын шақырады:
-Қызым,кел бізге көмектесші!
Қыздың тапсырмасы:Еркежан
Қызы апасынан,апасы атасынан,атасы шалқаннан ұстап тартыпты,жұлынбады.Қыз көмекке күшігін шақырады.
Күшіктің тапсырмасы:Ерназ
Күшік қыздан,қыз апасынан,апасы атасынан,атасы шалқаннан ұстап тартыпты,жұла ала алмапты.Күшік мысықты көмекке шақырады.
Мысықтың тапсырмасы:Іңкәр
Мысық күшіктен,күшік қыздан,қыз апасынан,апасы атасынан,атасы шалқаннан ұстап тартыпты,жұла алмай қойыпты.Мысық тышқанды көмекке шақырады.
Тышқанның тапсырмасы:Нұрсұлтан
Тышқан мысықтан,мысық күшіктен,күшік қыздан,қыз апасынан,апасы атасынан,атасы шалқаннан ұстап тартыпты,тартыпты,жұлып алыпты.
-Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:Балалар, осы 0-сыныпта біз не үйрендік?
-Оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтып,би билеуді,үлкенді сыйлауды,Отанды,ата-ананы,достарымызды,табиғатты аялауды үйрендік.
Тәрбиеші:Бүгінгі кеш әр үйдің
той басы деп саналады,
Балалардың шаттығы
әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан да
ертеңгілік соңында
Шашу шашып баршаға тілек
айтар біздің қонақтар!
Шашу шашылып,сыйлықтар тапсырылады.
СӨЗ ҚҰТТЫҚТАУ:АТА-АНАЛАРҒА БЕРІЛЕДІ.