- Учителю
- Занятие в старшей группе по казахскому языку Ғажайып бақшаға саяхат
Занятие в старшей группе по казахскому языку Ғажайып бақшаға саяхат
№ 2 ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 25.11.2015 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып бақпен бақшаға саяхат»
Мақсаты: «Жемістер, көкөністер» тақырыптарындағы сөздік қорларын белсендіру
Міндеттері:
Білімділік: Сабақ барысында кездесетін қазақ тіліндегі спецификалық дыбыстардың дұрыс айтылуын оқытуды жалғастыру. Дәрумен, саңырауқұлақ сөздерімен таныстыру. «Жемістер, көкөністер, азық-түлік» тақырыптарындағы сөздік қорларын бекіту.
Дамытушылық: Толық жауап алуды талап ету, балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау , есте сақтау, зейін, көру, есту, сезім қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортасын құрметтеуге, құрдастарына деген достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бақша, ағаш макеттері, жемістер мен көкөністердің муляждары, қызыл, жасыл себет, жұмсақ ойыншықтар (ит, мысық, аю, қоян), азық-түлік макеттері (бал, сүйек, балық, сәбіз муляжы), саңырауқұлақтар макеттері, үстел, төрт орындық, алгоритмдер, жеміс-көкөністердің үлестірмелі суреттері, магнитті тақта, ағаштың суреті, қағаздан қиылған сары, жасыл жапырақтар, мольберт, тәрелкедегі тұралған жемістер мен көкөністер, аспазшының киімі, интерактивтік тақта.
Билингвалдық компоненттер: дәрумен, саңырауқұлақ.
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Педагог балалармен сәлемдеседі.
Қонақтармен амандасуды ұсынады.
Педагог: балалар, бүгін балабақшамызға видео хабарлама келді.
Ғажайып бақшамен баққа саяхатқа баруды ұсынады.
Амандасады
Интерактивтік тақтадан аспазшының видео хабарламасын көреді.
Тізіліп саяхатқа аттанады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Саяхатқа шығып, жолда себетті көріп,
-Мынау не? Түсі қандай? деп сұрақ қояды
Ағаш макетінде өсіп тұрған әртүрлі жемістердің атауларын атауға ұсынады.
Себетке жемістерді салуға ұсынады.
Саяхаттарын әрі қарай жалғастырады. Жолдан жасыл себет алады.
Бақша макетіне назар аударады.
-Мынау не? Онда не өседі?, деп сұрақ қояды.
Алгоритмге назар аударады, алгоритммен жұмыс жасауға ұсынады.
Жұмбақ жасырады, саңырауқұлақ сөзімен таныстырады.
Балалардың зейіндерін саңырауқұлақтың макетіне аударады, оның астындағы жасырынған ойыншықтарды үстелдің басына отырғызуды ұсынады.
Педагог сұрайды:
-Бұл ойыншықтар не жейді?
Азық-түліктерді ойыншықтарға дәм тарттыруға ұсынады.
Педагог айтады:
-Балалар, қандай керемет иіс ! Қарандаршы, бізге қонақ келіп тұр.
Аспазшы балалармен, қонақтармен амандасады.
Аспазшы балаларға сыйлық береді, ал педагог аспазшыға екі себет береді.
Аспазшы қоштасып кетеді.
Педагог « Не жедің?» ойынын өткізеді.
Сұрақ қояды:
-Жеміспен көкөністе не көп?
-Дұрыс, дәрумен көп.
Дәрумен сөзімен таныстырады.
Жауап береді:
-Мынау себет, түсі қызыл
Жауап береді
Себетке жемістерді салып:
«Мен себетке алма т.б. салдым» деп, барлық жемістерді жинайды.
Себеттің түсін атайды
«Мынау бақша, бақшада көкөністер өседі», деп жауап береді.
Бір-бірден көкөністерді жинап, себетке салады.
Алгоритм бойынша 5-6 сөзден сөйлем құрастырады
Жұмбақтың шешімін табады
Қоян, аю, ит, мысық ойыншықтарын орындыққа отырғызады.
Жауап береді
Сүйек, бал, балық, сәбіз азықтарымен ойыншықтарды тамақтандырады.
-Қоян сәбіз жейді.
-Аю бал жейді.
-Мысық балық жейді.
-Ит сүйек жейді,- деп жауап береді.
Аспазшымен амандасады.
Аспазшымен қоштасады.
Балалар көздерін жұмып, аузына салған жеміс немесе көкөністің дәмін, атауын атайды.
Жаңа сөзбен танысып, оны қайталайды.
Рефлексивті- коррекциялаушы
Күзгі ағашқа назарларын аударады.
Екі түсті жапырақ ұсынады (қызыл, сары).
Көңіл-күйлеріне лайықты жапырақты таңдап, ағашқа іледі.
Күтілетін нәтиже:
Айтады: жемістер-көкөністер атауларын, қайда өсетінін, дәмін, түсін, көлемін т.б.
Түсінеді: жұмбақтың сөздерін, алгоритмнің құрастыру ретін.
Қолданады: бес-алты сөзден сөйлем құрастыра алады, сұраққа толық жауап береді.