- Учителю
- Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Сәби тобы. «04 » «Қазан» 2016 жыл.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Кеш. Үлкен-кіші. Біреу - көп.
Мақсаты:кеш -тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру.Тәулік бөлігін ажырата білуін қалыптастыру.
Міндеттері: кеш -тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру: үлкен -кіші түсініктерін бекіту: заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру қабілеттерін пысықтау. Бір зат қайда, көп зат қайда тұратынын ажырата білуге үйрету және нәтижесін сөзбен баяндау.
Көрнекіліктер: кеш мезгілі, үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер;жұмыс дәптері, әр балаға жай қарындаштар.
Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.
Педагогтің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын.Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: қайырлы таң! дейік.
Әдібай Табылдиевтің Қайырлы таң, балалар! Тақпағынан үзінді оқу:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты,
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан - панамыз,
Аман ата - анамыз,
Қайырлы таң, балалар!
- Өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді есімізге түсірейікші.
- Сендер бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер?
Шаттық шеңберіне тұрады.
Бәрі бірге Қайырлы таң!- дейді.
Тақпақты мұқият тыңдайды.
-Күндіз туралы әңгімеледік.
-Таңертең туралы білеміз.
Ұйымдастыру-ізденістік
Бұл қай кезде болады?ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 3- оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма. Тәрбиеші балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып, әңгімелеп беру
Сұрақтармен жұмыс:
-Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік.
-Біз кешке не істейміз?
-Суреттен нені көріп тұрсындар?
-Бала не істеп жатыр?
-Бұл уақыттың қай мезгілінде болады.
Үлкен- кішкентай ойыны.
3-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма Балаларға жұмбақ жасыру.
Отқа қойсаң елпілдеп.
Быж-быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан су шығар.
-Балалар, жұмбақ не туралы?
Балалардың назарын бірнеше шәйнектің салынған суретіне аударады.
Балаларға сұрақтар қою.
-Шәйнектер бірдей ме, әлде әртүрлі ме ?
-Олар қандай ?
Тәрбиеші:
-Балалар , сол қолдарыңның үлкен саусағын бас бармақ үлкен шәйнекке, кішкентай саусақтарынды шынашақ кішкентай шәйнекке қойындар.
-Ал кеселер бірдей ме?
Енді балалардан оң қолдарының үлкен саусағын кішкентай кесеге қоюды сұрау.
Балаларға үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсыру.
Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.
Үлкен -кіші. Сергіту минуты.
Тәрбиеші балаларға жаттығу жасап көрсетеді: алдымен мен кішкентай боламын деп, отырады Содан кейін өсіп үлкен боламын деп тұрып, қолын жоғары созады.
Бір -көп дидактикалық жаттығуы.
3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.
Тәрбиеші балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атауын және қоршап сызуларын тапсырады.
Содан соң тәрбиеші балардан көп заттарды атап көрсетулерін өтінеді. Жеке жұмыс жүргізеді
Балалар өлеңді әңгімені тыңдайды.
-Кеш мезгілі туралы.
-Ұйықтауға дайындаламыз.
Суреттен көргендерін айтады.
-Ұйықтауға дайындалып жатыр.
-Кешке.
Балалар жұмбақты тыңдайды.
-Шәйнек туралы.
Балалар суретке мұқият қарайды.
-Шәйнектер әр түрлі.
-Үлкен және кішкентай шәйнектер.
-Олар да әртүрлі: үлкен кесе және кішкентай кесе.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар сызық арқылы қосады.
Қайталайды: кеш, үлкен, кішкентай.
Тізелерін бүгіп отырады. Тұрып қолдарын жоғары көтереді.
Балалар бір-бірден салынған ойыншықтарды атайды және қоршап сызады:1ат, 1 піл, 1машина.
-Доп, текше, аю көп.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?
Балалар жауап береді; кеш, күндіз.
Күтілетін нәтиже:
</ Жасайды: тәулік мезгілдерін таң, күн, кеш, заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керектігін;
Түсінеді: қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;
Қолданады: заттардың санын біреу, көп айқындау дағдысын.