7


  • Учителю
  • Мүсіндеу пәні, тақырыбы: Кірпілер

Мүсіндеу пәні, тақырыбы: Кірпілер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақтың тақырыбы: Кірпілер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға табиғи материалдар мен ермексазды пайдаланып, кірпінің мүсінін жасауды үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: кірпінің дайын үлгісі, шырша қылқандары, ермексаз, тақтайша, таяңша, қолорамал, т.б.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, шырша қылқандары, тақтайша, таяқша, қолорамал, т.б.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагог балаларға кірпі туралы ертегі немесе әңгіме оқып беріп, оның тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінік береді. Балалардан кірпі туралы не білетіндерін сұрап, әңгімеге тарту.

Педагог балаларға кірпінің дайын жасалған үлгісін көрсете отырып, оны ермексаздан мүсіндеу төсілін көрсетеді. Балалар кірпінің жасалу жолын еске сақтап, өз беттерінше орындайды.

Қоңыр түсті ермексаздың бір кесегін жұмсартып, оның кішкене бөлігін үзіп аламыз.

Үлкен бөлігінен домалақ жасаймыз. Созу тәсілімен кірпінің тұмсығын жасаймыз.

Ермексаздың кішкентай бөлігін төртке бөліп, цилиндр төрізді пішіндер жасаймыз, бұл - кірпінің аяқтары.

Аяқтарын денесіне біріктіреміз.

Кірпінің инелерін шыршаның не қарағайдың қылқандарынан жасаймыз.

Қара түсті ермексазды домалақтап кірпінің мұрнын, көздерін жасап, оны бас бөлігіне жапсырып біріктіреміз.

Жұмыс дәптерден орындалу ретін көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру.

Балалар өз беттерінше кірпіні мүсіндеу жұмысына кіріседі. Педагог балалардың жасап жатқан жұмыстарын баңылап, қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар береді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын болған мүсіндерді қарап шығып, жақсы, дұрыс орындалған жұмыстарды үлгі ретінде балаларға көрсетіп, бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал