- Учителю
- Конспект на казахском языке Ашық сабақ Б дыбысы мен әрпі
Конспект на казахском языке Ашық сабақ Б дыбысы мен әрпі
Ашық сабақ
Пәні: Сауат ашу.
Тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: 1.Оқушыларға Бб дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау
жасату,
Бб дыбысын дұрыс дыбыстауға үйрету. Бб әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Ойын элементтерін пайдалана отырып дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
3.Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Ойын, түсіндірме, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Бб дыбысына арналған плакат, бақа, балық
суреттері,топтастыру.
Сабақтың барысы.
-
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
а) Психологиялық сәт.
Ойға толып санамыз.
Бестік болып бағамыз,
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
Бір-біріне тілек айту.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар өткен сабақта қандай дыбысты өттік?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз.
Екі қатарға тапсырма беріледі:
1-қатар «Жалғастыру ойыны» М дыбысына сөздер ойлау.
2-қатар Оқулықтағы М дыбысына берілген сөздерді оқу.
Өткен материалдар бойынша тапсырма
-Қандай әріптер өттік? Олардың нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз.
ә) Кубизм әдісі:
А,Т,О,Қ,Д,Н осы әріптерге сөз ойлап, сол сөздерге сөйлем құрау.
3. Жаңа сабақ.
-Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын,
Сол жұмбақты шешіңдер.
Қызықтырып әркімді - ақ
Суда жүзер жалпылдап
Қайыссы әріптен басталған
Сол жәндіктің атын тап. (бақа)
-
Дұрыс -
Балалар бақа сөзінің бірінші дыбысы қандай? -
Б дыбысы -
Ендеше, біздің бүгінгі сабақта өтетін дыбысымыз - Бб дыбысы. -
Қане бәріміз осы дыбысты атап айтсақ. Бб дыбысын 2-3 рет қайталап айтқызу. Оның дауыссыз екенін айта кету. -
Баспа түрі кітапта жазылады,ал жазба түрін жазамыз. Ауада жазу -
Балалар, Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы. Қалам, дала, қалпақ, айран сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
б) Сөз ойла, көп ойла
Б дыбысына байланысты сөздер ойлап оны айтқызу.
4. Сергіту сәті
Секірді бақа жаңбырдап
Аяқ қолы тырбаңдап
Суға түсті малтыды
Әдемі бір ән салды
Ква-ква, ква-ква.
в) Сурет бойынша оқушыларды сөйлету.
Алдын ала тақтаға ілінген сурет аттарын атау. Буынға бөлу.
5.Оқулықпен жұмыс.
Алдымен өзім оқулықтағы бағандағы сөздерді оқимын. Содан соң
балалармен бірігіп хормен оқу.
6.Түсінбеген сөздермен жұмыс.
Баба - үлкен кісі, ата-бабаларымыз.
Бата - ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.
7. Дәптермен жұмыс.
Ал, балалар Бб дыбысымен әрпімен таныстық, енді оны дәптерге көркем етіп жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
1,2,3 жинап бойға күш
Қолға қалам аламыз
4 пен 5-ке жазамыз.
Кеспе қағазбен жұмыс. Тиісті әріптерді қой.
на...(а,н), ма...та (қ,р).
ай...а(қ,н), ...тан (р,о).
8.Сабақты қорыту.
-
Біз нені үйрендік? Нені білдік? -
Бб дыбысы қандай дыбыс. -
Ендеше Бб дыбысына байланысты жаңылтпаш айтайық.
Біздің баспақ
Қасқа баспақ
Ақ баспақ -
Басқа баспақ.
9. Мадақтау.