- Учителю
- Мақала Біз үшін бүлдіршіннің шат күлкісі қымбат .
Мақала Біз үшін бүлдіршіннің шат күлкісі қымбат .
Біз үшін бүлдіршіннің шат күлкісі қымбат .
Көктем келсе сәуір келді , сәуір келсе күлкі келді деуге болады . Неге деген сұрақтың жауабына сәуірдің алғашқы күні яғни , 1 - сәуір күлкі күні болып саналатыны белгілі . Бұл күні барлық адам көтеріңкі көңіл күй мен шаттыққа кенеліп , бір - бірімен әзілдесіп, күлкіні өмірдің ажары етіп шаттанып жүреді . Әсіресе әзілкеш адамның ерекше сезіммен күтетін қуанышты мерекесі . Осыған орай дана қазақта «Әзілің жарасса атаңмен ойна » деген сөз де бар . Дегенмен де әзілдеспес бұрын ол адамның мінезін жақсы білу қажет . Сонымен қатар бұл күн Алдар көсенің туған күні болып есептелінеді . Ал Алдар көсе осы күні жан - жағындағыларды алдап күлкіге қарық қылып жүретін болған .
Сәуірдің алғашқы күні балабақшамызда «Күлкі жанның шипасы» атты мерекелік іс - шара өтті . Бұл мерекені ұйымдастырушы музыка жетекшісі Гүлбану Арқабайқызымен Айдана Маратқызының бүлдіршіндерге арнаған әртүрлі бағдарламалары оларды шаттық сезімге бөледі . Әсіресе қонаққа Алдар көсе мен сайқымазақтың келуі балалардың езуілері жиылмай күлулеріне әсер етті . Сайқымазақтың керемет ойындарына барлық бүлдіршіндер аса қызығушылықпен қатысты . Келген қонақтарға «Балапан » , «Қызғалдақ » тобының кішкентай бишілері биден шашу шашса , «Алтын сақа» , «Ақтиін» тобының өнерпаздары «Достарым » , «Балалықтың бал әні» әндерімен мерекенің көркін қыздыра түсті . Бұл мерекеде балалардың бір - біріне нұрлана қарап ризашылықпен күлуі , олардың осындай шаттық сезімде болуы біз үшін үлкен қуаныш . Балабақшадағы әр мерекенің осындай әсерлі болатынын мақтанышпен жеткізе отырып әріптестеріме алғыс айтамын . Еліміз тыныш , аспанымыз ашық бейбіт заманда әр бала шын ниетпен қуануға, думандатып бақытқа бөленуге , жайдары күлкімен өмір сүруге лайықты .
«Ақбота » балабақшасының тәрбиешісі
Қайралапова Қарлығаш Шорманғалиқызы .