- Учителю
 - Тәрбие сағаты Күшік пен Мысық
 
Тәрбие сағаты Күшік пен Мысық
Күні:-----
0"Ә" сыныбының сыныптан тыс жұмысы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Буындарға бөлу. Күшік пен мысық (ертегі).
Мақсаты: балаларды ертегіні рөлдерге бөліп айтуға, сөздерді буынға бөлуге үйрету; дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту; балаларды үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күшік пен мысықтың үлгі суреті, жұмыс дәптері, атрибуттар.
Сөздік жұмыс: марғау.
Билингвальды компонент: марғау - котенок, күшік - щенок.
Оқу-іс әрекетінің кезеңдері
 
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаущылық
- Балалар, бүгін бізге мысық пен күшік қонаққа келіпті. Екі қонағымызды үстел басына отырғызайық.
- Ал сендердің үйлеріңде мысық пен күшік бар ма?
- Сендер мысық пен күшіктеріңе не бересіңдер, олар қандай тамақ жейді?
 
-  
Мысықтың дауысын кім салып
 
береді?
-  
Ал сенің күшігің қандай дыбыс
 
шығарады?
 
Демонстрациялық құралмен жұмыс
Педагог күшік пен мысықтың үлгі суреттерін іліп қояды.
-  
Балалар, сендер ненің суретін
 
көріп отырсыңдар?
 
-  
Күшіктің анасын қалай
 
атаймыз?
-  
«Ит» деген сөз неше буыннан
 
тұрады?
 
-  
Балалар, дауысты дыбыс жеке
 
бір буынды құрайды.
-  
Ал мысықтың баласын «марғау»
 
деп айтамыз?
-  
«Марғау» сөзі неше буынға
 
бөлінеді?
-  
Енді осы күшік пен мысыққа ат
 
қойыңдаршы.
 
Балалар келген қонақтарға назар аударады.
 
Үйінде бар балалар айтады.
 
-  
Мен мысығыма сүт
 
беремін. Ал күшігім етті жақсы көреді.
-  
Мен өзімнің
 
мысығымның дауысын саламын. Ол «мияу-мияу», деп мияулайды.
-  
Менің күшігім
 
«әуп-әуп», деп үреді.
-  
Күшік пен
 
мысықтың суретін көріп отырмыз.
-  
Күшіктің анасын
 
«ит» деп айтамыз.
-  
«Ит» сөзі бір
 
буыннан тұрады (қолдарын шапалақтау арқылы буынға бөледі.)
 
Балалар «марғау» деп қайталайды.
«Мар-ғау» сөзі екі буынға бөлінеді.
-  
Күшікті «Ақтөс»
 
деп, ал мысықты «Мамық» деп атаймыз.
 
 
Ұйымдатырушылық - ізденістік
-  
«Ақтөс» пен «Мамық» сөздері
 
неше буыннан тұрады?
 
-  
Қазір «Күшік пен мысық»
 
ертегісін мәнерлеп оқып беремін.
 
-  
Қарны ашқан күшік тауда
 
қаңғып жүріп қасқырға кездеседі.
-  
Ей, күшік, мен сені жеймін,
 
дейді қасқыр.
-  
Қой, жеме, мені әуелі тойдыр,
 
сонан соң жейсің, - дейді күшік.
-  
Жарайды, жүр, соңымнан қалмай
 
жүре бер, - дейді қасқыр. Екеуі бір топ сиырды көреді.
-  
Күшік, менің көздерім,
 
құлақтарым, аузым, құйрығым қандай? - дейді қасқыр.
-  
Көздерің қып-қызыл, екі құлағың
 
жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың жас шыбықтай майсып тұр.
Қасқыр:
-  
Енді маған қара, - деп бір
 
бұзаудың тамағына жабысып, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.
-  
Күшік, енді сені жемеймін. Сау
 
бол! - деп кетіп қалады. Іші пысқан күшік мысыққа кездеседі.
-  
Мысық, мен сені жеймін, - дейді.
 -  
Мені тойдыр, күшік.
 -  
Жарайды, менімен бірге жүр,-
 
дейді күшік. Екеуі бір топ түйені көреді.
-  
Мысық, маған қара, құлағым
 
салпиып, тілің салақтап тұр.
Күшік:
-  
Қара маған, не қыларымды? -
 
деп түйенің тірсегіне жабыса кетеді. Түйе қақ маңдайдан бір тебеді. Күшік сол арада ұшып түседі.
 
Сонда мысық:
-  
Әй, мақтаншақ, әліңе қара, сен
 
қасқыр бола алмайсың, - дейді.
 
Педагог сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрайды.
-  
Балалар, ертегі сендерге ұнады
 
ма?
-  
Ертегі кейіпкерлерін атап
 
беріңдерші?
-  
Күшік келе жатып неге
 
жолығады?
-  
Қасқыр не дейді?
 
«Ақ-төс», «Ма-мық» сөздері екі буыннан тұрады.
 
Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды.
 
-  
Иә, ұнады.
 
 
-  
Күшік, мысық,
 
бұзау, түйе, қасқыр.
-  
Қасқырға.
 
 
-  
Сені жеймін дейді.
 
 
 
-  
Күшік не дейді?
 
 
-  
Екеуі келе жатып неге жолығады?
 -  
Қасқыр нені жейді?
 -  
Тойған қасқыр күшікке не дейді?
 
 
-  
Іші пысқан күшік неге жолығады?
 -  
Мысыққа не дейді?
 -  
Мысық не дейді?
 -  
Күшік жолда нелерді көреді?
 -  
Түйеге күшіктің шамасы келе ме?
 -  
Міне, балалар, «әлін білмеген
 
әлек» деген осыдан қалған екен.
-  
Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп
 
сахналайық.(Атрибуттарын кигізу).
 
Сергіту сәті
Керіледі мысық,
Көзін жаймен қысып.
Жүгіреді күшік,
Аула ішін кезіп.
 
Билингвальды компонент: марғау - котенок, күшік - щенок.
 
Марғау мысықтың баласы екенін түсіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тауып, олардың жүрісін сал».
Ойын шарты: ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.
 
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі №8 тапсырма бойынша орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
- «Жеме, алдымен тойдыр» - дейді.
-  
Сиырларды көреді.
 -  
Бұзауды жейді.
 
-«Кете бер, сені жемеймін»,- дейді.
-  
Мысыққа.
 -  
«Сені жеймін», - дейді.
 -  
«Мені тойдыр»,- дейді.
 -  
Түйелерді көреді.
 -  
Жоқ, шамасы келмейді.
 
 
Балалар рөлдерге бөліп сахналайды.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар қайталайды.
Ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.
Тапсырманы орындайды. 
 
Рефлексиялық-
түзетушілік
 
-  
Балалар, сендер қандай ертегіні
 
сахналадыңдар?
 
-  
Ертегідегі кейіпкерлерді
 
атаңдаршы?
«Күшік пен мысық» ертегісін.
 
-  
Қасқыр, күшік,
 
мысық, түйе, сиыр.
 
2014-2015жж
Қасқыр мен Мысық кездесуде
 
Мысық пен Күшік әңгімелесіп тұр
Балалар мысық күшік сөздерін буынға бөлуде