- Учителю
- Мақала Алақай, жаз келді
Мақала Алақай, жаз келді
«Алақай, жаз келді!»
Жазғы сауықтыру іс-шараларына байланысты 2014 жылдың 10 маусымында «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Біржан Тоқталған «Алақай, жаз келді!» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Онда барлық шағын орталығының тәрбиеленушілері еркін тақырыпта өз суреттерін салды.
Мұндағы мақсат: Балаларды жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі. Балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыру. Балаға бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгерту. Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолдану. Балаға сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпындыру. Баланың қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелетуге үйрету.
Сөзімді қорыта келе айтайын дегенім: әлі де алда күрделі жұмыстар, жоспарлар көп. «Еркетай» шағын орталығының ұжымы өзінің ең басты мақсаты: тәрбиеленуші ұл-қыздарымызға сапалы білім, ұлағатты тәрбие беру деп ойлаймыз.
Еркетай шағын орталығының
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі: Б.Тоқталған