- Учителю
- Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық
Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық
Сабақтың тақырыбы: А дыбысымен және әрпімен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
"Күн астындағы Күнекей қыз" ертегісі бойынша А дыбысымен және әрпімен таныстыру. "А" әрпін ауа арқылы жазып көрсету. Сөз ішіндегі дыбыстардың жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін ұғындыру. Балаларға "А" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, оны ойын-жаттығулар арқылы бекіту.
Көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, қаңбақ, қоржын, асықтар, тұмарша, ертегі кейіпкерлері.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші әуелі ертегіні оқып, мазмұнын айта бастайды. Сол кезде балалар домалап келе жатқан Қаңбақты көреді.
- О, керемет. Балалар, мынау не болды екен?
- Иә, иә, ұшарын жел біліп, қонарын сай біліп, сайран салып жүретін қаңбақтың көмегі кімге қажет болды екен? Кәне, маған әпере қойшы, көрейін. Балалар, міне ғажап, қаңбақ ішінде "хат" бар ғой. Хатты ашып оқиды. От тауының ар жағында Тасбол хандығында күн астындағы Күнекей қызды тас қапаста ұстап отыр. Жолдағы кездесетін барлық кедергілерден өткенде ғана Күнекей сұлу құтқарылады, хатты бізге "Ербатыр" жолдапты.
- Балалар, Ербатыр ағаларың көмек сұрап хат жазыпты, көмектесеміз бе?
Балалар: - Көмектесеміз.
- Ендеше "темір етік тебендей, темір таяқ теңгедей" болғанша жол жүруіміз керек.
- Сәлем, балалар, бәрекелді, бар болыңдар сендердің аяқ дыбыстарынды естіп жолдарынды тосып жүр едім.
- Балалар тыңдадыңдар ма бұл кім?
- Тыңшы ғой.
- Тыңшы аға, біз алыс сапарға шығып едік, бізге жол сілтемес пе екенсіз?
- Білем, балалар. Мен күні-түні тыңдап, сендерге жол сілтеуге жүр едім. Бірақ сендерді құралақан жібермеймін. Сендер өнерпаз боларсыңдар. Кәне, сол білімдерінді көзбен көрейін.
- Ал, балалар, Тыңшы ағаларыңа білімімізді көрсетелік. Мен сендерге бір жұмбақ айтайын, шешуін тауып көріндер.
Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне. (айна)
- Шешуін дұрыс таптындар. Қане, енді бәріміз еркін отырып, осы сөзді қайталайық.
- Ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- Дұрыс, енді осы "А" дыбысын аузымызды кеңірек ашып, қайталаймыз.
А-А-А.
- Қалай айтылады екен?
- Иә, А дыбысы дауысты дыбыс. Сондықтан оны қызыл текшемен белгілейміз.
- Ал, енді А дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріндерші?
- Алдарындағы кеспе әріптерден сөз құрай қойындар.
Тыңшы: - Бәрекелді, менің білгіштеріме көп-көп рахмет. Енді сендерге жол сілтеп жіберейін. Оң жаққа барсаңдар "Зарлы хандығына" жолығасындар. Сол жақта - "Жыландар патшасы", "Бала хандығы". Тура жүрсендер "От тауы" бар. Оның ар жағында Тасбол хандығы бар.
- Бізге қай бағытта жүру керек?
- Тура жүреміз.
- Жолда келе жатып, бір көпірге тап болды.
- Мына көпірден өту үшін, мына бір тапсырманы орындап жіберейік.
Егер А-дан бастасаң,
Үлкен ақын атамыз.
А-ны алып тастасаң,
Мол дәулетке батамыз.
Б-ны алып тастаса,
Түнде жарық шашамыз.
Абай. Бай, ай.
- Өте жақсы.
- Бұл сөзде А дыбысы қай жерлерде кездеседі?
- Өтe жақсы. Міне, көпірлерден де өттік. Жолда Мыстан кемпір кездеседі.
Мыстан кемпір: - А-ха-ха-ха, тоқтаңдар. Менің рұқсатымсыз қайда барасындар? Мен сендерді жібермеймін.
- Әже, сабыр етіңіз. Бұл балалар күн астындағы Күнекей қызды құтқаруға барады.
- Әже, бізді жіберіңізші.
- "Әже"? Не дейді мына балалар, мені "әже" дей ме? Мені осы уақытқа дейін ешкім "әже" - деп көрмеп еді (жылайды).
- Әже, жыламаңыз.
- Әжелеріңнің көңілін көтеру үшін, ән айтып, би билеп берейік (сергіту сәті).
Мыстан алғыс айтып шығарып салады. Алдарынан Ербатыр шығады.
- Біздің балалар Қаңбақ ішінен табылған хатты оқып, көмекке шыққан еді.
Ербатыр: - Жол болсын! Бәрекелді, мен де қалындығымды құтқаруға шығып едім. Осы жерден мына қоржынды тауып алып, не істерімді білмей отырмын.
Балалар қоржынды алып, тәрбиешіге береді. Қоржында үш тұмарша бар екен. Әрқайсысында тапсырма бар.
1. Тұмарша: Арықта бар,
Семізде жоқ.
Балықта бар,
Теңізде жок.
Бұл қай әріп? (А)
2. Тұмарша: Ай, ана, ат сөздеріне сөйлем құраңдар.
3. Тұмарша: Алма, сағат, айна сөздерін буынға бол. А дыбыстарын
тап.
Т: - Ал, енді А дыбысын ауада жазып көрейік. (А әрпін ауада жазу) Балалар үш тұмаршадағы тапсырмаларды орындайды. Ербатыр: - Енді, тура жүре берейік, "От тауы" да көрініп қалды. Балалар, мына кедергіден калай өтеміз? Ол үшін бүгінгі сабақты қорытындылап жіберейік.
- Қандай дыбыспен таныстық?
- А дыбысы қандай дыбыс?
Тәрбиеші: - Жарайсындар. Менің кішкентай батырларым. Міне, Тас қапасқа да аман-есен жеттік.
Осы кезде алдарынан Күнекей қыз шығады.
Күнекей қыз: - Балалар, міне сендердің батырлықтарың мен тапқырлыктарыңның арқасында мен тас қапастан босадым. Мен де бұл жерде қарап отырмай сендерге сыйлық дайындадым. Күнекей қыз балалардың мойнына тұмарша тағады. Ойлан тап, бұл қай әріп? Енді Жұмбақ жасырылады.
Күн нұрын шашқан асқардан,
Алатау алып тас қорған.
Бас қала аты - Астана.
Қай әріптен басталған? (А)
"Жаңа сөз ойла" ойыны ойнатылады, А дыбысынан басталатын сөздерді кім көп ойласа, сол жеңімпаз атанады.
12-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Т т дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау.
2. Жаңа Тт дыбысымен таныстыра отырып, сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.
3. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Дөңгелек құрып кілемге отыру
ә) әліпби қайталау
б) жұмбақ жасыру:
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/
II. Қайталау.
1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу.
а) ас - осы буынға "т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тас".
ә) өлшем құру.
2. Сергіту минуті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
3. Суретпен жұмыс:
- Ненің суреті? Не байқадыңдар?
- Тау.
- "Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Тт - дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.
а) Кеспе әріптен "т" дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти.
ә) тай, тас, тос, тон т. б.
4. Ойын: "Т" дыбысын тап.
АӘБИТШЗТНКД
5. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) Т әрпін ayада жазу.
ә) Т әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) Т әрпін жаздыру.
6. Торсықпен жұмыс.
а) "Тор-сық" буынға бөлгізу.
ә) Дыбысын тапқызу.
б) Торсықтың қасиетімен таныстыру.
7. Торғайдың суретін көрсету:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып-ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.
ә) Торғай қалай ұшады?
б) Қанатын қалай сермейді?
в) Сергіту сәтімен жалғастыру.
8. Сабақты қорыту:
Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.
9. Мадақтау, бағалау.
13-сабақ
Сабақтың тақырыбы: П п дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау кабілетін арттыру.
2. П п дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыруын қадағалау.
3. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік ойын.
Сабақтың көрнекілігі: парта, піл суреттері. кеспе әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
I. Әріп элементтерін тарату.
II. Қайталау.
1. П п әрпімен таныстыру
2. Пп дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқытқызу (хормен) -па, -пе, -пу, -по, -пы.
3. Пілдің суретін көрсете отырып, піл туралы білетіндерін әңгімелету. Піл туралы таныстыру.
4. Жұмбақ жасыру.
Қалың киімді ұнатады.
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
5. Тақпақ оқып беріп, "п" дыбысын тапқызу
Пайдалы деп.
Пияз жеп.
Парлады жас көзімнен
"Піссінші" біраз деп.
Пысылдадым төзіммен.
III. Сабақты бекіту.
1. Піл, парта суреттерін көрсетіп сипаттау, "п" дыбысын тапқызу текшеге жазу.
2. Жазу.
а) Қолды жазуға даярлау.
б) Сергіту сәті.
в) Ауада жазу.
г) Баспа және жазба түрімен таныстыру,
3. П п дыбысы - дауыссыз дыбыс.
4. Дыбыс және әріп дегеніміз не? /сұрау/
5. Дәптерге "П п" әрпін бір жолакқа тізу.
IV. Қорыту.
1. "Парта, піл" сөзін қатыстырып сөйдем құрау, буынға бөлгізу.
2. Өз ойларынан "п" дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру "Сөзойла, тез ойла" ойыны.
V. Хормен. - па - по - пу - пе
VI. Мадақтау.
14-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Н н дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, Н дыбысын дұрыс дыбыстау, Н әрпін таныту.
2. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды мейірімділікке, имандылықка тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ ырым сөздер.
Көрнекілік: Әліппе, сурет, кеспе әріптер, қима буындар: ла, ну, на, нау.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін біздің сабаққа Алдар көсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдар көсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті. Егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, жаңа әріппен танысасындар.
I тапсырма. Бұл ненің суреті? (аттың)
- Бұл сөз буынға бөліне ме?
II тапсырма. Ала сөзін буынға бөл, дыбыстық талдау жаса.
III тапсырма. Ата сөзіне дыбыстық талдау жаса.
IV. Жаңа сабақ
- Балалар, сендер Алдар көсенің тапсырмасын өте жақсы орында-дындар. Енді атамыз бізге қандай жаңа әріп алып келді екен, соны тамашалайық.
(Бір оқушы шығып, атаның қолындағы конвертті алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады).
- Балалар, біз ненің суретін көріп тұрмыз? (нанның)
-Ендеше "Нан" деп бірнеше рет қайталайық
Бірінші кандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр? (Н).
- Сонда өтетін жаңа дыбысымыз қайсы екен? (Н).
Оқулықтағы "Нан" суреті бойынша әңгіме құрастырып, нанның пайдасы айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Тыйым сөздер:
1) Нанды бір қолмен үзбе!
2) Нан уағын тастама!
Жұмбақ:
Өзі үлкен жануар,
Үстінде бір тауы бар. (Нар)
- Бірінші тұрған қандай дыбыс?
Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді. (Ине)
- Н дыбысы қай жерде тұр?
Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден "Нан", "нар" т.б. сөздер құрату.
V. Бекіту.
1. "Нан құдіреті" ертегісін магнитофоннан тыңдау.
2. Сергіту сәті. (Өлең шумағын жаттау).
Нан уағын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
3. А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінін буынға бөлінбейтінін түсіндіру.
Жұмбақ.
1) Жезге ұқсас сабағы,
Дәні -халықтамағы. (Бидай)
2) Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
VI. Қорыту.
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Қандай ертегімен таныстық? - Сонымен, балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен. Осыны өздеріңнің іні-қарындастарына да үйретулерің керек екен.
VII. Үйге тапсырма. Нанның, бидайдың суретін салып келу.
15-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың F дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақшешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.
Көрнекілік ретінде кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде кандай өзгерістер байқадыңдар?
- Ағаштардан қандай өзгерістер байқадыңдар?
- Құстар жайлы не байқадыңдар?
- Сендер көктемнің өзгерісін жақсы біледі екенсіндер. Енді көктем айларын кім атап береді?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Бүгін қай күн екенін еске түсірейік.
- Балалар, сауат ашу сабағын мынандай жұмбақ, шешуден бастайық.
Жұмбақ
Көп әріп ішінде,
- Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де.
(Ғ әрпі)
- Балалар ғ дыбысын айтып көрейік.
- Ғ қандай дыбыс ?
- Неліктен дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
- Қане кім "балға" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға балға сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады шапалақ ұру арқылы буынға ажыратады).
- Енді, Ғ дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын,
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
(Хормен. топтап айтып үйретіледі.)
Сергіту сәті: Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Сендер орындарынды қарап жүргенде мен бір жұмбақ тауып алдым.
Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та,
Қас та мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
- Екінші буын қай дыбыстан басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысынын таңбасымен танысайық. (Баспа және жазба түрі көрсетіледі).
- Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, F әрпін жазамыз.
Сергіту сәті:
Біз жаздық біз жаздық.
Қолымыз шаршады.
Ақырын демалып (қол соғамыз)
Қайтадан жазамыз.
Дәптерге жазып болған соң ойын ойнаймыз. "Ғарышқа үшу" ойыны.
Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп ескертіледі. Бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге жұмбақ жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға дағдыландырады.
Ребус шешу: Ж + аға (аға бейнесін салу)= Жаға
Шешуі: (сандық, жаға, таға)
Ойын: "Сөйлемді толықтыру"
1. Өзімнен үлкен бауырым........(аға)
2. Қыз құлағындағы әшекей...... (сырға)
3. Атам ат.........(тағалады)
"Орамал тастамақ" ойыны, ойын кезінде өтіткен әріптер бойынша басқа дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта тәрбиешіге лақтыру керек. (б, а, л, ғ, а дыбыстары айтылады.) Осы дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы жаздырады. "Балға, аға, алға".
Қорыту:
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Қандай сөздөрде F дыбысы бар екен?
16 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін арттыру.
2. Рр дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыруын қадағалау.
3. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: шар, ара cype'nepi, кесне әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі, иттің суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1- Әріп элементтерін тарату.
II. Қайталау.
1. Р р әрпімен таныстыру.
2. Р р дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқытқызу /хормен/: -pa -ре -ру -ро
3. Иттің суретін көрсете отырып, оған ат қойғызу, сипаттау, қалай дауыс шығаратынын сұрау.
Жұмбақ жасыру:
Басында өткен саннын,
Бірінші жаттап алдым.
/Бір/
5. Тақпақ оқып беріп, "р" дыбысын табу.
Ретін сен де білесің
Көліктің қайсысын таңдайсың
Автобусқа мінгесін
Айтқызбай билет алғайсың.
III. Сабақты бекіту:
1. Шар, ара суретін көрсетіп, сипаттау "р" дыбысын тапқызу, текшеге жазу.
2. Жазу.
а) Жазуға қолды даярлау.
б) Сергіту сәті "Балақан".
в) Ауада жазу.
г) Баспа және жазба түрімен таныстыру
3. Р р дыбысы - дауыссыз дыбыс
4. Дыбыс және әріп дегеніміз не? /сұрау/
5. Дәптерге "Р р" дыбысын бір жолаққа тізу.
IV. Қорыту:
1. "Шар, ара" сөзін катыстырып, сөйлем құру. /Буынға бөлгізу/
2. Өз ойларынан "р" дыбысын қатыстырып сөз құрастыру. "Тап-қышбек" ойыны.
V. Хормен: -ра -ро -ру буынын айтқызу.
VI. Мадақтау.
17-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Л л дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Л дыбысы туралы ұғым беру.
2. Окушылардың тілдерін, ойын дамыту.
3. Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік.
Көрнекілік: Суреттер, қима әріптер мен буындар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізге қонаққа "Балдырған" келіпті, ол бізге біp жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін "айтпаймын" дейді, ол әріпті табу үшін біз мынандай бір тапсырманы орындауымыз керек.
I тапсырма.
Конвертке салынған сурет.
- Мынау не? (Лақ )
- Лақ қай малдың төлі, қалай дыбыстайды? Сендердің ата-әжелерің мал баға ма?
- Сөзде неше дыбыс бар?
- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?
- Неше буын бар?
- Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу.)
- Л қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
II тапсырма.
- Суретке қарап дыбыстық талдау жаса. (Піл, телефон Суреттері көрсетіледі).
III тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы үзік сызықтарды қос.
- Балалар, енді "Балдырған" демалып сендердің білімдеріңді көрсем дейді.
Сергіту сәті.
Лақ
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ
Қала көрме құлап.
Ойын. Кім тез ойлайды?
Л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен Л дыбысы қай дыбыстан бұрын не соң тұрғанын анықтату.
IV. Қорыту.
Қима әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін құрату, осы сөздермен сөйлем құрап айтқызу. Сөйлемдердің схемасын сызып көрсету.
V. Үйге тапсырма.
Л дыбысы мен әрпі бар заттардың суретін салып келу.
18-сабақ
Сабақтың тақырыбы: У у әріп және дыбысы
Мақсаты: 1. У әрпін таныстыру, У әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету.
2. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу.
3. Достыққа, еңбекті суюге, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: кеспе әріптер, буындар, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Зейіндерін сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты пысықтау:
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Лас, лақ, бала, тал (буынға бөле отырып Л-дыбысын анықтау, кеспе әріптермен жазу).
Осы сөздермен сөйлем құрау.
III. Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақ:
- Мына суреттерден не көріп тұрмыз?
- Тау, ту, уық, науа, ау, су.
Бәрінің атауында қандай дыбыс кездеседі?
- Ендеше, бүгін біз у дыбысымен танысамыз.
- Кане, бәріміз айтайық - у
У - әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
У - әрпі қандай затқа ұқсайды?
У - әрпін ауада жазу.
Кеспе әріптермен у дыбысы бар сөздерді тақтаға жазу.
А-уа, ay, тау, на-уа.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Тордағы әріптерден сөз құрау.
У дыбысын орны□, т □ лар.
- Балалар, ендеше у дыбысына байланысты мынадай өлең жаттайық:
Уық деген немене,
Уыз жегің келе ме?
Уыс-уыс уаққа,
Ақшаны уат.
V. Сабақты қорытындылау.
"Кім жылдам" ойыны.
1) Допты біріне-бірі лақтыра отырып, у дыбысы бар сөзді айтады.
2) Көзді жұма отырып, у дыбысын кім жаза алады?
3) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттау.
4) Ермексаздан у дыбысын жасау.
VI. Оқушыны бағалау. Ауызша бағалап, сабақты аяқтау.
19 сабақ
Сабақгың тақырыбы: Ш дыбысы және әріп таңбасы
Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.
Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. "Ш" дыбысы және оның ерін таңбасымен таныстыру. Балалардың "ш" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, көрнекілік ретінде пайдаланады.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Аптаның қай күні?
Балалар біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?
- Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Балалар, кім "ш" дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді.
Мысалы:
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бегенге.
(Шана)
Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
"Ш" әрпімен танысқан соң ш дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.
- "Ш" дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан сендер ауада жазып қайталайсыңдар.
- Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық.
Отырып-ақ орнында,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егерде,
Былай ескек есейін.
- Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазамыз.
"Сөз ойла, тез ойла" ойыны.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнін ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.
Осы сөздерге сөйлем құрап әңгімелету қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.
- Ал дауыссыз дыбыстар ше?
- Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?
- Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
- Ал дауыссыз дыбыстар ше?
- Ал, біз әріптерді көреміз бе?
- Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіндер. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақтар айтамын, оны сендер шешесіңдер.
Тікен-тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
"Шырша" деген сөз қай дыбыстан басталады? "Ш" дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
Неліктен дауыссыз, қане, бәріміз айтамыз. Ал енді "ш" дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
- Қане, кім "шана" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.
"Шана" сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
Сондай-ақ әріптер бойынша "Дүкен" ойыны кезінде балаларға әріп таратылып беріледі. Олар сол әріпке байланысты затты тәрбиеші сатушыдан сатып алады. Сонынан балалар тақта алдында әріптерді тауып, текшелеп "шана", "шырша", "шар", "шие", "машина" сөздерін жазады.
- Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды?
- Қандай әріппен таныстық?
Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап пысықтаған соң қорытындылауға болады.
20-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.
3. Балалардың ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Кеспе әріптер, суреттер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: сөздік, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық?
- Қане, кім айтады, и қандай дыбыс?
- Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын. Кім жылдам шешеді екен?
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
- И әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау.
"Й" әрпі.
Бұл й-дың сөз басында,
Болмайды көп керегі.
Йог пен йодтың расында,
Алдында тек келеді.
Соңында ол айдың да,
Соңында ол тайдың да.
Тұрады ол ортада
"Айбын" менен "Айдында".
- Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз?
И қандай дыбыс?
Тіл ұстарту: И дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту. Мысалы: ой-на, ой-ла, Сай-ран, Ай-ман, ой-лан.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер біраз жүмыс жасадыңдар. Енді ребус шешіп көрейікші.
Тәрбиеші тапсырмасы бойынша үстел үстіндегі әртүрлі суреттерге қарап, тақтаға шыккан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады. Ойын: "Кім көп сөз ойлайды?"
(Жеңімпаздарды, яғни көп сөз ойлаған баланы, жалауша беру арқылы анықтау).
- Ал; балалар, қазір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, "Й" әрпінің баспа түрін жазамыз.
Балалар түгел жазып болған соң, "й" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.
Қорытынды бөлім:
- Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?
- И дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай-дын, ай-на, ай-ла, Ай-ша.
- Ойын ойнайық.
Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар зейін қойып тыңдап отырады. Егер тәрбиеші сөзі түсінікті болса, тыныш отырады, егер сөз түсініксіз, не буын құраса, бәрі қол шапалақтауы керек.
Мысалы: ай, айран, йод, ша, ту, лай, шай, aп.
Caбaққa жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту.
Үйге тапсырма: й дыбысы келетін создерге сурет салып келу.