7


  • Учителю
  • Статья по нетрадиционному рисованю

Статья по нетрадиционному рисованю

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Менің өмірбаяным

Мен Байтенова Гүлшат Тасмағамбетқызы 14. 03. 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келдім.1993 жылы Ұзынкөл ауданының Есмырза ауылының бастауыш мектебіне бардым,1997 жылы Ұзынкөл орта мектебіне ауыстым,онда 2004 жылға дейін оқыдым. Ал 2004 жылы 11 сыныпты аяқтаған соң Қостанай педагогикалық колледжіне оқуға түстім « Балаларға 10 жасқа дейінгі білім беру» мамандығын игеріп, «Мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі,мектепке дейінгі топ,бастауыш сынып мұғалімі» деген біліктілік берілді. 2007 жылы колледжді аяқтап ,2008 жылы Қостанай инженерлік-педагогикалық университетіне түсіп 2011 жылы «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.2007 жылдан бастап еңбек етемін.

2014 жылы Әулиекөл ауданының «Ақбота» балабақшасына» әдіскер ретінде қабылданып, 2015 жылы тәрбиеші жүктемесіне өз қалауымен ауыстым.

Жалпы еңбек өтілім 8 жыл, тәрбиеші ретінде еңбек өтілім 3 жылдан асты. Санатым жоқ.

Тұрмыстамын , 1 қыз балам бар.





















































Дәстүрлі емес сурет салудың техникасы



Авторы: Байтенова Г.ТСтатья по нетрадиционному рисованю

Бейнелеу өнері - мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс -әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Менің бұл бағытта жұмыс істеуімнің міндеті тәрбиеленушілеріме тек қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істеуді меңгеруге ұғындыру.

Мен өз тобыма келгенде балалардан бейнелеу өнеріне деген қорқыныш сезімдерін байқадым.Балаларда бейнелеу іс -әрекеті кезінде қорқыныш сезім болады «Мен сурет сала алмаймын», «Мен суретті боя алмаймын», «Мен ештене жасай білмеймін» деген үрей сезімдер болады.

Ортаңғы топ балаларында бейнелеу іс-әрекеттері нашар дамыған,бұл топ балалары қылқалам,қарындаш,фломастерлерді ұстай білмеді.Осының бәрін бақылап ,мен дәстүрлі емес сурет салу техникасы бойынша балалармен жұмыс жасауды шештім. Бала үшін сурет салу - сезім, көңіл күйді берудің бірінші құралы. Балаларда бейнелеу іс-әрекеттері кезінде қорқыныш сезім емес эмоциялық көңіл-күйі пайда болуы тиіс.Олар сабақтан алған әсерлерін бейнелеумен қатар ,бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіруі тиісті.Ол бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады.

Педагог бала жұмысының нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын білдіре алады.

Дәстүрлі емес сурет салу әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия, ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолданып отырамын,балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік беремін. Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді.

Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады.

Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, белсенділікке ынталандырады.



Статья по нетрадиционному рисованюУмаждалған қағаздан мөр салу әдісі

Статья по нетрадиционному рисованюАлақанмен сурет салу әдісі

Статья по нетрадиционному рисованюСаусақпен түрту әдісі





Статья по нетрадиционному рисованюЫлғал бетте сурет салу әдісі

Статья по нетрадиционному рисованюПейзаждық монотипия әдісі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал