7


Музыка. Тақырыбы: Жаңа жыл.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тараз қаласы. № 53 орта мектебі.

Мектепалды даярлық "А" сыныбының сыныптан тыс сайыс сабақ жоспары

Тәрбиешісі : Айтбаева Гульсара Шакеновна

Бiлiм бepy салаcы: шығармашылық.

Бөлімі: музыка.

Taқыpыбы: Жаңа жыл.

Мақсаты: Музыканың сипатын, көңіл күйін бере орындау.

Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Музыкаға сәйкес ырғақтық қимыл жасауға үйрету.

Көpнeкiлiктep: түрлі кейіпкерлер киімдері, маскалары, суреттер; әр кейіпкерге қажетті заттар.

Қостілділік компонент: новый год-жаңа жыл,дед Мороз-Аяз ата,ёлка - шырша.Ic-әpeкeт бөлiмдepi

Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi

Бaлaлapдың ic-әpeкeтi

Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy

Өлең тақпақтар жаттау;шырша ойыншықтарын , сыйлықтар жасау.

Би биледің жыр жырладың,

Қызығына тоймадың.

Достарыңмен ойнадың,

Жаңа жылды тойладың.

Бұл қай ай?





Сұрақтарға жауап береді.







Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy

Ән тыңдау. «Жаңа жыл».

Қ. Шілдебаев.

- Қыста қандай қүбылыстар болады?

- Қыс несімен ұнайды?

- Қыста жауын-шашынның қай түрі жауады?

- Кім қыс туралы мақал-мәтел, тақпақ біледі?

Айнала аппақ қарға малынған, түрлі шаңғы, шана, конькимен сырғанаймыз. Қыс өте көңілді ай. Бірақ жылы киім кимесек, тоңып қаламыз.

- Тыңдаған әніміз қандай көңіл күйде, көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

Ән айту. «Аяз ата». Ө. Байділдаев.

Аяз ата.

І.Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Қайырмасы:

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

- Ән бастамас бұрын бойымызды тік ұстап, әнді әдемі айту үшін дауысқа бірнеше жаттығу жасап, дауысымызды ашып алайық. Өткенде айтқан әндерімізді еске түсіріп, қайталайық.

«Жаңа жыл» әнін жетекшімен бірге орындау. Ән мазмұнына талдау жасап,

Жұмбақ жасыру.

Жаңа жылда, жылды ертіп келетін,

Аппақ сақал,қарлы тымақ

Ойынға сән беретін.

- Аязата қандай мерекеде келеді?

- Балаларға не әкеледі?

- Аязатаның түр-түсі, сақалы, киімі қандай болады? Әнді дұрыс айтуға, демді бөлмей шығаруға үйрету керек.

Араларында әнді жақсы орындаған балаларды мадақтап, ерекшелеп атап отыру керек.

Психологиялық жаттығу: Саусақтар жарысы.

Әрбір саусақтың атын үйретіп, әр саусақты қимылға келтіріп отыру қажет.

Әуенді кимыл-қозгалыс.

- «Қыс қызығы», «Аяз ата» әнінің музыкасына сәйкес қандай би билеуге болады? Келіңдер, билеп көрейік.

Ұлпақарлар биі». Қимыл жасамас бұрын ұлпақарлар қандай болатынын суреттеу. Жеңіл, аппақ, үлпілдек, т.б. Қимыл жасау кезінде өте жеңіл, аяқтың ұшымен, әсем жасауға дағдыландыру.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Көңілді аспаптар». Музыкалық аспаптарда жеңіл музыка әуенін орындап, соны балаларға қайталату.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Аяз атадан қандай сыйлық алғың келеді? Суретін салу.









Ән тыңдайды.



















Әнді айтады.













Жұмбақтың жауабын шешеді.









Сұрақтарға жауап береді.











Би қимылдарын жасайды.

Музыкалық аспаптарда жеңіл музыка әуенін орындап, соны балалар қайталайды.



Ұнатқан сыйлығының суретін салады

Қopытындылay.

Өзiн-өзi бaғaлay

Сонымен, бүгін сендермен қандай музыка тыңдадық?

Кім туралы ән үйрендік?

Ән сендерге ұнады ма?

- Балалар, бүгін өте белсенді жұмыс жасадыңдар. Ән айту кезінде бір-біріңе үйлесіп, әнді жақсы орындадыңдар.



Пысықтау сұрақтарына жауап береді.



Күтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic: мерекелер туралы.

Tүciнiгi: жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін.

Kөpceтe бiлyi: қойылған сұрақтарға тиянақты жауап бере алады.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал