7


  • Учителю
  • Реферат Жол көлік және тұрмыстық зақымданудың алдын алу

Реферат Жол көлік және тұрмыстық зақымданудың алдын алу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жол көлік және тұрмыстық зақымданудың алдын алу.

Жыл сайын Қазақстанда сәуірдің 1-нен 30-на дейін жастар мен мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік және тұрмыстық зақымдану проблемаларына көңіл аудару жөнінде айлық өткізіледі.

Зақымдану тұрғындар арасында өлімге себепті үшінші орынды және еңбекке қабілетті жас адамдардың өмірін қиып, ал ер адамдар арасында екінші орынды алып отыр.

ДДҰ бағалауы бойынша әлемде зақымдану салдарынан 3,5 млн. адам, жол-көлік оқиғасынан - 1,3 млн. адам көз жұмады.

Қазақстанда жыл сайын зақымданудан 22 мың адам көз жұмады. Әсіресе, бұл қауіп-қатерге жастар мен балалар көп ұшырайды: 100 мың балаға 3,5 мыңнан келеді.

</<font face="Times New Roman, serif">Қалалы жерлерде балалар 3 есе жиі жарақаттанады және балалар мен жеткіншектер арасында абайсызда болатын өлім себебі жол-көлік оқиғасы болып табылады.

Осы мәселенің ауқымдылығына қарай әлемнің барлық бөлігі 2010 жылдың 2 наурызынан бастап алдыңғы он жылдағы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы өзекті дағдарысты шешуге бағытталған әрекетті белсендіруге тарихи шешім қабылдады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Шешімінде 2011-2020 жылдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттер Онжылдығы жарияланды және көптеген елдер, оның ішінде біздің республикамыз да қолдады.

2010 жылдың қарашасында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша алғашқы Дүниежүзілік министрлік конференциясында» жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша Мәскеулік декларация қабылданды. ДДҰ осы Онжылдық шеңберінде өзекті рол ойнауы және барлық іс-әрекеттің жалпы үйлестірілуін қамтамасыз ету ұсынылды.

Есте сақтау қажет, жол-көлік оқиғасы мен тұрмыстық зақымданудың алдын алу үшін көптеген секторлардың, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің, білім және ішкі істердің, тұрғындардың барлығының белсенді қатыстырылып жұмылдырылуы қажет.

2011 жылдың айлығының ұраны: «Зақымданудың алдын алу біздің қолымызда. Бастаңыз!»

Мақсат: жастар мен мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік және тұрмыстық зақымдану мәселелеріне қоғамның көңілін аудару. Барлық қатысушылардың жол қозғалысы ережесін білуі мен сақтауын, жолда және тұрмыстық мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру.

Мақсатты топ: жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жастар, ата-аналар, педагогтар, медицина қызметкерлері, мектеп инспекторлары және жол полициясы қызметінің қызметкерлері, жүргізушілері.

Айлықта ұсынылатын шаралар:

Жол және тұрмыстық зақымданудың алдын алу бойынша жол полициясы қызметкерлерінің, мектеп медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналысын өткізу;

Алғашқы медициналық көмек көрсету және ЖҚЕ оқушыларды жаңа әдістер бойынша оқыту бойынша жалпы білім беретін мектеп педагогтарына арналған семинар-тренингтер өткізу;

Жүргізушілерге, жол полициясы қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар-тренингтер өткізу (парамедиктер дайындау);

Оқушылар мен жастар арасында ЖҚЕ мен зақымдану кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету жақсы білімі туралы конкурстар өткізу;

Бастауыш, орта мектеп оқушылары және студенттері арасында ЖҚЕ бойынша ең жақсы сурет немесе плакат, ең жақсы шығарма, ең жақсы шумақтар немесе өлеңдерден конкурстар өткізу;

ЮИДД отрядтары, «Қызыл, сары, жасыл», «Қауіпсіз дөңгелек» және басқа конкурстарын өткізу;

«Біз жол қауіпсіздігі үшін!», «Балаларға қауіпсіз жол!» фотокөрме жасау;

Пресс-конференциялар өткізу, ТВ және радиода мамандардың сөйлеуі, БАҚ баспаларына мақалалар жариялау;

Жол және тұрмыстық зақымданудың алдын алу бойынша 2 тілде АБМ әзірлеу және тарату;

Бейнероликтер, оқу фильмдері мен мультфильмдер прокаттау және көрсету.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал